400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала: "Тәуелсіздік ұғымын балабақша балаларына түсіндіруден басталады.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала: "Тәуелсіздік ұғымын балабақша балаларына түсіндіруге басталады. Еліміз азат, бейбіт күннің құрамында тербелгелі міне 30 жыл болды.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тәуелсіздік ұғымын балабақша

балаларына түсіндіруден басталады


Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі ұғым. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны жердің тамырында жатқан құдіретті сөз.

Еліміз азат, бейбіт күннің құшағында тербелгелі міне 30 жыл болмақ. 30 жылдың ішінде білім беру саласында оның ішінде балабақшада тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндерге тәуелсіздіктің қадір қасиетін түсіндіру жолында қажырлы еңбек етіп келеміз.

Әрине, бой түзеп, еңсемізді осындай қысқа уақыттың ішінде көтеріп үлгердік. Тәуелсіздік атты ұғымның қазақ халқының бойына қаны болып енгелі 30 жыл ғана болды десек қателескеніміз болмақ. Қазақ халқы қазақ болып қалыптасқаннан ақ осы киелі ұғымның тереңіне бойлағысы келді, тұнығында жүзгісі келді. Сонау ғасырлар бойына үңілсек те, бертін келе жастардың жалынды әрекеттерін ескерсек те бәрінің арманы бір, мақсаттары айқын болды.

XV ғасырда қазақ халқы туылып, бесігінде тербелгелі, XVI ғасырда тәй-тәй басып, әр ғасыр сайын бірде қанаты қырқылып, бірде биіктеп осы күнге де жетіп қалдық. 1991 жылы 16 желтоқсанында нақты аяғынан тұрып, әлемдік аренада егемен ел ретінде қалыптасты. Сол уақыттан бастап еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық.

Арысы қазақ хандығынан бастап берісі егеменді елдің іргесіне дейінгі көшті жалғастырып келе жатқан, атадан тараған ұрпақтың парызы осы аманатты сақтау. Жәнібек пен Керейдің керген керегесін кілем үсті көтеріп, Отанды қастерлеп өту әрбір ұрпақтың міндеті. Қазақта «Отансыз адам – ормансыз бұлбұл» деген сөз бар, орманы жоқ құстың ұясы да, қонар бұтағы да жоқ, дәл сол секілді тірлік кешу ортасы жоқ ұлттың өмір сүруі мүмкін емес.

Демек, «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей, баланы балабақшадан бастап тұлға ретінде қалыптастыруға тілімізді, мәдениетімізді қастерлеу өте маңызды. Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге үйретуіміз қажет. Қазақстанның болашағы - жастарды тәрбиелеу балабақшадан басталып, мектепте жалғасады. Қазіргі кезде жастарымыздың арасында Отанды қорғауға деген саналы көзқарастың болмауы салдарынан, көптеген қилы келеңсіздіктер жиі кездесіп қалады. Сондықтан да балабақшадан бастап, мектепте, жолда және өзге де мекемелерде патриоттық тәрбие беруді қолға алудың қажеттігі айқын байқалуда.

Осы мақсатта №8 «Балапан» бөбекжай балабақшасында «Тәуелсіздігім теңдігім, Егемендік елдігім» атты мектепалды даярлық ересек топтар арасында Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына мерекелік ертеңгілік және де «Қошақан» мектепалды даярлық тобында «Менің Отаным – Қазақстан!», «Күн» мектепалды даярлық тобында «Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында ұйымдастырылған ашық оқу қызметтері болып өтті.

Тәуелсіздік жылдары тәрбиеленіп жатқан бүгінгі бала-ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр-сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай жасалуда. Біздің бала­бақшамызда балаларға үздіксіз білім беруде барлық жағдай қарастырылған. Бала­бақшада балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуына педагогтардың педагогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығы өте жоғары. Осы уақытқа дейін тәрбиеші ретінде балаларға үздіксіз тәрбие мен білім беруде жаңартылған педагогикалық технологияларды­ кеңінен қолдануға тырысамын.

Қорыта келе айтарым: «Біз тұрғызатын қоғам арды бағалайтын белсенді,жоғары моральды әдепті және рухани байлығы мол адамдардан тұру керек», - ал,ол болашақтың адамдары, біздің алдымыздағы тәрбиелеп отырған бүлдіршіндеріміз. Халқымыз бекер айтпаған «Тәрбие басы – тал бесік», «Ел боламын десең,бесігіңді түзе», - деп.

Балабақша ұжымының алдында тұрған ең басты міндетердің бірі қоғам өміріндегі әлеуметтік өзгерістерге бейім, толыққанды жетілген, білімді, ұлттық санасы қалыптасқан ұрпақты тәрбиелеп өсіру.




№8 «Балапан» бөбекжай

балабақшасының тәрбиешісі

Бекетова Нұржамал Ережепқызы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
486
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі