400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мақала "Шалқан"ертегісі

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

DrawObject2 «НұрScience» республикалық ғылыми-әдістемелік журналы



Шалқан ертегісін сахналау






Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

МКҚК №23 «Ақмоншақ» бөбекжайы тәрбиешісі Ахметова Т.А.




Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Драма

Мақсаты: балалардың сөйлеу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту мен қатар тілін, сөз қорын жетілдіру, жан – жақты білімдерін кеңейтіп, өзін – өзі көпшілік мәдени ортада, әдепті, әдемі болуға үйрету, достық пен сыйластыққа үйрету.Шалқан ертегісін сахналау арқылы балалардың ақыл-ойын, қиялын дамыту.

Есте сақтау қабілеттерін жеткізу.Үй жануарлары жайында түсініктерін толтыру.

Көрнекі құралдар: «Шалқан» ертегісінің суреттері; көрініске керекті құралдар.

Әдіс тәсілі: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, салыстыру, сұрақ-жауап, мадақтау.

Сабақ барысы:

Тәрбиеші;

-Балалар қазір жылдың қандай мезгілі?

-Көктем мезгілінде неше ай бар?


-Көктем мезгілінде ауа райы қандай болады?

Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері

Қуанамын менде, қуанасын сенде.

Қуанайық достарым, арайлап атқан күнге.

Бүгінгі күнімізсәтті өтсін.

Бәріңе сәттілік тілеймін!

Тәрбиеші

-Балалар,мен бүгін таңертең балабақшаға келе жатып, хаттауып алдым. Хатта «Ақтау қаласы, №23 «Ақмоншақ» балабақшасы №2 ортаңғы тобына» деп жазылған екен.Қане бәріміз ашып қарайық.

Тәрбиеші хатты оқиды. Сәлеметсіздер ме балалар! Мен ертегілер елінің Ханшаймымын. Сендер Шалқан ертегісін өте қатты жақсы көретіндеріңдім білемін. Сондықтан Шалқан ертегісіндегі кейіпкерлердің бетперделерін сендерге жіберіп отырмын. Сол бетперделердің комегімен ертегіні сахналап ойнауларыңды сұраймын. Мен сендерді сыйқырлы айнамның көмегімен тамашалап отырамын. Сендерге алдын ала рахмет. Сәттілік тілеймін. Сау болыңдар!

-Балалар сендер ертегі мазмұнын білесіңдер. Ертегі кейіпкерлерін атаңдаршы.

-Шал, кемпір, немере, күшік, мысық, тышқан.

-Ертегі қалайм басталатын еді? Есімізге түсірейік.

Балалар ертегі мазмұнын естеріне түсіреді.

-Олай болса Ханшайымның өтіншін орындаймыз ба? (Балаларды рөлдерге бөлу, қалған балаларды көрермен ретінде отырғызу)

Әуенмен шалқан ертегісі басталады.

Автор:Ерте ерте ертеде ,ешкі жүні бөртеде шал мен кемпір болыпты.

Бір күні атай шалқан екті де:

Атай: - Өс ,шалқаным, тәтті боп өс!

Өс, шалқаным, мықты боп өс!

Автор: Күндерден күн өтті, айлардан ай өтті. Шалқан өте үлкен, мықты болып өсті. Атай шалқанды әрі тартқылайды, бері тартқылайды, жұлып ала алмайды. Сөйтіп атай көмекке әжейді шақырады.

Әже:М ен көмекке келдім.

Автор: Әжей атайдан, атай шалқаннан тартып, жұлып ала алмайды.

Әже: -Атасы, екеуміздің осыған күшіміз жетпейтін сияқты.Көмекке қызымызды шақырайық.

Автор:Сөйтіп көмекке қызын шақырады. Қызы әжесінен, әжесі атайдан, атай шалқаннан ұстап артады. Алайда еш нәтиже болмайды.

Қызы: -Бізге көмекке тағы біреу керек сияқты. Мен күшігімді шақырайын.

Автор: Қызы көмекке күшігін шақырады. Күшігі қыздан, қыз әжесінен, әжесі атайдан, атай шалқаннан ұстап тартқылайды. Бірақ тағы да жұлып ала алмайды.

Күшік: Қанеки, біз көмекке мысықты шақырайық. Мысығым, мысығым келіп бізге көмектес.



Автор: Күшік мысығын шақырады. Мысық күшіктен, күшік қыздан, қыз әжейден, әжейа тайдан, атай шалқаннан ұстап әрі тартқылайды , бері тарқылайды. Тағы жұлып ала алмайды.

Мысық: - Менің ойымша бізге тағы да көмек керек сияқты.Тышқан, тышқан бізге көмектесші.

Автор: Барлығы бірге шалқанды тартады. Сол кезде шалқанды жерден жұлып алады.

Әжей шалқанды қосып тамақ пісіреді. Бәрі дәмді тағамнан ауыз тиеді. Тышқан тамақты жеп отырып, былай дейді:

Тышқан: - Бұл тағам өте дәмді екен. Егер келесі жолы тағы көмегім керек болса, мені шақырыңдар. Мен шалқанды өте жақсы көремін.

Тәрбиеші: Міне балалар осындай қызықты ертегіні тамашаладық. Балалар тышқан бәрінен де мықты екен.

Балалар: Иа, тышқан тісімен тартып еді, шалқанды жерден сурып алды.

Тәрбиеші: Балалар тышқан кеміргіш отрядь қа жатады, олардың тістерімен ағашты кеміреді, жардыда кеміреді, өздеріне інде жасап алады екен.

Тәрбиеші: Балалар шаршаған боларсындар ендеше орнымыздан тұрып бойымызды сергітіп алайық.(Сергіту сәті әуенмен балалар би билейді)

Жарайсыңдар балалар қане орнымызға жайғасайық.

Дидактикалық ойын: Жемістер мен көкөністерді ажыратады. Атауларын айтады.

Қортынды: Балалар бүгін қандай ертегімен таныстық?

Балалар: Шалқан ертегісімен

Тәрбиеші: Ендеше балалар Шалқан ертегісінің киіпкерлерін

Мына бақшамызда өсіп тұрған шалқаннын қасына рет – ретімен орналастырып көрейік.

Тәрбиеші: Дұрыс балалар ертегінің мазмұнын жақсы тындаған екенсіндер киіпкерлерді ретімен дұрыс орналастырыпсындар.

Тәрбиеші: Шалқанды еккен кезде шалқан қандай болды?

Балалар: Кішкентай

Тәрбиеші: Шалқан не арқылы өсті?

Балалар: Күту арқылы, күннің жылуы арқылы

Тәрбиеші: Шалқанды кім екті? Балалар жауабы

Тәрбиеші: Шалқан қандай болып өсті?

Тәрбиеші: Шалқанды тартып алуға кімдер көмектесті?

Балалар: Ата, әже, кыз, мысық, ит, тышқан

Тәрбиеші: Кеміргіш отрядына не жатады?

Балалар: Тышқан

Тәрбиеші: Шалқанның түсі қандай екен?

Балалар: Сары түсті

Тәрбиеші: Оның пішіні қандай?

Балалар: Дөнгелек

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар. Біздің бау - бақшамыздың көкөністері мол болсын дей отыра, сабағымызды аяқтаймыз.

Сау болыңыздар!















№23 «Ақмоншақ» бөбекжайыDrawObject1 | Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 мамыр
731
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі