жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мақала "Тәрбие көзі - ұлттық құндылықтар"
Мақала авторы: Ақмола облысы, Бурабай ауданы,Бурабай кенті С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагогика ғылымының магистрі Ахметбекова Бакыт Сериковна
Тәрбиенің көзі- ұлттық құндылықтар
Аталған мақалада автор бүгінгі күнгі ұрпақ тәрбиесі өзекті мәселелелердің бірі екендігін қарастырады. Жас ұрпақ тәрбиелеуде білім мен тәрбие беруде қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімдерінің, әсіресе, қазақ халқының ұлттық құндылықтарын, мемлекеттік тілге деген жоғары патриоттық сезімнің қалыптасуына басты рөл атқаратыны айтылған.
Білім беру жүйесінің басты міндеті өз елінің ұлтжанды азамат тәрбиелеу. Оқушыларға ұлттық тәрбие құндылықтары негізінде білім мен тәрбие беру зерттеу мәселесінің өзектілігі.
Национнальная ценность-источник воспитания
В данной статье автор затрагивает актуальные проблемы современного воспитание высоконравственной личности. Главную роль в воспитании и образовании молодежи выполняют учителя казахского языка и литературы ,который прививает любовь к национальным ценностям казахского народа, к родной земле, к государственному языку и воспитывают в молодом поколении высокие патриотические чувства.
Одна из основных задач системы образования воспитание гражданина патриота своей страны. Необходимость воспитания у учащихся на основе национальной ценностей, подчеркивает актуальность проблемы исследования.
National values is the source of education
In this arhcle the author speaks about the problems of the modern kazaku socicty, about the necessiny of education.
The main part in the education of the youhg people plays a teacher. The teacher teaches them to love the national of the kazaks people; to the native lang, to ifs histori, to the state language.
Raising the status of the state language using the kazaku language and the kazakh literatura the teacher educates the yoyng generation in love to fhier Motherifng and trains higs patriotic feelings.
Адам баласының әрқайсының өз өмір жолы болатыны тәрізді, кез-келген халықтың, қоғам мен мемлекеттің өз тарихи ғұмыры бар. Ол көне тіршілік көшінде сан алуан кейіпте көрініп келе жатқан күрделі процесс. Әр ұрпақ өзінің бұрынғы ұрпақтың жалғасы болғанынан, өз дәуірінің шыңырауына үн қосып, өз соқпағын іздейді.
Тәуелсіз Қазақстан жағдайында біз саплы білім, саналы тәрбие беруді ұлттық тәрбиеден қарастыруды тиімді деп есептеуіміз қажет. Өйткені жалпы тәрбиелеу процесі тек қана батыс европа мен американдық үлгіні қабылдап бара жатқанға ұқсайды. Ұлттық тәрбиеде, әсіресе, ана тілі байлығының алар орыны ерекше екені белгілі.Осыны ескере келе, қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту барысында тек қана теориялық білім беріп қана қоймай, ұлттық үрдісімізден хабар бере отырып, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мәселесіне жете назар аударуға тырысу керек.
Бүгінгі күні барша қазақ тілі мен қазақ әдебиеті ұстаздар қауымының алдында тұрған басты міндет білім мен тәрбие берудегі озық ұстанымдардың ұлттық тәрбие құндылықтарымен байланыстыра отырып, әр оқушының қабілетін, талантын ашу, өзіндік ұлттық тәрбиесі мен санасын қалыптастыру.
Себебі Қазақстан әрі батыс, әрі шығыс елі, ерекше ортада тұрған көп ұлтты мемлекет. Оның өзіне тән ұлттық, қоғамдық еркешеліктері бар. Сондықтан ұлттық тәрбие негізінде оқушылардың бойына ұлттық сезімді қалыптастыру басты міндет болып табылады.
Қазақы дүниетаным, ақыл-ой, тағылымдық ұлағат ғасырлар бойы шыңдалып қалыптасты. Сан ғасырлық ұлттық тәрбиенің этнопсихологиялық негіздерін бір арнаға түсіріп, қазақ ойшылдары мен ағартушыларының, қоғам қайраткерлерінің еңбектеріндегі ұлттық тұлға тәрбиесі туралы ой - пікірлердің дамуын, халқымыздың шынайы ұлттық тұлғасы болған ақын - жазушы, ғалым және қоғам қайраткерлерінің үлгі-өнегесін тәрбие мәселесінде пайдалану.
Оқушылардың ішкі дүниесін, оның рухани – адамгершілік келбетін қалыптастыруға бағыттала алуы бағытталуы тиіс. Қазақ этнопедагогикасының бұл арада ерекше мүмкіндіктері бар. Өйткені оның мазмұнында ұлттық құндылықтар жарасымды үйлесім тауып жатады. Мұның өзі халқының өзіне тән ұлттық ерекшелігін терең танып, көре білуге мүмкіндік береді.
Әрбір халықтың тарихи өмірінде қол жеткізген ең құнды дүниелері – рухани және адами қасиеттер, құлықтылық үлгілері бар. Сондықтан да әрбір жаңа ұрпақ үшін мәнді тәрбие-ұлттық тұрғыдағы тәрбие үлгісі болып табылады. Өйткені, мұнда тәрбиенің негізін замандар бойы қалыптасып келген асыл рухани құндылықтар және биік ізеттілік пен құлықтылық тұрғысындағы ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып жататын, адамның адамдық қасиетін нығайтып әрі асылдандыра түсетін, халықтың даналық өмір–салтынан туындап отыратын бұлжымас ережелер мен қағидалар құрайды. Ұлттық тәрбие – адам өмірінің алтын арқауы. Ұлттық тәрбие жалпы –адамзаттық рухани құндылықтарды жоққа шығармайды, қайта солармен үндесіп жатады. Бұлар бір-бірін байытып, құнарландырып отырады. Ұлттық тәрбиеден тереңдеп нәр алған адам – рухани бай адам. Ондай адам жалпы адамзаттық тұрғыдан мәдени және рухани құндылықтарды бойына тезірек сіңіреді, сөйтіп, толық әрі кәміл адам дәрежесіне тезірек жетеді. Ұлттық менталитет – тұнып тұрған рухани қазына. Халықтың тілі мен мәдениеті болсын, салт-дәстүрі мен наным-сенімі болсын – мұның бәрі де әрбір халық үшін асыл да қымбатты рухани дүниелер. Әсіресе, наным-сенімнің әрбір халықтың өмірінде алатын орны өзгеше.
Ұлттық тәлім-тәрбиенің дамуы мен қалыптасуына үлкен үлес қосқан қазақтың көптеген зиялы оқымыстылары жеке басқа табынудың құрбаны болды, қудалауға түсті. Мұның өзі ұлт мәдениетінің өсуін үлкен тежелуге әкеліп соқтырды. Халық педагогикасы жөнінде ғылыми-зерттеулер жүргізуге шек қойылды. Ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу, өмірге енгізу санадағы ескінің сарқыншағы деп бағаланды. Халықтық дәстүрлер өзінің қоғамдық мәнін жойып, отбасылық мәнге ғана ие болды. Оның өзі бертін келе, мектеп, жоғарғы оқу орындарының тәрбие жұмыстарының негіздеріне кірді. Тәрбиелік жұмыстар коммунистік идеологияға негізделіп, оқу-тәрбие жұмыстары негізінен орыс тілінде жүргізілуіне байланысты қазақ тілі біртіндеп өмірден шеттеле бастады.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының егеменді ел болып ана тілінің мемлекеттік тіл болуымен қатар өткен тарихымызды қайта қарап, ондағы рухани құндылықтарды елеп-екшеп және рухани құндылықтардың қорына өлшеусіз үлес қосатын мұраларын зерделеп зерттеу бүгінгі ұрпақ тәрбиесінің керегіне жарату, өзекті мәселелердің бірі болуда. Егеменді ел болған соң сол елдің елдік белгісі ұлттық тәрбиесі айқын көрінуге тиіс.
Ұлттық қасиеттерімізді ұрпақ бойында қалыптасуы қоғам игілігі үшін маңызды. Оқушыларға ұлттық тәрбие беру кең көлемде жүргізілуі тиіс. Этнопедагогика – ұлттық тәрбие негізі деп білеміз. Ал ұлттық тәрбие ғаламдағы құндылықтарды бойына сіңіріп, өз құндылықтарын арттыра береді. Бірақ ол өндіріс

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген