400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 24 материал табылды

Мақала "Рухани жаңғырту аясында"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі балаларға Үш тілді үйрету латын әлипбиіне көшу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Рухани жаңғыру аясында.

«Адамға ең бірінші білім емес,тәрбие берілуі керек.Тәрбиесіз берілген білім – адамның қас жауы,»-деп өз заманының заңғар ойлы данышпаны Әл – фараби тегін айтқан ба?!

Осыған орай ,жан болып жаралған әр адам тал бесіктен бастап тәрбие берудің басты құралы – тіліарқылы:ізгілікке,имандылыққа,

ұлтжандылыққа,отансүйгіштікке,ең бастысы ар айнасы – адалдыққа тәрбиеленеді.

Елі сүйген,елін сүйген ер мінез Елбасымыз Н.Ә Назарбаевтың сарабдал саясатымен кәзіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамып ,әлемдегі барынша дамыған елу елдің қатарынан ойып тұрып орын алып,таяу жылдарда озық отыз елдің қатарына қосылу үшін жас ұрпаққа саналы тәрбие ,сапалы білім беру міндетін біздің «Ер Төстік» балабақшасының ұжымы басшылыққа алуда.

Әлемдік білім кеңістігінде мектепке дейінгі педагогиканың мәселелерін шешуде тәрбие мен білім берудің жанаша жетілдірілген тиімді шығармашылық әдіс – тәсілдерін іздестіру ,үнемі жаңалыққа жол ашу бағыттарын қарастыруда.Мен балабақша қызметкері ретінде тәрбие мен білім беру ісінде баланың психо – физиологиялық даму дәрежесіне ,білім деңгейіне қарай ұйымдастыру ,ой ,дене еңбегіне белсенділігін арттыру ,шығармашылық қабілеттерін жетілдіру ,адамгершілік,эстетикалық талғамын қалыптастыруға ,әр баланың жан – жақты жетілеуіне баса көңіл бөлемін.

Егемен елімізде соңғы жылдары үлкенді –кішіні білім мекемелерінде үш тұғырлы тіл саясаты салтанат құрып;балабақшадан бастап мемлекеттік тіл – қазақ тілі ,ұлтаралық орыс тілі және халықаралық қатынас тілі –ағылшын тілдері бойынша ертеңгіліктер,сахналық қойылымдар мен көріністер,шағын концерттік бағдарламаларға жас тәрбиеленушілердің қызығушылықпен қатысқандарын қуанышпен құптаймын.Әр топтағы бүлдіршіндер күнделікті орыс тілі және ағылшын тілінен арнайы дәріс алумен қатар ,сүрет салу,шебер қолдар,ән,,би т.б тәлімді үйірмелерге қатысуына өз үлесімді қосамын.

Әлемде ,елімізде болып жатқан жағымды жаңалықтарға бей-жай қарамай,әріптестеріме ,ата – аналарға жақсы істердің жаршысы болуға жаным құштар.

Ел ертеңін айқындайтын үш тұғырлы тіл саясатымен қоса қазіргі таңдағы латын әліпбиіне көшу туралы халық пікірімен санасып,Елбасымыздың кезең – кезеңмен көшу туралы жарығын ұстаз – тәрбиеші ретінде қуана қостап,қолдаймын.Өйткені қазақ халқы тәуелсіздігін алған күннен бастап латын қарпіне көшу мәселесі күн тәртібінен түскен емес.Қазақ тілінің латын қарпіне көшуі-еліміздің ең бірінші ,ұлттық құндылығын арттырып ,сана –сезім,ой – өрісіміздің жаңғыруына ықпалы тиеді деп ойламын.

Н.Ә Назарбаевтың биылғы жылғы «Болашаққа бағдар :рұхани жаңғыру» атты бағалы бағдарламасы аясында латын әліпбиіне көшу саясаты – жаңа тіл үйренуімізге жол ашып, білім көкжиегін кеңейтуімізге бағдаршам болып ,ұлы дархан даламызда «Мәңгілік ел»құрудың кілті деп бағалап ,кемел келешегімізге кепілдік танытып,жақында аудандық газетте жазылған жергілікті ақын Амантай Оспановтың:

Әліпбиі латының ,

Қайнауында талқының

Әбден пісіп ,жетіліп,

Мұрасы болған халқымның-

Деген жыр жолдарымен ойымды аяқтауды жөн санаймын.

Бекбосова Айгуль Жасыбайқызы. «Ер Төстік»балабақшасы,

«Еркемай»тобының тәрбиешісі.Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
457
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі