ШӘКІРТ ЖЕТІСТІГІ - ҰСТАЗ АБЫРОЙЫ
Әрбір ұлттың, халық пен елдің әр қилы кезеңдерде ұрпақ тәрбиелеудегі талғамдары әртүрлі болғанмен, бәріне ортақ бір түпқазық - ертеңіне деген асқан жауапкершілікке тоғысады. Жас ұрпақ - жеке адамның ғана емес, ұлт пен елдің ертеңі, болашақтың мұрагері. Шәкірт –саналы өмірдің ең басты кепілдігі. Олардың қабілетін анықтап, жас бұлақтың көзін ашып, бағын жағу үлкен жауапкершілікті қажет етеді.
Мен жалпы ұстаздық тәжірибемде
көбіне оқушылардың қабілеті мен ыңғайын саралап бағдарлаймын.
Қабілеттілік –табиғаттың әрбір адамға сыйлайтын ғажап сыйы. Егер де
оқушының жаттау қабілеті, мәнерлеп оқу мақамы жақсы екендігін
аңғарсам, оны жатқа оқу сайысына дайындаймын. Ал егер де оқушы сөз
саптауымен, ойын көркем жеткізе білуімен ерекшеленіп тұрса мен
ыңғайына қарай жетілдіріп, ақындық не ғылыми жоба қорғау бағыттына
дайындаймын. Мақсатым - жастар арасында кітап оқу мәдениетін
қалыптастыру, өнерлі, дарынды жастарды анықтау,оларды білім шыңына
жетелеу. Осы бағытта бірнеше жыл бойы
өз тәжірибемдегі жүйеммен жұмыс істеймін. Оқушыны 5-сыныптан таңдап
аламын да, алдымен ақынның шағын өлеңдерін теріп жаттатамын, ол тез
жаттап саны артқан сайын қызығушылығы да артады, кейін шағын
шығармаларын бітірген соң орташа көлемді өлеңдерді, ал соңында
күрделі туындыларын жаттап алады. Санымен қоса сапалы жаттағанына
да назар аударамын. Өзім бірнеше рет оқып, өлеңнің ырғағын,
бунағын, кідірісін, интоннациясын қойып, оқу мәнерімен жұмыс
жасаймын. Осы күні талабым мен талғамыма сай келген дарынды
шәкірттеріммен мақтанамын. Дәстүрлі түрде «Ертіс Дарыны» аймақтық
ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен өткізілетін
байқауларда төмендегідей оқушыларым менің беделімді асқақтатып,
үкілеген үмітімді ақтап келеді. 2016ж. ХҮІІ Облыстық Абай
оқуларының «Өлең –сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша І
дәрежелі диплом, республикалық кезеңде ІІІ дәрежелі диплом иегері -
6-сынып оқушысы Мұрат Нұрдәулет. Облыстық кезеңге баптағанымда
Нұрдәулет 5-сынып оқушысы болса да, Абай Құнанбайұлының 100 өлеңін
жаттап алды. Республикалық кезеңге жаздай дайындалып, тағы 100 өлең
қосып, жалпы 200 шығармасын жаттап республикалық кезеңде бағын
сынады. Сыннан сүрінбей, қанжығасы майланып оралды. Мұрат
Нұрдәулеттің әжесі де үнемі қадағалап, ата-ана тарапынан жақсы
қолдау бола білді. «Жалғыздың үні, жаяудың шаңы шықпас» демекші,
жалғыз бәрін өзім жеткіздім деу ағаттық. Сол себепті менің
оқушыларымның ата-аналары мәдениетті, зиялы жандар, адаммен жақсы
қарым-қатыныс жасап, үнемі байланыста бола білді. Ең бірінші,
әрине, Алланың қолдауы, екінші, ата-аналарымның адамгершілігінің
арқасы, үшінші, мектеп әкімшілігі тарапынан да еңбекті бағалап
демеудің нәтижесі деп білемін. 2016 оқу жылында 8-сынып оқушысы
Оразбаев Мәрлен облыстық ҮІІІ Мәшһүр-Жүсіп оқуларының «Алдыма өлең
жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген...»
бағытында І дәрежелі дипломға қол жеткізді. 2015ж. 9-сынып оқушысы
Нұрбекова Жансаяны ҮІ облыстық Махамбет оқуларының «Ел құтқарар ер
едім...» бағытына дайындадым, облыстық кезеңде 120 өлең жаттап І
орынға иеленсе, 160 өлеңмен республикалық кезеңде бағын сынады.
Атырау облысына республикалық кезеңге қатысып, сертифиатпен оралды.
2014 оқу жылында 7-сынып оқушысы Изюмская Жаннаны ІІ облыстық
Мағжан оқулары сайысының «Өлең-менің Шолпаным, Айым, Күнім»
бағытына дайындап баптадым. Жанна ІІІ дәрежелі дипломмен
марапатталды. 2016-2017 оқу жылында өткен ІҮоблыстық Мағжан
оқуларының «Толқынмен толқын сырласып» ғылыми жоба қорғау бағытында
9-сынып оқушысы Изюмская Жанна І дәрежелі диплом иегері атанып,
республикалық кезеңге жолдама алды. Ал Оразбай Марлен «Ақын да бір
бала ғой айға ұмтылған» бағытында ІІ орынды иеленіп, республикалық
байқауда бағын сынамақшы. Аталмыш шәкірттерімнің жетістігіне орай,
облыстық Махамбет, Мәшһүр-Жүсіп, Мағжан, Абай оқуларында сан мәрте
«Ұстаздық е
ткен жалықпас» номинациясымен марапатталдым. Облыстық
ғылыми жобалар байқауында (2016ж.) 8-сынып оқушысы Изюская Жанна ІІ
дәрежелі дипломмен, облыстық қазақ тілі мен әдебиеті пән
олимпиадасында 9- сыныпта (2015ж.) Нұрбекова Жансая ІІІ орын, ал
10-сыныпта (2016ж.) ІІ орынды иеленді. Менің төменгі сыныптарда
оқуларға дайындаған шәкірттерім кейін жоғары сыныптарда пән
олимпиадасының, ғылыми жоба байқауының жеңімпазына айналады. Себебі
жаттаудың арқасында шығарма жазуға төселеді, үзінділерді жаттағаны
бойынша талдап ойын көркем де бейнелі жеткізе
біледі.
Сондай–ақ облыстық КАТЕҮ «Жарқын болашақ» пән олимпиадасында «Көркемсөз оқу шеберлері» бағытында 8-сынып оқушысы Сейілжан Бектас (2016ж.) І орын алып, республикалық кезеңде сертификатпен оралды. Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өтетін дәстүрлі қалалық (2014ж.) «Мәшһүр оқуларында» 11-сынып оқушысы Бойрон Досбек «Бас жүлдеге» және ақшалай сыйлық (80 мың теңгеге) ие болды. 2017ж. 30 мамырында өткен қалалық «Оралхан Бөкей» оқуларында 9-сынып оқушысы Оразбай Марлен І орынды иеленіп, ноутбук және де бағалы сыйлықтармен марапатталды. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес өткізілген Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлері қалалық конкурсының жеңімпазын дайындағаным үшін «Алғыс хатпен» марапатталдым. Жеңімпаз атанған Марлен Оразбай облыстық кезеңде Павлодар қаласының намысын қорғайды.
Қорытындылай келе, жатқа оқулардың пайдасы мен нәижесі пән олимпиадасы мен ғылыми жобалар қорғауда көрінеді. Оқулар олимпиадаға алдын–ала дайындық баспалдақтары деп білемін. Жаттаған туындылары шығарма жазуда көбірек кәделеріне асады, себебі жаттаған шығармаларынан үзінділерді талдай отырып сөз саптайды, сөздік қорын қалыптастырады. Оқулардың ғылыми жоба қорғауда да пайдасы орасан, өйткені тілі жаттығады, өзін-өзі еркін ұстауы қалыптасады, сахна мәдениетіне бейімделеді.
Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған
облыстық қазақ гимназия-интернатының
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Мұхаметжанова Райгүл Жетпісқызы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мақала "Шәкірт жетістігі-ұстаз абыройы"

шағым қалдыра аласыз