жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мақала Тәуелсіздік
ТӘУЕЛСІЗДІК –МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ТҰҒЫРЫ
«...Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше ғана өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып үлгерді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы және сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін.»
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Қазақ жері, қазақ халқы көптеген тауқіметті басынан өткенгені белгілі. Қаншама жылдар бойы талай батырларымыз осынау ұлан – байтақ жерді қорғау үшін, елін қорғау үшін қасық қаны қалғанша күресті.
Ұлт болу, ұлттық болмысыңды жоғалтпау - бұл оңай шаруа емес. Қазақ халқы да ұлт болып, Тәуелсіздік алғанға дейін көптеген сынақтарды басынан өткерді. Бұл туралы тарих беттерінде айтылмаған қаншама сыр бар десеңші...
Тәуелсіздігіміздің құндылығы жайлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында: «Биыл қастерді Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Бұл қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата – бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес» - дей отырып, Тәуелсіздігіміздің қалыптасу кезеңін шартты түрде үш онжылдық белеске бөліп, саралап берді[1].
Осы орайда, біздің еліміз, біздің жеріміз – бұл бізге берілген аманат. Бізге берілген аманатты одан әрі көркейтіп, дамытып, жайқалтқан мен білетін ұлы тұлға – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, ал, қазіргі Қазақстан бәсекеге қабілетті, көз ілеспес жылдамдықпен дамып келе жатқан тәуелсіз мемлекет. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті.
Қазақ елі тәуелсіздік алғаннан кейін ынтымақтасып, жадпыұлттық және ұлтаралық бірлікті нығайтып, рухани - мәдени жаңғырды. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «...Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше ғана өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып үлгерді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы және сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін.» деген сөздерінен – ақ көптеген кедергілермен күресе отырып, нәтижеге жеткенін және бұл ерекше бақытты сезім екендігін ұғамын[2].
Елбасы қысқа мерзімде КСРО ыдырағаннан кейінгі түрлі олқылықтармен күресіп, экономикасы дамыған, әлеуметтік кепілдіктері мен қоғамдағы тұрақтылығы бар қуатты, күшті, тәуелсіз мемлекет құра алды. Еліміздің әл-ауқатын көтеру мақсатында, ауруханалар мен мектептер, жаңа оқу орындары, сондай – ақ түрлі әлеуметтік бағдарлаамалар жүзеге асырылуда. Елбасымыздың дана саясатының арқасында біз алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қатарынан лайықты орын ала алдық.
Елбасының өмір жолына үңіле отырып осындай металлургия зауытында қарапайым жұмысшы кезден бастап өзінің еңбекқорлығымен, табандылыңымен, қайтпас қайсар мінезімен, тынбас талпынысымен, кез-келген істе жетістікке жете білуімен ҚР Тұңғыш Президенті болғандығына қарап өзіме шабыт аламын. Бұл әрбір адамның қолынан келе бермейтін іс. Ел адамы болу, елім мен жерім үшін деп аянбай еңбек ету. Елді көркейту, халықтың мұңын, хәл-жағдайынан үнемі хабардар бола отырып, жағдайдың түзелуіне, елдің бірлігіне, мемлекеттік билікті жұмылдыра отырып, ел азаматтарының құқықтары мен бостандығының кепілі болу - Елбасының басты міндеттері болды деп айта аламын. Тәуелсіздікке қол жеткізуде, елімізді нарықтық қатынастың ауыр қыспағынан алып шығып, 140-тан астам ұлттар мен ұлыстардың басын біріктіріп, елімізде татулық пен бірліктің берік іргесін қалауда Елбасының еңбегі ұшан-теңіз.
Елбасының балалық шағына үңілер болсақ, ол тек қана өз сыныбының үздік оқушысы емес, мектептің үздіктерінің қатарынан болды. Өзінің ерекше қырларымен ерекшелене білді. Жалпы, ел адамы болу үшін көптеген қасиеттер болуы тиіс деп ойлаймын. Атап айтар болсам,ең алдымен, білімді, ақылды және басқарушылық қабілеті бар, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, жауапкершілігі мол, адал және өз елінде беделді және ықпал ете алатын , өз Отанын шын жүрегімен сүйе білетін, рухани бай, үнемі ұтымды шешім қабылдай алатын тұлға болу керек деп есептеймін. Осы қасиеттердің барлығы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевта бар. Ел Президенті болу кез-келген адамның қолынан келмейді. Ал Елбасыны халық бірнеше мәрте Президент болуға сайлады. Себебі Елбасы елдің сенімін ақтады, халық болашағын тек Елбасымен көрді.
Елбасы халықпен етене жақын болды. Халықтың барлық ауыртпалықтарын көре білді және шешімін тапты. Оның ғұмыр жолы бізге өнеге. Оның халықпен жүздесу сәттері халықтың жүрегінде мәңгі сақталары анық. Бір күннің өзінде бірнеше қалаларды аралап, жиі ел алдында болу - Елбасы үшін өте жауапкершілікті сәттері деп білемін.
Тәуелсіздік алып, 1991жыл Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстан өзінің Елтаңбасын, Туын, Әнұранын заңмен бекітті. Сондай – ақ өзіміздің ұлттық валютамызды шығарды.
1992 жылдың қыркүйегінде, Қазақстан Президентінің бастамасымен, ұлт тарихының сындарлы тұсында мемлекеттік шекарамен алшақталып, саяси жүйемен бір-бірінен қол үзіп қалған қазақ халқының өткенін екшеп, келешегін анықтауға, ел тұтастығына шақыруға бағытталған міндеттерді мақсат еткен Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайы Алматыда болды. Құрылтайда “Көшіп келу туралы” Заң негізінде қандастарымыздың елге оралуына мүмкіндік жасалғаны айтылды. Сондай – ақ еліміздің Қарулы Күштері мен Теңіз күштерін құрады. Ал, 1993 жылы 13–қаңтарда “Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы” Заңы қабылданды[3].
1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңы қабылданды. Елбасы ана тіліміздің дамуына ерекше көңіл бөліп келеді. Елбасының қазақ тілін өте жоғары бағалайтындығы, құрметтейтіні үнемі байқалатын. Себебі қаншама жыл Кеңес Одағының құрамында болған қазақтың тілі бұрмаланып кеткен еді. Қазақ тіліне жанашырлықпен қарағандығын “Кеше болмағанның бүгін болуы мүмкін, бүгін болмағанның ертең болуы мүмкін, бірақ ана тіліне мән бермеушіліктің, оны құрметтемеудің орны толмас олқылықтарға соқтыратыны сөзсіз”, “Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін” деп айтқан сөздерінен аңғаруға болады. 1998 жылдың 20 қаңтарында елімізде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 22 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің күні болып жарияланды. Қазақ тілі бүгінде ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналды. Айта берсек, Тәуелсіз ел атанғалы атқарылған шаруалар мен жеткен жетістіктерде шек жоқ. Дәл бүгінгі Қазақстан – дамудың даңғыл жолында. Әрбір адам өз жерімен, елімен, халқымен және тарихымен мақтанады. Біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасының жарқын болашағын құру үшін өткенді еске түсіру және бүгінді білуі өте маңызды. Өздеріңіз білетіндей, тарихсыз болашақ болмайды. «Өткеннің даналығы - қазіргі заманның баға жетпес байлығы»[4].
-
Тәуелсіздік - бұл елдің басқа мемлекеттер арасында лайықты орын алу құқығы.
-
Тәуелсіздік - халықтың және елдің басты құндылығы.
-
Тәуелсіздік - ұлттық жаңғыруға бағыт.
-
Тәуелсіздік - бұл елдің өз ресурстарын, саясатын және идеологиясын басқаруы.
-
Тәуелсіздік – ең құнды, ең бағалы байлық. Еліміздің Тәуелсіздігі – белестердің биігі.
Осы тұста, Елбасының мына сөздерін жадымыздан шығармағанымыз абзал: «Тәуелсiздiк туын тiгуге қаншалықты қажыр-қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр-қайрат керек». Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Әр ұрпақтың пешенесіне жазылған заман ағымы, кезең тынысы болады. ХХІ ғасыр бүгінгі ұрпаққа бұйырған бақыт деп ойлаймыз. Ата-бабаларымыз болашақ ұрпақ үшін ақтық демі қалғанша күресіп, бізге егемендік алып берді. Қазақ даласы ата-бабаларымыз ғасырлар бойы арман еткен және сол жолда зор құрбандықтарға душар болып, өз тәуелсіздігін жеңіп алды. Білімді, сауатты азаматтар – бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші. Еліміздің сауаттылығын арттырушы, әрбір өскелең ұрпақтың саналы да, сапалы білім алуына белсене ат саласа отырып, Қазақстанның одан әрі дамып, өркендеуіне - біз, мұғалімдер, деп өз үлесімізді қосуға тиістіміз деп есептеймін. Бүгінгі бейбіт күнде, шуақты күнде елімізді бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан орын алып, жаңа биіктерге өрлеуіне аянбай қызмет етуіміз қажет деп ойлаймын. Еліміз нығайып, халықаралық беделі биіктей түсті. Қазіргі таңда іргелі тәуелсіз ел, қуатты мемлекет болдық деп мақтанышпен айта аламын.

Ғ. Мұратбаев атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебінің дефектолог мұғалімі Ештаева Гүлжан Байсейтқызы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген