Материалдар / Мақала Рухани жаңғыру болашаққа қадам
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала Рухани жаңғыру болашаққа қадам

Материал туралы қысқаша түсінік
Рухани жаңғыруға байланысты мақала
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қаңтар 2019
503
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Рухани жаңғыру-болашаққа батыл қадам.

Менің атым Валерия,тегім Рыбинцева ,қазір 8сыныпта оқып жүрмін.Ұлтым-орыс.Отаным-Қазақстан.Қазақстанда тұратынымды мақтан етемін!Өйткені, Қазақ елі ұлан-байтақ,тарихы терең, ержүрек, достыққа адал,бауырмал,қонақжай халық.Менің елімде көптеген ұлт өкілдері тұрады.Мемлекетіміз көп ұлтты болып саналады. Олар: орыстар, өзбектер, ұйғырлар, кәрістер, гректер т. б ұлт өкілдері қазақ халқымен тату - тәтті өмір кешуде.

Қазақстанда қазақ және орыс тілдер бір қалыпты қолданылады.Өйткені, қазақ тілі – мемлекеттік тіл, ал орыс тілі-ұлтаралық тіл. Қазақстанның әрбір азаматы мемлекеттік тілді меңгеру және білу керек.Сондықтан Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Гимн тұмардай қасиет тұтуымыз қажет.
Мен ұлтым болса да, қазақ тілін білуге тырысамын. Өйткені, ол менің болашағым. «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде», деген сөзге мен қосыламын.Осыған сәйкес,мен қазақ халқының салт-дәстүрлерін, тарихын, мәдениетін білуге тырысамын. Мен қазақ тілінен көптеген іс-шараларға қатысамын.Жақында аудандық олимпиадаға қатысып,мадақтамаға ие болдым.Сол арқылы қазақ тілін жетік меңгергім келеді.Менің ойымша, мен келешекте қазақ тілін жетік білетін азамат боламын.Менің отбасым қазақша мәтіндерді аударамыз,мемлекеттік тілде арнайы телебағдарламаларды көреміз,жыл сайын Елбасының халқына жолдауымен танысамыз,осыған сай менде
Еліміздің жаңа тарихи кезеңге аяқ бастағанына куә болдым,ол Қазақстанның Рухани жаңғыру-болашаққа басталғаны батыл қадамы.Өйткені ,Қазақ елінің көгілдір туы, желбіреген  тәуелсіздіктің ордасы. Жас Астананың өсуі — жас елдің өркениетке ұмтылысының, халық ойының жаңғыруының өзгеше белгісіне айналды,бес-төрт шамалы жыл аралығында Астанасын көтерген ел тарихта болған емес.Мен өзімнің болашағыма нық сеніммен қараймын,қазіргі Тәуелсіз Қазақстан Қазақ елі жаңа дәуірге, жаңа ғасырға өркениеті ұлы ел бойынша, егемендігін жаңғыртып тарихқа енді.Бүгінгі Менің Қазақ елім әлем қауымдастығының қатарына жеке егемен ұлт болып енді. Қазақ тәуелсіздігінің белгісіндей, жеке ұлттықтың айғағындай, Астананың басында көгілтір ту желбірейді. Осыны біліп сезіну қанаттандырады. Қысқа уақыт аралығында бой көтеріп, көркейген, тәуелсіздіктің түлегі, ел жүрегі — Астана ұлтымыздың егемендігін белгілеп қазақты әйгілетеді. Ел тірегі жастарды болашаққа бағыттаған Астана, жастарға арман қала болып — білімнің, өнердің мәдениетпен ғылымның ордасына айналды.Менің армандарым өте көп,болашақта оқуымды бітіріп Астанадағы Назарбаев Университетіне түскім келеді. Оған менің себебім бар,мен 14жастамын.Жаһанданудан өткен,келешегі зор Астана бүгінгі күні өткір дамуда. Елімнің астанасы жаңа жаңғыруға бағыт алып, барша гүлденуде.Осының бәрі Елбасымыздың қолдауы мен дұрыс бағдары мен айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастары анық. Егеменді еліміз бірқатар жақсы нәтижелерге қол жеткізгені баршаға мәлім. Ол адами құндылықтар, рухани қазына, жастарды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты сіңіре білу жұмысында рухани салаға басымдық берудің қажеттілігін алға қойып отыр. Бұл – барлық ұлттық салт-дәстүрін, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту деген. Елбасымыздың рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім, ғылымға маңыз беруі – үлкен күш. Бұл – тәуелсіз еліміздің бақытты болашағы мен алаңсыз келешегі үшін жасалып жатқан жұмыс. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы», – деп ашып көрсетеді. Бәсекеге қабілеттілік саясат пен экономикада, білім, ғылымда, технологияда, яғни барлық салада болуы тиіс. Латын әліпбиіне көшу – Мәңгілік Елдің рухани жаңғыруының басы болса, «Туған жер»бағдарламасы жаңа ғасырдағы әлемдік, өңірлік, ішкі-сыртқы тәуекелдерге қарсы тұра алатын отаншылдық тәрбиенің, ұлтжандылықтың кепілі болмақ. Менің ойлауымша, әр азамат өз елін, жерін қадірлеу керек.Сонда ғана біз тату,бейбітшілікте өмір сүреміз. Мен барша Қазақстандықтарға бақыт және зор денсаулық тілеймін.Ал Қазақстанымызға бақыт және амандық,бейбітшілік тілеймін! Қазақстанымыздың жылдан жылға гүлденуімен және дамуына тілектеспін.Қазақстанның болашағы үлкен, жарық!
















































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!