Қазақ
тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Нұрмұханбетова Алмагүлдің шығармашылық
тақырыпты жүзеге асыруы
Шығармашылық
тақырыбы: Оқытудың ұтымды әдіс-тәсілдерін
пайдалана отырып, қазақ тілі мен әдебиеті
сабақтарында оқушылардың қызығушылықтарын
арттыру, сыни ойлауы мен тіл мәдениетін
дамыту.
Мақсаты:
Оқушылардың
өз бетінше жұмыс жасау қабілеттерін
жетілдіру, шығармашылық тапсырмаларды
орындаудағы білімдерін шыңдау, өз ойын
жеткізе білуге және өз бетінше ой
түйіндеуге төселдіру.
Міндеті:
Білім алушыларды шығармашылық жұмыс
жасауға баулу; шапшандылыққа, сауаттылыққа
тәрбиелеу; оқушылардың ойлау қабілеті
мен есте сақтау дағдысын жетілдіру,
әдеби тілде өзіндік ойларын шебер
жеткізе білуге дағдыландыру;
-
Қазақ тілі сабағында мәтінмен жұмыс
істеу арқылы қоғамның қажетті талаптарын
әрбір оқушыға борыш, намыс, қадір-қасиет
сияқты биік адамгершілік стимул ретінде
қабылдауына әсер ету;
-
Жан-жақты білімді, рухани байлығы мол
тұлғаны қалыптастыруына әсерін тигізетін
оқу материалдарымен таныстыру;
-
Адамзат құндылықтарын, білімдерін
нығайту;
Оқушыларды
шығармашылық жолында өз бетінше көп
ізденуге талпындыру; іскерлік дағдыларын
дамыту.
Шығармашылық
жұмыстарының нәтижелерінен күтілетін
болжамдар:
-
Оқушының танымдық қабілеті артады;
-
Жүйелі қалыптасқан тілдік тұлға
тәрбиеленеді;
-
Өмірге деген көзқарастары қалыптасады;
-
Шығармашылық жұмыстары жинақталады.
Мұғалім
сабақ барысында оқушының идеясының
дамуына ықпал ететін тұлға болып
табылатыны, сонымен қатар сын тұрғысынан
ойлаудың әдіс-тәсілдері бойынша мұғалім
қызметіндегі маңыздысы-оқушылардың
шығармашылық қабілеттерін дамытуға
бағытталған тапсырмаларды бірлесіп
орындау барысында өздерінің қалай ойлау
арқылы білім алу керектігіне назар
аудара, олардың өз ойлары мен дәлелдемелер
арқылы көздеген мақсаттарына жетуге
ұмтылатындығын байқадым. Мен сабақ
берген сыныптарда дарынды оқушылар
өздерін жан-жақты көрсетіп, әртүрлі
олимпиадаларға, Абай, Шәкәрім оқуларына,
республикалық ғылыми-практикалық
конференцияларға, облыстық шығармалар
сайысына да қатысып, жүлделі орындарды
алды. Дегенмен, өзекті тақырыппен жұмыс
жасауда қолданған әдіс-тәсілдерімнің
нәтижесі және жетістігім деп осы алған
үш сыныбымның білім сапасының
көтерілгендігін айтар едім. Яғни,
сыныптағы үндемейтін, тұйық оқушымның
өзі «мен айтайыншы»- деп қол көтеруінің
өзі мен үшін үлкен жетістік болды.
Сондықтан да оқушының қызығушылығын
арттыратын, өз бетінше шығармашылықпен
айналысуға итермелейтін – сыни ойлауға
үйрету менің тәжірибем мен оқушыларымның
білім сапасын арттыруға ең тиімді және
қолайлы деген қорытындыға келдім.
Сабақта
оқытудағы жаңаша әдіс-тәсілдерді
мүмкіндігінше пайдаландым. Мысалы,
топтық жұмыс, оқыту үшін бағалау,
(крийтериалды бағалау), АКТ-ның
мүмкіндіктерін пайдалану (слайдтар,
бейнероликтер), сұрақ-жауап, диалог
әдістерін қолданудан көрініс тауып
отырды (стикерлер, постерлер, флипчарттар
т.б.).
Оқушыларды
қазақ тілі сабағына деген қызығушылығын,
танымдық белсенділігін арттыру үшін
жаңа технологияларды қолдана отырып,
инновациялық әдістермен жұмыс жүргізіп
отырамын. Қазір жаңа технологиялардың
түрі көп. Сондықтан, сабақ үрдісінде
түрлі әдіс – тәсілдерді және сонымен
қатар түрлі формаларды қолдануға
тырысамын.
Өзімнің педагогикалық біліктілігім
мен кәсіби шеберлігімді түрлі деңгейдегі
ғылыми- тәжірибелік, әдістемелік
конференциялар мен семинарларға қатысу,
жинақтар мен интернет басылымдарға
мақалалар жариялау арқылы шыңдап
отырамын.
Тіл маманы болғандықтан қазақ тілінде
дұрыс сөйлеуге, ойын еркін жеткізуге
үйретіп қана қоймай, оларды қазақ
халқының салт- дәстүрін, мәдениетін
сыйлауға, мемлекеттік тілді қадір тұтып,
сыйластықпен қарауға үйретемін.
Нәтижесінде:
“Мұғалім
көшбасшылығы“ тақырыбында өткізілген
Республикалық интернет- олимпиадасының
1 орын иегері
Республикалық
эссе байқауының 1,2 орын иегерлері
Айтбаева Айгерім,
Амантай
Аружан, Бақытжан Нұрғиса, Мақсұтова
Инжу, Бейсенбек Аймереке
жүлдегері
Саханова Анель
“Егер
мен Президент болсам” аудандық байқаудан
Саханова Анель 1 орын иеленді.
Аудандық
“Аманкелді арайы” газетіне, облыстық
«Учительская газета» “Үштілді
маман-таңдалған қадам”тақырыбындағы
мақаласы жарияланды
Республикалық
дарынды оқушылар порталы ұйымдастырған
шығармашылық
байқауларға
шәкіртін дайындағаны үшін алғыс хат
Астана, 2019
Жаңа
әдістерді пайдалана отырып, болашақта
әр сабағымды оқушылардың шығармашылық
қабілеттерін дамытуына бағыттап,
түрлендіріп өткізуге тырысамын. Сонымен
қатар алдағы уақытта да іс-тәжірибемдегі
өзгерістер сабақтан тыс іс-шараларда,
пән олимпиадалары мен ғылыми жоба
сайыстарында оқушы дайындауда жемісін
береді,- деп ойлаймын.