400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Мақала "Тәуелсіздік – тұғырлы тірегіміз!"

Материал туралы қысқаша түсінік
30 жылдық мерекеге орай құттықтау сөз, жастарға тәуелсіздіктің қадір-қасиетін ұғындыру, патриоттылыққа, отансүйгіштікке шақыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы: Оланбекова Ботакуз Сапарбаевна

Мақаланың тақырыбы: Тәуелсіздік – тұғырлы тірегіміз!

Мақаланың мақсаты: 30 жылдық мерекеге орай құттықтау сөз, жастарға тәуелсіздіктің қадір-қасиетін ұғындыру

Тәуелсіздік алу, өз алдына азат ел болу – қай елдің болмасын қуанышы, мақтанышы. Сол қуанышқа біздің қазақ елі де осыдан тура 30 жыл бұрын қол жеткізген болатын. Біз – жап-жас елміз. 30 жыл көзді ашып-жұмғанда өтіп кетер уақыт дегенімен, адам жасымен салыстырғанда, тәуелсіздікпен құрдас жандар қазірде 30-ға толып, толықсып, кемеліне жетіп отыр. Демек, бұл жылдардың аз уақыт болмағаны. Осы уақыт ішінде Қазақстан есін жиып, етегін қымтап, қабырғасын қисайтпай, өзге елдерге өзін-өзі дәлелдей білді деп айтсақ, артық етпейді. Жап-жас болса да, кей кезде біршама мықты елдерден де оқ бойы озық тұрып, біраз жетістіктерді қанжығасына байлады.

Бағындырған белестеріміз бен жеткен жетістіктеріміздің ауқымды, маңыздыларына тоқталып өтейік.

Ең алдымен, әлі бесіктен белі шықпаған елімізді аяққа тұрғызардай рухы бар азамат таңдап, билік басына елбасымызды сайладық. Ұлттық валютамызды айналымға енгіздік, төл теңгеміздің пайда болуын халқымыз зор қуанышпен және үлкен сеніммен қарсы алды. Қарулы Күштерімізді құрып, Ата заңымызды қабылдадық. Халықаралық ұйымдарға мүше болып, шет елдермен байланыс орнаттық.

Қазақ елінің керегесі кеңейіп, құрлықтағы шекарасы заң жүзінде бекіді. Тарих естеліктерінің маңыздылығын арттыру үшін елбасының тапсыруымен «Мәдени мұра» бағдарламасы қолға алынды. Бағдарлама тек тарих бойынша жұмыс істемейді, сондай-ақ, кеше мен бүгінді жалғастырып, болашақ жағдайлары туралы да хабардар етеді. Осы жылдар ішінде бірнеше съездерге басшылық жасап, басқа мемлекеттер арасында өз орнымызды айқындадық. Шетелден инвестиция тартып, кәсіп түрлерін дамыттық. Қазақстан елдер арасында транзиттік рөл атқарып, Ұлы жібек жолының қазіргі заманға сай баламасы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік дәлізі салынды.

«Қазақстан – 2050 стратегиясы» қолға алынып, «дамыған 30 елдің қатарына қосылу» деген алдымызға үлкен мақсат қойдық. «Нұрлы жол», «100 нақты қадам» жүзеге асырылып, ақылмен, дарынмен заманауи Қазақстанды жасап шығу үшін елбасының «Болашаққа Бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын қолдап, ол бойынша жұмыстар атқардық.

Иә, тәуелсіздік алынғаннан соң осынша жұмыс атқарылды ғой. Ал сол тәуелсіздікке дейінгі кезеңді әңгімелейікші. Тәуелсіздіктің қандай қиындықпен келгенін кейбіреу аузымен айтқанымен, жүрекпен сезіне алмас. Жап-жастай қыздарымыз бен жігіттерімізді қыршынынан қиып кеткен сонау 1986 жыл ұмытпаған болармыз. Еліміздің егемендігі үшін жанын берген жалынды жастарымыз мәңгі есте сақталып, ұлықтала беретін болады.

Желтоқсанның желі, аязы, ызғары 

Қанды мұзда талай қазақ сыздады.

Ұлт қамы үшін шыққан сол күн алаңға

Азап шекті қайсар қазақ қыздары.

Осы өлең жолдары-ақ қар төсеніп, мұз жастанған күндердің ауыртпалығын анық көрсетіп тұрғандай.

Осындай бейбіт елде өмір сүріп жатқанымыз - Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сабира Мухамеджанова, Қайрат Рысқұлбеков сынды қайтпас қайсар батырларымыздың арқасында деп білеміз.

Осындай дүрбелең шақтан соң, 1991 жылы ақыры азаттығымызды алдық. Алғашқы президент сайланды. Кез келген нәрсенің басын бастап, іргетасын қалау қиынның қиыны екенін бәріміз білеміз. Алайда, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бұл бастаманы да меңгеріп, Отанымызды аяғына нық тұрғыза алды. Сондықтан, өз қамынан халықтың қамын жоғары қоя білген елбасымызға қандай мақтау сөз айтсақ та жарасады. Н. Ә. Назарбаев – жаңа мемлекет қалыптастырған, жаңа астана тұрғызған, көптеген жаңа жобаларымен Қазақстанның дамуына үлкен үлес қосқан тұлға. Қазіргі таңда президентіміз - Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев. Президент болып сайланған бойда қызметіне дереу кірісіп, елбасының салған ұлы жолын жалғастыруда.

«Тәуелсiздiктiң әрбiр жылының бiз үшiн мәнi бөлек, маңызы айрықша.» - деп, елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтпақшы, осы жылы да мерейтойымызды дүркіретіп атап өтпекпіз. Осы орайда, жастардың тәуелсіздіктің қандай жолмен келгенін саналы түрде түсініп, қадірлей білуіне аса мән беруіміз керек. Себебі, сол кезде ғана олар мерекенің мәніне жетіп, шын жүректерімен сезіне алатын болады. Бүгінгі және келешек ұрпақ қазіргі жаңа сипаттағы Қазақстанның қалай құрылғанын білуі тиіс. Тамыры тереңге жайылған тарихымызды оқып, зерделеудің маңызы аса зор екенін айтқым келеді. Елбасымыздың айтқан тағы бір сөзі ойыма оралып тұр: «Азаттық алумен іс бітпейді. Тәуелсіздікті сақтап қалу үшін заманға сай амалың болуы керек екен.» Шынында да, еркіндік – мәңгілік емес. Біз кез келген сәтте одан айырылып қалуымыз мүмкін. Қолда бар алтынымыздан, Тәңір берген тәтті сыйымыздан айырылып қалмас үшін бірлігі жарасқан тату, сондай-ақ, ақылы толысқан мықты ел болуымыз керек. «Болашақ – жастардың қолында», «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп халық бекер айтпаған. Жастарымызға сапалы білім, дұрыс тәлім-тәрбие бере білсек, олардың қай додада болмасын жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болатыны айқын.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Шүкір, бабаларымыз қанша жыл аңсаған тәуелсіздіктің тәтті дәмін біз көрудеміз. Ұлтымыздың ұлылығын ұлықтап, жаңа, тың идеялармен Қазақстанның дамуына өз үлесімізді қосайық! Барша қазақ халқын 30 жылдықпен құттықтаймын! Тәуелсіздігіміз мәңгі болғай!

Оланбекова Ботакуз

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 желтоқсан
488
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі