Мақала Технология әлемі ЖИ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала Технология әлемі ЖИ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі балабақша — тек қарапайым тәрбие ошағы емес, бұл – білім мен шығармашылықтың бастауы. Сол себепті баланың дамуына ықпал ететін инновациялық технологияларды қолдану – басты қажеттілік. Инновациялық технологиялар арқылы балалардың қызығушылығын оятып, ойлау қабілетін дамытып, оқу мен ойын әрекетін үйлестіруге болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Технология әлемі ЖИ

Тәрбиеші: Абдрасимова Нургуль Пляхановна

Жасанды интеллект ұғымына нақты бір ғана анықтама беру қиын, себебі бұл сала өте кең әрі әртүрлі. NASA сайтына сәйкес, ЖИ – адамның ойлау қабілетіне тән тапсырмаларды орындау үшін компьютерлік бағдарламалар мен аппараттық жүйелерді қолданатын технологиялар жиынтығы.

Қазіргі заманда білім беру жүйесі үлкен өзгерістер мен жаңарулар кезеңінде тұр. Бұл үрдіс мектепке дейінгі білім беру саласына да

тікелей әсер етуде. Себебі баланың дамуындағы ең маңызды кезең — оның балабақшадағы жасы. Дәл осы шақта баланың жеке тұлғалық қасиеттері, танымдық белсенділігі, шығармашылық қабілеттері қалыптасып, дамиды. Сондықтан осы кезеңде қолданылатын әдіс- тәсілдер мен технологиялар заманауи талаптарға сай болуы қажет. Бүгінгі балабақша — тек қарапайым тәрбие ошағы емес, бұл – білім мен шығармашылықтың бастауы. Сол себепті баланың дамуына ықпал ететін инновациялық технологияларды қолдану – басты қажеттілік. Инновациялық технологиялар арқылы балалардың қызығушылығын оятып, ойлау қабілетін дамытып, оқу мен ойын әрекетін үйлестіруге болады. ЖИ білім беру саласында оқушылардың қабілетіне бейімделген оқу жүйелерін құруға мүмкіндік береді

Балабақшада инновациялық технологияларды қолдану, балалардың  қызығушылығын оятып, ойлау қабілетін дамытып, оқу мен ойын әрекетін үйлестіруге мүмкіндік береді. Бұл технологиялар балалардың өзіндік белсенділігін едәуір арттыруға, шығармашылық ойлауды дамытуға балалардың қызығушылық тудыратын пән немесе құбылыс туралы ақпаратты өз бетінше таба білуіне және осы білімді шындықтың жаңа объектілерін құру үшін пайдалануға мүмкіндік береді.

Тәрбиеші болу – балаларды күн сайын жаңа дүниелермен таңғалдыру, олардың танымын арттырып, шығармашылығын дамыту деген сөз. Оның үстіне ата-аналармен байланыс жасап, тәрбие жұмыстарын жоспарлау да бар. Қысқасы, тәрбиешінің жұмысы күн сайын тынымсыз еңбекке толы. Бірақ технология дамыған заманда тәрбиешілердің жұмысын жеңілдететін керемет ЖИ құралдары бар. Олар сабақты қызықты етумен қатар уақытты үнемдейді.

Егер балаға ойын арқылы білім бергіңіз келсе Kahoot - ты пайдаланыңыз. Бұл – викторина мен тест сұрақтарын ойын түрінде ұсынатын керемет платформа. Мысалы, «Түстер әлемі» тақырыбында балаларға түрлі түстерді үйрету үшін сұрақтар дайындауға болады. Тапсырма мысалы: «Қызыл түс қандай жемістің түсіне ұқсайды?» «Көк түсті аспанды қай кезде көреміз?» Балалар интерактивті тақта арқылы дұрыс жауаптарды таңдайды. Жауап берген сайын экранда көңілді анимациялар пайда болады. Мұндай ойын балалардың білімін тексеріп қана қоймай, олардың қызыңушылығын оятады. Сонымен қатар ЖИ-мен сурет салудың жаңа деңгейі AutoDraw -ты пайдала-ныңыз. Бұл– қарапайым сызықтарды әдемі суретке айналдыратын керемет құрал. Балабақшада балалар кейде фигураларды дұрыс сала алмай қиналады. Осы платформаның көмегімен бала өз фантазиясы-мен сурет салады, ал ЖИ оны автоматты түрде танымал пішіндерге айналдырып береді. Тапсырма мысалы: «Дөңгелек пен төртбұрыш салып көрші, AutoDraw оны қандай пішіндерге айналдырады екен?» «Үйдің суретін салайық, сенің үйің қандай болады?» Балалар өз суреттерін экранда көріп таңқалып, қиялын еркін дамытады. Балалардың таным - түсінігін арттыру үшін Оқыту бейнероликтерін пайдаланыңыз. Балаларға бейнероликтер арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру әрқашан қызықты. Бұл бағытта YouTube Kids платформа-сы тәрбиешілерге қауіпсіз контент ұсынады. Мысалы, «Жеміс-жидектер әлемі» туралы мультфильмдер арқылы балалар жемістердің түрін тез жаттайды. Тапсырма мысалы: «Алма туралы мультфильм көрдік. Қандай түсті алма көрдің?» «Мультфильмде қандай жаңа жеміс туралы білдің?» Балалар бейнероликтен алған ақпаратты ойын арқылы қайталаса, есте сақтау қабілеті артады. Сонымен қатар балалардың музыкалық қабілетін шыңдау барысында Simply Piano-ны қолданса болады. Бұл – музыкалық шығармашылықты дамытады .Simply Piano – балаларға пианинода ойнауды үйрететін тамаша қосымша. Балабақшадағы музыка сабақтары үшін өте пайдалы. Платформа балаға дұрыс ноталарды үйретіп, ойын арқылы әуен ойнауға мүмкіндік береді. Тапсырма мысалы: «Қазір пианиноның ақ ноталарын басып көрейік. Қандай әуен шықты?» «Музыканы қайталап ойнап көрші, бұл біздің балабақшадағы сүйікті әніміз болсын!» Балалар музыкалық шығармашылықтарын дамытып қана қоймай, музыкаға деген қызығушылықтарын арттырады. ЖИ арқылы балалардың тәртібі мен мотивациясын бақылаңыз ClassDojo платформасы тәрбиешілерге балалардың тәртібін бақылауға және олардың жетістіктерін ата-аналармен бөлісуге көмектеседі. Әр балаға жеке аватар жасалып, жетістіктеріне қарай ұпайлар беріледі. Мысалы, «Үлкендерге көмектесу», «Ойын кезінде тәртіп сақтау» сияқты тапсырмалар үшін балаларға қосымша ұпай беріледі. Тапсырма мысалы: «Кім бүгін ойынды тыныш ойнап, достарына көмектеседі – сол Dojo ұпай алады!» «Бір-бірімізді тыңдайық. Тыңдаған әр балаға жұлдызша!» Балалар үшін бұл үлкен мотивация болып, тәрбиешіге тәртіпті жеңіл бақылауға мүмкіндік береді.
Мен өзім осы ЖИ негізінде
«Заттарды санау және салыстыру » тақырыбында өткен сабағымда осы ЖИ – ді пайдаландым. Сергіту сәті «Асықпен», Қыймылды ойын: 1-10 ға дейін тапсырмаларында ЖИ –ні пайдаланып, балалардың сабаққа деген қызығушылығын арттырдым.

Ақылды технологиялар мен жасанды интеллект білім беру жүйесінде жеке дара оқытуды, деректерге негізделген шешім қабылдауды және педагогикалық қолдаудың үздіксіздігін қамтамасыз етеді.
Жасанды интеллект – адамзат өркениетінің жаңа белесі. Ол біздің өмірімізді түбегейлі өзгертуде. Бірақ бұл технологияны дұрыс бағытта дамыту – барлығымыздың ортақ жауапкершілігіміз. Егер адам мен машина

өзара тиімді әрекеттессе, онда ЖИ болашақта адамзатқа үлкен пайда әкелетін ұлы құралға айналмақ.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
12.03.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі