Мақала "Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не?." 4 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала "Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не?." 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс - әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не?

Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді.

Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс - әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.

Негізгі деңгейде сыни тұрғыдан ойлау үдерісі:

  • Релеванттық ақпараттар жинауды;

  • Дәлелдерді сыни тұрғыдан талдау мен бағалауды;

  • Кепілдендірілген шешімдер мен жинақталған қорытындылар;

  • Ауқымды тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауды қамтиды.

Сыни тұрғыдан ойлауды, әдетте, білім берудің кейінгі кезеңдерімен – орта мектептің жоғары сыныптары мен оқу орындарындағы оқушылармен байланыстырады. Алайда сыни тұрғыдан ойлаудың негіздерін кішкентай балалармен жұмыс барысында, қажетті дағдыларды дамыту мақсатында білім берудің ерте кезеңінен дамытуға болады. Бұл жолдағы ең оңтайлы тәсіл – балалардың жеке басының тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру.

Сыни тұрғыдан ойлау мәнмәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырады. Сыни тұрғыдан ойлаудың бұл дағдылары төмендегідей сипатталады:

  • Бақылау;

  • Талдау;

  • Қорытынды;

  • Интерпретация.

Оқушылардың жұмысын зерделеудің кейінгі кезеңінде мұғалімдермен талқылау, олардың уақытша қорытындыларын қарастыру және қайта қарау арқылы балаларды оқытудың жеке үдерістерін түсінуді, сонымен қатар төмендегілерді де реттеуге көмек беруге болады:

  • Бағалау;

  • Түсіндіру;

  • Метатану.

Қазақстандағы кәсіби дамудың жаңа бағдарламасына сай сыни тұрғыдан ойлайтын мұғалімдер балалардың сыни тұрғыдан ойлауына қатысты жоғарыда айтылған құрылым мен үдерістерге сүйенуі мүмкін. Бірақ, ең алдымен, біз рефлексивті оқыту ұғымын саралап, сыни тұрғыдан ойлаудың білім беру бағдарламасында туындаған қажеттілігін ескеруіміз керек.

Сыни тұрғыдан ойлау әдісі негізделген дәлелдер мен мәнмәтіндерді, тұжырымдылық пен әдістер және критерийлерді қолдана білетін, нысаналы, өзін реттей алатын ой үдерісі ретінде бейнеленіп отыр. Балалардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға байланысты, атап айтқанда: тыңдау мен зерттеу арқылы оқу, мәнмәтінге көңіл бөліп, шешім қабылдау үшін тиісті өлшемдерді қолдана білу сияқты дағдылармен қоса, мұғалімдер:

  • Білім беру бағдарламасы мен оқыту үдерісін түсіну үшін қажетті теориялық базаны

  • Қорытынды мен тұжырымдарды қалыптастырудың тиісті әдістері мен технологияларын дамыту керек.

Балалардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін табуды қажет ететін негізгі ерекшеліктер:

Ұтқырлық: ең жақсы түсініктемені табуға ұмтылу; үзілді – кесілді жауаптарды іздеудің орнына сұрақтар қою: дәлелдерді талап етіп, кез келген дәлелді есепке алып отыру; эмоцияға емес, себепке негізделу

Сыңаржақтылықтың болмауы: барлық қорытындыларды бағалау; болжамды көзқарастар мен мүмкіндіктердің барлығын қарастыру; баламалы интерпретацияларға ашық болуға ұмтылу.

Пайым: дәлелдердің деңгейі мен маңызын мойындау; балама жорамалдар мен мүмкіндіктердің орынды екендігін немесе артықшылығын мойындау.

Тәртіп: тиянақты, нақты және жан –жақты болу.

Өздік сана сезім: өзіміздің эмоциямыз бен көзқарасымыздың, сеніміміз бен болжамдарымыздың субъективті екенін сезіну.

Жалпы сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақ қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолданады; олар ауызша, жазбаша, көзбен шолу дәлелдеріне сенімсіздікпен қарай отырып, ештеңеге сенбейді, мұндай адамдар жаңашыл идеялар мен келешекке ашық болады.

Төменде берілген құрылымды өзіңіздің оқытуыңыз бен баланың оқуы жайында сыни тұрғыдан ойланып – толғануда да қолдануға болады:

  1. Балаларды оқыту үдерісін бақылау нәтижесінде алынған дәлелдемелермен танысыңыз.

  2. Тапсырмалар мазмұнын құрайтын оқу мақсатын түсініңіз.

  3. Оқу мақсаттары мен ол мақсаттарға жету үшін оқушылар атқаратын жұмыстардың әдістері мен олардың жетістіктері арасындағы қарым –қатынастарға талдау жасаңыз.

  4. Жеке оқушылардың көрсеткен түрлі деңгейдегі түсініктері мен дағдыларын салыстырыңыз.

  5. Барлық сынып көлемінде көрсетілген іс -әрекеттің нәтижесі туралы ойлану үшін өз зерттеулеріңіз бен осы ақпарат көздерін біріктіріп, жинақтаңыз.

  6. Балаларға білім беруге қатысты қызметтің шартты түрдегі табысы немесе күйреуі туралы пайдаланыңыз.

  7. Бұл сыни бағалаудан алған түсініктеріңізді келесі тапсырмалар мен жобаларды жоспарлауда пайдаланыңыз.

  8. Дәлелдерді дамытып, тұжырымдамалар мен қорытындыларды құрастыру үшін, қоғамдық ғылымдарда оқу және оқыту нәтижелерін анықтау үшін сыни тұрғыдан ойлаудың пайдаланылуын негіздеңіз.


























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
06.02.2019
838
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі