Авторы: Аубакирова Назым Баграмовна
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Шал ақын ауданының білім бөлімі» КММ
«Социалистік Еңбек Ері Есім Шайкин атындағы орта мектеп» КММ
Мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі
Мақала : «Тәуелсіз елдің ұрпақтары»
«Тәуелсіз елдің ұрпақтары»
Биыл Тәуелсіздігімізге 30 жыл толып отыр. Бұл Тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеңіс, төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен келген ұлы күн. Осы мерейлі мереке қарсаңында Социалистік Еңбек Ері Есім Шайкин атындағы орта мектебімізде көптеген іс- шаралар өтіп жатыр. Еліміздің болашағы- бүгінгі ұрпақты еліміздің патриоты етіп тәрбиелеу- әрбір үлкен адамның міндеті. «Отан отбасынан басталады»- демекші, үйде ата- ана болса, мектепте мұғалімдер мен тәрбиешілер. Мен мектепалды даярлық сыныбында тәрбиеші болып жұмыс жасаймын. Алдымда отырған бүлдіршіндерге Тәуелсіздік жайлы түсіндіруге олардың тілімен сөз таба білу керек. Мереке қарсаңында тақырыптық сабақ өткіздім. Отанымыз Қазақстан екенін, өздерінің болашағы үшін Отанымыз барлық жағдайды жасап отырғанын айтамын. Ал олар білім алып, өсіп ер жеткенде осы Отанды көркейтуге үлестерін қосу керектігін саналарына құямын. «Елім менің- менің әлемім» атты сурет көрмесін ұйымдастырдық. Рәміздердің әр біреуіне тоқталып, әнұранды жаттадық. Рәміздерімізді қастерлеуді үйрендік. Мақал- мәтелдер үйреніп, «Елім деп соғады жүрегім,
Жерім деп соғады жүрегім.
Отыз жылдығың биылғы,
Құтты болсын, Нұр елім!»- деп өлеңдер айттық.
Кішкентайынан еліміз туралы тек жақсылықтар естіп, еліміздің болашақ ұрпақ үшін жасап жатқан жақсылықтарын біліп өссе, отбасы мен мектебінен алған тәрбиені санасына құйып өссе, «елім, жерім» деген еліміздің иманды, саналы, қайырымды азаматтары болатынына сенемін.
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы тұғырлы, баянды болсын! Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы, егемен еліміздің ұрпағының еңсесі биік болып, көк аспанда қасиетті көк туымыз мәңгі желбіресін!
Социалистік Еңбек Ері Есім Шайкин атындағы орта мектеп
МАД «А» тәрбиешісі Аубакирова Н. Б.

Суреттер
көрмесі

Аппликация «Менің Отаным- Қазақстан»
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мақала "Тәуелсіз елдің ұрпақтары"
Мақала "Тәуелсіз елдің ұрпақтары"
Авторы: Аубакирова Назым Баграмовна
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Шал ақын ауданының білім бөлімі» КММ
«Социалистік Еңбек Ері Есім Шайкин атындағы орта мектеп» КММ
Мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі
Мақала : «Тәуелсіз елдің ұрпақтары»
«Тәуелсіз елдің ұрпақтары»
Биыл Тәуелсіздігімізге 30 жыл толып отыр. Бұл Тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеңіс, төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен келген ұлы күн. Осы мерейлі мереке қарсаңында Социалистік Еңбек Ері Есім Шайкин атындағы орта мектебімізде көптеген іс- шаралар өтіп жатыр. Еліміздің болашағы- бүгінгі ұрпақты еліміздің патриоты етіп тәрбиелеу- әрбір үлкен адамның міндеті. «Отан отбасынан басталады»- демекші, үйде ата- ана болса, мектепте мұғалімдер мен тәрбиешілер. Мен мектепалды даярлық сыныбында тәрбиеші болып жұмыс жасаймын. Алдымда отырған бүлдіршіндерге Тәуелсіздік жайлы түсіндіруге олардың тілімен сөз таба білу керек. Мереке қарсаңында тақырыптық сабақ өткіздім. Отанымыз Қазақстан екенін, өздерінің болашағы үшін Отанымыз барлық жағдайды жасап отырғанын айтамын. Ал олар білім алып, өсіп ер жеткенде осы Отанды көркейтуге үлестерін қосу керектігін саналарына құямын. «Елім менің- менің әлемім» атты сурет көрмесін ұйымдастырдық. Рәміздердің әр біреуіне тоқталып, әнұранды жаттадық. Рәміздерімізді қастерлеуді үйрендік. Мақал- мәтелдер үйреніп, «Елім деп соғады жүрегім,
Жерім деп соғады жүрегім.
Отыз жылдығың биылғы,
Құтты болсын, Нұр елім!»- деп өлеңдер айттық.
Кішкентайынан еліміз туралы тек жақсылықтар естіп, еліміздің болашақ ұрпақ үшін жасап жатқан жақсылықтарын біліп өссе, отбасы мен мектебінен алған тәрбиені санасына құйып өссе, «елім, жерім» деген еліміздің иманды, саналы, қайырымды азаматтары болатынына сенемін.
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы тұғырлы, баянды болсын! Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы, егемен еліміздің ұрпағының еңсесі биік болып, көк аспанда қасиетті көк туымыз мәңгі желбіресін!
Социалистік Еңбек Ері Есім Шайкин атындағы орта мектеп
МАД «А» тәрбиешісі Аубакирова Н. Б.

Суреттер
көрмесі

Аппликация «Менің Отаным- Қазақстан»
шағым қалдыра аласыз













