Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!
Биыл Қазақстанымыз өзінің тәуелсіздігінің 26 жылдық мерекесін тойлауда. Бүгінгі күні Егеменді ел болып, көк байрағы желбіреп, күллі әлемге танымал болып отыр.
Бізге Тәуелсіздік оңай жолмен келіп жеткен жоқ. 1986 жылы 17-18 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастары КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы шықты. Бұл оқиға бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихында «желтоқсан оқиғасы» деген атпен қалды. Желтоқсанда қаншама жастарымыз осы тәуелсіздік жолында құрбан болды. Олардың қаны текке төгілген жоқ. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың көрегендігінің арқасында егеменді ел болғанымызға міне, 26 жыл болыпты.
Осы Тәуелсіздігімізді оқушыларға дәріптеп, олардың бойында елін, жерін сүю, отансүйгіштік қасиетті ояту, өзіндік әдеби-шығармашылық қабілетті дамыту мақсатында Алматы қаласы, Алатау ауданы кітапханашыларының тәлімгері Бибігүл Кенебаева және де №180 ЖББ мектептің кітапхана меңгерушісі Бақтиярова Мария Есеновна мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кожакеева Гульзат Умирхановнаның ұйымдастыруымен №180 жалпы білім беретін мектепте «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!» атты жас ақындар сайысы өткізілді.
Бұл сайысқа Алатау ауданының 24 мектебінен 24 оқушы қатысып, Тәуелсіздік туралы өздері жазған жүрекжарды өлеңдерін оқыды. Олар Тәуелсіздікке арнаған арнау-тілектерін, сезімдерін білдеретін өлеңдерін 4 мектеп оқушысы орыс тілінде, 1 оқушы ұйғыр тілінде, қалған 19 қатысушы қазақ тілінде жеткізді.
Абай атамыз:
Туғанда дүние есігін ашады өлең
Өлеңменен жер қойнына кіреді денең
Өмірдегі қызығыңның бәрі өлеңмен
Ойласаңшы бос қақпай елең-селең,- деп жырлап өткендей, сайысқа қатысушы жас ақын жеткіншектеріміз «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» деп өз өлеңдерін тәуелсіздікке арнады.

Бұл байқауда өлеңді оқу мәнерімен, өздерін сахнада ұстау тәртібімен, өлең шумақтарының ұйқастығымен, көрермендердің көзайымы болған №151 мектептің 6 «Д» сынып оқушысы Көбеев Нұрдаулет, №178 мектеп-лицейдің 5 «Қ» сынып оқушысы Қойекеева Айдана, №26 ЖББ мектептің 8 «Б» сынып оқушысы Ибрахим Бірлікті ерекше атауға болады.
Өз өлеңдерін орыс тілінде жеткізген №82 ЖББ мектептің 8 «В» сынып оқушысы Болтнева Александринаны және де ұйғыр тілінде оқыған №150 ЖББ мектептің 7 «Б» сынып оқушысы Абдикеримова Саёраны да айрықша атап кетуді жөн көрдік.
Сайыста бақ сыналар, бап сыналар,
Бас жүлдені өнерлі, тапқыр алар, - дегендей бүгінгі сайысымызда:
1-орынды №156 ЖББ мектептің 10 «А» сынып оқушысы Исенбаева Анель
2-орынды №180 ЖББ мектептің 11 «А» сынып оқушысы Жақыпбай Ерлік
№196 ЖББ мектептің 6 «Ә» сынып оқушысы Назарбек Назерке
3-орынды №41 ЖББ мектептің 6 «В» сынып оқушысы Арипхан Інжу
№171 ЖББ мектептің 8 «Б» сынып оқушысы Сейфатова Севиль
№182 ЖББ мектептің 6 «А» сынып оқушысы Мырза Маханбет иеленді.

1-орын жүлде иегері №156 мектеп 2-орын жүлде иегері №180 мектеп
оқушысы ИСЕНБАЕВА Анель оқушысы ЖАҚЫПБАЙ Ерлік

Бұл сайыстан біздің түйгеніміз қалам ұстап жүрген алдыңғы буын аға-апаларының ізін қуып келе жатқан жас ақындардың барлығы. Жас ұрпақ барда Тәуелсіз Қазақстанымыз мәңгі жасап, көк Туымыз желбірей бермек. Сайысқа қатысқан жас қаламгерлерге: «жазарларың таусылмасын» демекпіз!

САЙЫСҚА ҚАТЫСҚАН ОҚУШЫЛАР
1. №14 ЖББ мектептің 6 «А» сынып оқушысы Бекпатша Бибатима
2.№26 ЖББ мектептің 8 «Б» сынып оқушысы Ибрахим Бірлік
3. № 41 ЖББ мектептің 6 «В» сынып оқушысы Арипхан Інжу
4.№ 82 ЖББ мектептің 8 «В» оқушысы Болтнева Александрина
5.№91 ЖББ мектептің 5 «В» сынып оқушысы Ямщикова Анастасия
6.№114 ЖББ мектептің 7 «А» сынып оқушысы Султан Құралай
7.№149 ЖББ мектептің 8 «А» сынып оқушысы Бақытбек Балнұр
8. №150 ЖББ мектептің 7 «Б» сынып оқушысы Абдикеримова Саёра
9.№151 ЖББ мектептің 6 «Д» сынып оқушысы Көбеев Нұрдаулет
10.№152 ЖББ мектептің 8 «А» сынып оқушысы Жүнісбек Нурила
11. №154 ЖББ мектептің 7 «Б» сынып оқушысы Ергеш Индира
12.№156 ЖББ мектептің 10 «А» сынып оқушысы Исенбаева Анель
13.№160 ЖББ мектептің 5 «Б» сынып оқушысы Курмангалиева Каусар
14.№164 мектептің 7 «Ә» сынып оқушысы Құлахметова Нұргүл
15.№169 мектеп-лицейдің 7 «А» сынып оқушысы Рашит Фарида
16. №171 ЖББ мектептің 8 «Б» сынып оқушысы Сейфатова Севиль
17. №178 мектеп-лицей 5 «Қ» сынып оқушысы Қойекеева Айдана
18.№179 ЖББ мектептің 11 «А» сынып оқушысы Октябров Нұрлан
19.№180 ЖББ мектептің 11 «А» сынып оқушысы Жақыпбай Ерлік
20.№181 ЖББ мектептің 11 «Ә» сынып оқушысы Айтбайұлы Бекзат
21.№182 ЖББ мектептің 6 «А» сынып оқушысы Мырза Махамбет
22.№184 мектептің 9 «А» сынып оқушысы Оналбек Эльмира
23.№185 ЖББ мектептің 7 «Ә» сынып оқушысы Әмірхан Ақниет
24.№196 ЖББ мектептің 6 «Ә» сынып оқушысы Назарбек Назерке
№180 ЖББ мектептің
кітапхана меңгерушісі
Бақтиярова Мария Есеновна,
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Кожакеева Гульзат Умирхановна
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мақала "Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз"

шағым қалдыра аласыз