Мақала «ШӘКӘРІМ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ БІЛІМ ИДЕЯСЫ»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала «ШӘКӘРІМ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ БІЛІМ ИДЕЯСЫ»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада ұлт ойлшылы Шәкәрім Құдайбердиевтің қолтаңбасынан шыққан көптеген шығармалары қарастырылған. Ақынның жас ұрпаққа деп қалдырған ғибратқа толы өлең жолдарына шолу жасалынып, талданған. Ұлттық руханиятымыз бен мәдениетіміздің көрнекті өкілі, ұлы ойшыл – Шәкәрім Құдайбердіұлы. Ол ұлы ақын Абай Құнанбайұлы негізін салған реалистік әдебитет дәстүрлерін алға жетелеуші ізбасары деп айтсақ болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы



«ШӘКӘРІМ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ БІЛІМ ИДЕЯСЫ»



Бахтиярова Анаргуль Мухаметкаримовна

Абай облысы білім басқармасының Көкпекті ауданы білім бөлімінің "А.С.Пушкин атындағы орта мектебі"КММ ,қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,сынып жетекші, қазақ тілі



Аннотация: Мақалада ұлт ойлшылы Шәкәрім Құдайбердиевтің қолтаңбасынан шыққан көптеген шығармалары қарастырылған. Ақынның жас ұрпаққа деп қалдырған ғибратқа толы өлең жолдарына шолу жасалынып, талданған.

Ұлттық руханиятымыз бен мәдениетіміздің көрнекті өкілі, ұлы ойшыл – Шәкәрім Құдайбердіұлы. Ол ұлы ақын Абай Құнанбайұлы негізін салған реалистік әдебитет дәстүрлерін алға жетелеуші ізбасары деп айтсақ болады.

Жазба деректерге сүйенетін болсақ Шәкәрім ақын ғана емес, тарихшы, философ ретінде де кеңінен танымал болды. Ғұлама қаламгердің әуелде қолжазба түрінде көптен тараған шығармалары жаңа ғасыр басында жеке – жеке кітап болып жариялана бастайды. 1911 жылы Орынборда «Түрік қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі», «Мұсылмандық шарты» атты еңбектері шығады. Семейде қазақ тарихындағы тұңғыш ұлттық баспа – «Жәрдем» матбуғасы ашылған соң, 1912 жылы «Қалқаман - Мамыр» атты кітаптарын бастырады. Ревалюциядан соңғы жылдарда Шәкәрім еңбектерін жарыққа шығару ісіне әдебиет пен өнердің белгілі қайраткерлері атсалысады. Шәкәрім қысасты қазаға ұшырағаннан соң да бірталай уақыт бойы оның есімі, шығармалары баспа бетінен түспейді. Әйткенімен, Шәкәрім туындыларының басым көпшілігі қолжазба күйінде қалды. Бұл мол мұра негізінен Қазақ ССР Ғылым академиясы кітапханасының қолжазбалар бөлімінде жинақталған. [1]

Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары түрлі бағытты қамтитинын білеміз. Дегенмен оның көптеген шығармалары білімнің идеясына негізделген.

Шәкәрімде білімге үндеу, сауаттылықты насихаттау көбінесе қыр елі үшін шыңдағы шынардай бұлдыр елестейтін «ғылым» сөзімен берілген. Ойшыл тұлғаның хат танымаса да ауыл балаларына білімнің ең биік дәрежесі саналатын ғылымның не екенін ұқтыруға ұмтылғаны бірден биік нотамен ән бастағанға да ұқсап кететін сияқты.

«Ғылымсыз адам – айуан,

Не қылсаң да ғылым біл.

Ғылымға да керек жан,

Ақылсыз болса, ғылым тұл», дейді ол. [2]

Әр түрлі дерек көздеріне сүйенетін болсақ Абайды насихаттау һәм үлгі тұту Шәкәрім Құдайбердіұлынан басталған деседі. Мысалы:

Кел, жастар, бір түрлі жол табалық,

Арам айла, зорлықсыз мал табалық.

Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік,

Бір білімді данышпан жан табалық

... Қазақта қай жақсы бар көз саларлық?

Жалыналық Абайға жүр баралық,- деп келешек жас ұрпаққа хакім Абайдың жолын насихаттағанын аңғарамыз. Шәкәрім шығармаларында шыншылдық, сыншылдық сарын мен ғибрат, ащы шындық үндесіп жатады. Мысал ретінде мына өлең жолдарынан байқай аламыз:

«Ашы сөзбен мен айттым ел мінезін,

... Өтірігін тап тағы жүзіқара қыл» [3]

Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңінде арамдық, зорлықсыз арам жолмен мал табу, өтірік, айла, надандық, арсыздық, ұрлық, көрсеқызар, құмарлық, жамандық, ғайбат, ынсапсыздық, пәлеқорлық, ұятсыздық, ерегіс, екіжүзділік, байлаусыз һәм тұрақсыздық сияқты мінездерді сынай келе, осылардан арылам деген адамға серік болар, адамды тура жолдан адастырмас мінездерді де санамалап көрсеткен болатын. Олар: адалдық, сақ жүру, ақылмен іс істеп, ашуланбау, тура мінез, мінін бетке айту, таза ойлау, татулық, уәдеде тұру, білмекке ұмтылу, жалқаулықтан арылу, жақсы білім іздеу, талапшылдық һәм өнер қуу деп жазған еді. [4]

Ақылды сол- ынсап пен ар сақтайды,

Надандар төрт аяқты малға ұқсайды, -

деген жолдар - осы өлеңге мысал болады.

Адамға керегі ең бірінші – ғылым һәм білім. Түсіне білген адамға ұлы ойшыл Шәкәрімнің барлық шығармалары білімге тұнып тұр, сол ақылды, ғибратты өсиеттерді санасына қажетті деңгейде сіңіре алған жас ұрпақ ең бақытты ұрпақ болады деп санаймын. Себебі, қазақтың ұлы ақыны хакім Абайдың тікелей өзінен білім алған Шәкәрім Абайдан кем емес. Осы орайда «ұстаздан шәкірт озар» деген халық даналығы еріксіз еске түседі.

Шәкәрім Құдайбердиев «Сен ғылымға» атты өлеңінде «дүниені түзетуші, һәм бұзушы – бір ғылым» деп көрсеткен.

Ғылым бір кенің ғой,

Ауырсаң емің ғой.

Бәріне жетеді,

Таусылмас көлің ғой.

... Балаңа ғылым үйрет жас күнінде,-

деп, барлық адамзат баласына үгіт насихат айтқандай.. Бұл өлең жолдарынан тек қана жас ұрпақтарға деген ескертуді ғана емес, сонымен қатар барлық ата – аналарға, педагог – ғалымдар тарапына да айтылған һәм ескертілген нақты өсиет деп түсінеміз.

Қапы өткізбе сол кездің бір сағатын,

Өкініші қалмайды, кетсе ағатың.

Күні-түні дей көрме, ғылым ізде,

Қалсын десең артыңда адам атың., -

деген өлең жолдарынын өзі тұнып тұрған ғибрат қой, шіркін! Әрине, оны түсіне білген адамға....

Ойшыл ақын жастарға ізден, ізденсең алдыңнан жарық дүние айқара ашылады дегісі келеді, шын сендіргісі келетіні жырларында анық көрінеді.

«Білімділер насихат көп жазады,

Адам үшін уайым жеп жазады», – деп ол ақындықтың, даналықтың парызын да түстеп танытады. [5]

Сөзімді түйіндей келе, Шәкәрімнің еңбектері философияға толы. Ақынның қайсыбір шығармасын алып талдар болсақ, барлығы да жас ұрпақты ғылым мен білімге, адамгершілік ізгі қасиеттерге шақыратыны сөзсіз екендігіне көзіміз жетті.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Ұлт ақыны - Шәкәрім: Ұсыныс құрал оқырманға; жетекші Г.Ахмедина / Құраст: Жұмасейтова Г. – Атасу, 2018. – 12 бет

  2. Қ.Құрмамбаева «Ойшыл ақынның білім идеясы» мақаласы\Дидар газеті, 2023 жыл.

  3. Шәкәрім шығармалары, Алматы \Жазушы, 560 б.

  4. Хожабаева М.Б. «Шәкәрім оқу-білімнің маңызы туралы», 2017 ж.

  5. Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармалары, құрастырған Х.Сүйіншәлиев\Алматы. «Рауан» баспасы, 1990 ж.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.01.2024
278
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі