Материалдар / Мақала тәуелсіздік
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала тәуелсіздік

Материал туралы қысқаша түсінік
1986 жылы 16 — желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай толқу басталды. Жастар алаңға жинала бастады. Алаңда «Біз қазақ, ежелден еркіндік аңсаған», «Әрбір ұлтты өз көсемі басқарсын», «Тәуелсіздік керек»,- деген ұрандар айтылды. Алматы гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтіріп, көп күшпен алаңдағы жастарды қоршап алды. Алматыға әр аймақтардан әскердің арнайы бөлімдері жіберілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар»,- деген кінә тағылды. Көптеген студент жастар түрмеге қамалды, оқу орнынан шығарылды. Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира тағы басқалары сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Желтоқсан 2021
434
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік - ел тірегі!
Сабақтың мақсаты: Оқушы бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Тақырып бойынша сөйлесім жұмыстарын ұйымдастыру. Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендігін ұғындыру;Сөйлеу мәдениетін дамыту.
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: коммуникативтік, салыстырмалы, СТО технологиясының элементтері, сұрақ - жауап, кроссенс
Көрнекіліктер: видеосюжеттер, презентация, суреттер
Сабақтың өту барысы:
Қызығушылықты ояту
Видеосюжет арқылы тақырыпқа көшу. «Тәуелсіздік» деген сөзді естігенде есіңізге не түседі. Ассоциация туғызу. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
Мағынаны ажырату.
1. - Отаным - сонау Каспийден Алтайға дейін созылып жатқан қасиетті өлке – Қазақстан. Қазақстан – тәуелсіз, азат ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе ХХ ғасыр қазақ халқы үшін ауыр, қайғыға толы кезеңдерімен есте қалады. 1916 жылғы көтеріліс 1928 - 1932 жылдардағы аштық, Ұлы Отан соғысы, 1986 жылғы жерді дүрсілкендірген желтоқсан оқиғасы.
Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды. Қанша қиыншылық келсе де біз оны ешқашан ұмытпаймыз. Себебі бұл – тарих.
Оқушылар Қазақстанның кешегі күніне, яғни тарихқа шолу жасайық.

Тәуелсіздік құрбандары мәңгі ел есінде

Мұғалім: Тәуелсіз мемлекеттің рәміздеріне тоқталайық.

   Рәміздер

Оқушы: 1992 жылы ҚР жоғарғы Кеңесінің сессиясында Республикамыздың Туы, Елтаңбасы және Әнұраны қабылданды. Бүгін әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздері бар.
Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба, Әнұран. Бұл халық бірлігінің белгілері.Қазақстан Республикасының да өз рәміздері бар.Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әрбір азаматтың міндеті.
7-оқушы
Тудың ашық көгілдір түсі соғыссыз бейбіт ашық аспанымызды білдіреді.
Жобасын жасаған – Шәкен Ниязбеков
Елтаңбаның авторлары – Жандарбек Мәлібекұлы және Шота Уәлиханов. Елтаңбадан елдің тарихы, дәстүрі рухы толық танылуы керек. Сондықтан да Елтаңбаның ортасында шаңырақ тұр. Қазақта шаңырақ биік, керегең кең, босағаң берік болсын деген сөз бар. Осы ұлы тілек негізге алынған.
Республикамыздың Әнұранының сөзін жазған ақын Жұмекен Нәжімеденов және

Н.Ә. Назарбаев.
Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов.
Оқушы:    Ұлттық өрнек мұрамыз
     Адастырмас мұраттай
     Нық көтеріп тұрамыз
     Жалауды біз құлатпай.
Оқушы:    

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Бұл түс- ашық аспанның,тыныштықтың белгісін көрсетеді.Тудың ортасындағы алтын күн – баршаға ортақ, бәрі не нұрын шашып, сәулесін төгеді.Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік тіршілік атаулыға ортақ.  Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтеріп ұшып бара жатқан қыран құс – ерлік белгісі. Матаның сол жағында ою - өрнегі бар тік жолақ орналасқан. Бұл қазақ елінің әшекейі. Алтын күн, Қыран          және ою- өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен бай – берекесі, тыныштық пен байлықты  белгісі.
Оқушы:         Желбірейді шалықтап
    Қазақстан жалауы
     Көкке қыран қалықтап,
     Қанат қағып барады.
Оқушы:             Мен қазақпын, ұланымын қазақтың
     Тәуелсізбін, егеменмін азатпын
     Көк байрағым тұр көгімде желбіреп
    Алатаудай көкке өрлеген азатпен
 Оқушы:          Бабам тұлпар жаратты    

     Құлынын да танып ақ
     Тұлпар барда қанатты
     Шайқалмасын шаңырақ.
Оқушы:         Тәуелсіздік көркі ол да,
                        Өрке ниет өрінде
                        Нұр төгеді Елтаңба
                      Ақ Орданың төрінде.
Оқушы:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнелеген.Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған.Жарық жұлдыз – Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан  нұр шашып тұрғанын бейнелейді.Қанатты тұлпардың баламалық мәні қазақтың аңыз ертегісінен алынған. Аңыз бойынша қанатты тұлпарға мінген алып батыр алты қанат аспанға ұшып, жеті қат жер астында түсіп халықты қасіреттерден азат еткен,еліміздің азаттығы мен жеңімпаздығының белгісі.Бидай сабақтары тоқшылықты, молшылықты білдіреді. Ал төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу еліміздің ежелден әлемге танымал   екенін көрсетеді.
Оқушы:         Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға
     Жасы тұрмақ, шығады екен қарты аңға         
    Қалай оның елтаңбасы болмайды
     Түлегіне дейін салса ең таңба?       
Оқушы:    

Кез келген мемлекеттік рәміздің ең маңыздысы - Әнұран. Әнұран   мемлекеттік салтанатты ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың  мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі  өмірі мен келешек арманы айтылған.

ХОР: Қазақстан Туымен тұғырлы
Елтаңбасымен еңселі
Әнұранымен айбатты

Мұғалім: Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан қандай?.

1-оқушы: Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан – әлемдік аренадан өз орнын ойып алған, Азия мен Еуропаны мойындата білген рухы биік қайсар елдің мекені. Біз сол өркениетке қадам басқан тәуелсіз елдің ұланымыз. Біздің ел тәуелсіздігін алғаннан бері әлемдік қауымдастықтың біразына мүше болды. Еліміздің бірлігін, ұланғайыр даламыздың тұтастықтың қорғайтын құжаттар мен шарттарға қол қойылды. Еліміздің мамыражай бейбіт тірлігі, төріміздегі Ата заң, көгіміздегі азаттықтың көк байрағы, ұлттық теңгеміз, республикалық «Ұланның» құрылуы.

2-оқушы: Тәуелсіздік! Қандай киелі сөз. Осы бір құдіретті сөздің тереңіне көз жіберіп, ой елегінен өткізсек, ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл арманы, азаттық жолында құрбан болған талай боздақтардың ұрпақтарына қалдырған аманаты екені сөзсіз. «Өткенсіз болашақ жоқ» дейді дана халқымыз.

3-оқушы: Тәуелсіздіктің ең басты жемісі – еркіндік. Кешегі бабалар қаны тамған сайын дала төсінде бүгін Астанадай алып шаһарымыз бой көтеріп әлемдік аренадан көрінсе, кешегі ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі, 7-қысқы Азия ойындары, ЭКСПО-17 көрмесі тәуелсіздігіміздің тамаша жетістіктері емес пе? Қазақ тарихында жорықсыз өткен күн бар ма? Кешегі қазақ хандығы болып құрылғаннан бастап, егемендікке жеткенге дейін қуаныш пен жоқшылықты, мұқтаждық пен жақсылықты бірдей көрсе де, қайсарлығымен мойымай, көп бейнетті көрген қазағым емес пе?! Қазақ халқы «Бейнет түбі – зейнет» деген қағида сөзді естен шығармай бүгін тәуелсіздікке қол жеткізді.

Оқушы:Нұрсұлатан Әбішұлы Назарбаев Биылғы жыл – қалың қазақты бір жасатып тастады. 2015 жылы қазақтың туын көкке көтергеніне қазақ хандығының 550 жыл аталып, тойлануда.
Оқушы:          Бақтың құсы әр адамға қонып бір
    О, Тәңірім, бізді баққа жолықтыр...
     Бүгін міне, Тәуелсіздік ағайын,
     Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!
Оқушы:          Көк аспанда нұрлы күн
     Күлімдейді далама
     Бақыт тілеп тұр бүгін
     Ол барлық пәк балаға.

Оқушы:   Атыңнан айналайын егемен ел,                   

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
                   Мерейің құтты болсын Қазақстан!
                   Ғасырлар тойы болшы келе берер!
Оқушы:   Мерекең құтты болсын егемен ел,
     Терезең барлық елмен тең ерен ел.
    Бабалар мәңгі бақи арман еткен,
     Теңдікті,бостандықты иеленгендер.

16-желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн,

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн.

Жасай берсін ұлы күн,

Үміті боп  елінің.

ӘН: Жаса Қазақстан

Рефлексия: « Үш ойлау жұлдызы» стратегиясы \Алдағы уақытта Қазақстан қандай болмақ, әр оқушы өз қиялын жеткізеді/

Әр оқушы 3 мин ішінде постер жасау.
1986 - 1991 жылдар \аралығында болған оқиғалар\
Ән: «Желтоқсан желі» өлеңін бүкіл сыныппен бірге айту.
Мұғалім: Қазақстан бүгін.(Бүгінгі күннің тарихына шолу)
Қазіргі кезде Қазақстан қандай? Біздің туып - өскен жеріміз, еліміз – Қазақстан. Еліміз мұнайға пайдалы қазбаларға өте бай. Қазір ынтымағы жарасқан көптеген ұлттың өкілдері тұрады. Олар: орыс, татар, өзбек, неміс, түрік т. б. көп ұлттар тұрады. Ол бүгінде дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды. Біздің еліміздің президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілікті нығайту жолында көп жұмыстар атқарып келеді. Еліміз ЕД, ТМД, БҰҰ ұйымдарына мүше. Қазір еліміз алдыңғы қатарлы дамыған 30 елдер қатарына қосылуға талпынып жұмыстар атқаруда. Мемлекетіміз заман талабына сай заманауи техникалар мен машиналар, өнеркәсіптер қарыштап дамып келеді. Мен осы тәуелсіз Қазақстан Республикасының азаматы болғаныма мақтанамын.
Қазіргі таңда Қазақстан өркениетті, дамыған елдер қатарында енген мемлекет. Еліміз, тәуелсіз, дербес ел атанды. Ел өз қалауымен президентті сайлап Ата Заңымыз бен мемлекеттік рәміздерді қабылдадық. Ана тіл - қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды. Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. Ол күннен күнге жаңарып, жаңа белестерге көтерілуде. Осы мемлекетті одан да биіктен көрсету ұрпақтың, қазақ ұландарының қолында деп есептеймін.
Келесі кезекті оқушылардың өлең жолдарына берейік.

Қорытынды: Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді.
Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық.
Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады.
Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел!
«Мен Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары «Қазақстан-2050» Стратегиясының түпқазығы етіп алдым».
Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру әлде қайда қиын.
Бұл – әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай, жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама.
Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – 
Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. Бұл үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек.
Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік
Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек,- деп айтып кеткен болатын Тұңғыш Елбасымыз өзінің жолдауында.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!