400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала «Тәуелсіздік-Туыммен тұғырлы,Елтаңбаммен еңселі,Әнұраныммен айбатты».

Материал туралы қысқаша түсінік
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай «Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу: ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар: ол тәуелсіз Қазақстан» міне, биыл Қазақ елі тәңірі берген Тәуелсіздігінің, арайлы азаттығының жиырма тоғызыншы жылына қадам басып отыр. Жиырма тоғыз жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі.Қазақ елінің еркіндігі,тәуелсіздігі үщін тарихта ерекше орын алатын көтерілістер: Сырым Датұлы,Кенесары Қасымұлы,Махамбет Өтемісұлымен Исатай Тайманұлы,ел тізгінін ұстаған азаматтардан халқымыздың осынау кең жақан далада өмір сүруі,тарих бетінен ұлт болып жойылып кету қаупі төніп тұрған еді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақала

«Тәуелсіздік-Туыммен тұғырлы,Елтаңбаммен еңселі,Әнұраныммен айбатты».

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай «Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу: ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар: ол тәуелсіз Қазақстан» міне, биыл Қазақ елі тәңірі берген Тәуелсіздігінің, арайлы азаттығының жиырма тоғызыншы жылына қадам басып отыр. Жиырма тоғыз жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі.Қазақ елінің еркіндігі,тәуелсіздігі үщін тарихта ерекше орын алатын көтерілістер: Сырым Датұлы,Кенесары Қасымұлы,Махамбет Өтемісұлымен Исатай Тайманұлы,ел тізгінін ұстаған азаматтардан халқымыздың осынау кең жақан далада өмір сүруі,тарих бетінен ұлт болып жойылып кету қаупі төніп тұрған еді. Шоқтығы биік Шоқаннан бастап,поэзия көгінде алаулаған Сұлтанмахмұт,батыр ұлдар Төлеген мен Талғат,шығыстың қос шынары Мәншүк пен Әлия,т.б. есімдері аталмаған әпке -ағаларымыздың ізін басқан бүгінгі ұрпақ өкілі Қайрат Рысқұлбеков,Ләззат Асанова,Ербол Сыпатаев,Сәбира Мұхаметжановалар тұрса,олар жайлы әлі талай жыр туар,талай дастан жазылуы сөзсіз.Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік,керегесі кең мемлекет болып қалыптастық.Тәуелсіздік үшін ақ білектің күшімен,ақ найзаның ұшымен елін қорғаған бабалар рухынан қуат алған ызғарлы Желтоқсан оқиғасы қазақ халқының қасіреті де,қасиетті де жетерлік тарихына айналды.Желтоқсан жаңғырығы бізге Тәуелсіздіктің таңын әкелді. Қазақстан халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы»конституциялық заң қабылданған соң 1991 жылдың 16 желтоқсан күні тәуелсіздік күні болып жарияланды.Еңсемізді тіктеп,егемен ел атанып,өз алдында отау тігіп дербес мемлекет атанған Қазақстан қаншама қиындықтарға жолықса да тастай берік төзімділіктің арқасында,жалпақ әлемге өзінің өршіл үнін,өркениетке деген үмітін мойындатты.Ата бабаларымыздан мұра болып қалған ұлаң ғайыр атамекен жеріміз,мәдениетіміз,тіліміз тек қана қазақтың рухының күштілігімен сақталды.Бүгінгі таңда өзіміздің тұғырлы туымыз,еңселі елтаңбамыз,айбатты әнұранымыз бар. Біз өзіміздің рәміздерімізбен мақтанамыз.Мемлекеттік рәміздер бұл біздің мемлекетіміздің,егемендігіміздің,тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді.

Әнұран мен, Елтаңба, Көк туымыз,
Тәуелсіздік бақытты, шаттығымыз.
Бірлігі бар, ұлы дала елімізде,
Татулықпен желбірейді ақ туымыз.

Елбасымыз сара жол салып берді,
Қүллі әлемге Көшбасшы танытты елді.
Бір Елбасы, Бір тағдыр, мақсаты бір,
Ер еңбегін қазақтай халық көрді.

Бойымызға күш-қайрат жию керек,
Бірлік пен татулықтай сыйың бөлек.
Өз елін, туған жерін, өз отанын,
Рәмізін әрбір ұрпақ сүю керек.
Көк тәңірдің сыйы-Көк туымыз,Елдіктің нышаны-Елтаңбамыз,Әлемге танытар-Әнұранымыз асқақтай берсін!


          





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
487
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі