Материалдар / Мақала "Туған жер"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мақала "Туған жер"

Материал туралы қысқаша түсінік
жалпы мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Мамыр 2021
537
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Туған жер –тұнған шежіре

Туған жер – әр адам үшін қастерлі де қасиетті ұғым. Туған жерге, туған елге деген махаббат әр адамды алға жетелеп отырады. Кешегі өткен заманда ата – бабаларымыз мынау байтақ жеріміз үшін аянбай күресіп, тер төккен. Білектің күші, найзаның ұшымен жерімізге көз алартқан жаулардың әрдайым бетін қайтарып, тойтарыс беріп отырған. Одан бері де қилы замандар орын алса да, өз туған жеріне деген халқымыздың дүркін – дүркін көштері әр заманда да орын алып келеді. “Айшылық алыс жерлерден” ат арытып келгендегі басты себеп, ол – туған жерге деген мәңгілік сағыныш. «Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары» деп бекер айтылмаса керек. Қаз дауысты Қазыбек бабамыз: «Алтын ұяң – Отан қымбат... Туып өскен елің қымбат, кіндік кескен жерің қымбат», - деп туған жердің қасиетін ерекше бағалап кеткен. Әр адам үшін өзінің туған жері ыстық. Әр адам үшін өз туған жерінен асқан жер жоқ. Ата – бабамыз аманаттап кеткен біздің жеріміз ұшқан құстың қанаты талатын, жүгірген аңның тұяғы тозатын Алтайдан Атырауға дейін, Алатаудан Арқаға дейін жалғасып жатқан кең байтақ атырап. Осынау ұлан – ғайыр даланы көзінің қарашығындай қорғау, шексіз сүю, әр тауы түгілі тасын да қастерлеу басты міндетіміз болып табылады. Әрине, қазақ баласы үшін байтақ жердің қай пұшпағы болса да ыстық қой.
Менің туған жерім – қасиетті Бәйдібек өңірі тарихымен ғана емес, елді – мекен атауларының шығу тарихы жағынан да барлық адамдарды бей-жай қалдырмасы анық.
Міне, аудан аумағынан 
Шаян,Арыстанды, БөгенБоралдай, Бестоғай, Сасықөзен өзендері және олардың салалары Үлкен БөгенБала БөгенҚошқарата, Құтырған,сияқты өзендері бар. Шаян өзенінде Қапшағай бөгеті салынған. Аудан жерінде Арыстанды өзенінің бойында әйгілі Арыстанды-Қарабас желі соғады. Бәйдібек ауданы қасиетті де, киелі жерлерден кенде емес. Бүкіл дүйім елге аты мәлім тарихи тұлға Бәйдібек бабаның, Домалақ ананың, Сыланды, Зеріп сынды Қос ана кесенелері, Ақтас, Шақпақ, Қазата, Қошқарата, Теректі әулиенің, Жеті отау, Ақмешіт үңгірінің осы аймақта орналасуы тектен-тек емес. Туған жерімнің қасиетті екендігі осының айғағы. Бүгінде музейге айналып, халық игілігіне пайдаланылып отырған ХVIII-XIX ғасырдың жәдігері аудан орталығы Шаян ауылындағы Аппақ ишан мешіт-медресесінің өзі кешегі күндеріміздің талай құпиясын паш етіп отыр.Біздің ауылдағы Түйетас әулие туралы да айтпай кетуге болмайды.. Қарт Қаратаудың өтінде, Арыстанды-Қарабастай желіне шыңдалған өрелі, өжет жандар, өнерлі адамдар көп шыққан өлке деп мақтанып тұрып айта аламын.. Осынау шағын өлкеден Қарсыбай Сыпатаев пен Садық Әбжаппаров сынды қос бірдей Кеңес Одағының батырлары шықты. Атабек Сәтмырзаев пен Әшім Сейдахметовтей Социалистік Еңбек Ерлері – ауданымыздың мақтаныштары. Біздің өлке ғалымдар, академик, профессорлардан да кенде емес. Өмірбек Жолдасбеков, Нысанбек Төреқұлов, Марс Үркімбаев, Мәулен Құдайқұлов, ақын, жазушылар Еркінбек Тұрысов, Аян Нысаналин, абыз қария атанып өмірден өткен Әдіһам Шілтерханов, Сәбит Жолдасов, Сәбит Жиренов, Жүніс Сахиевтай халық қалаулыларының, есімдерінен бірнеше том кітаптар жазуға болады. Міне, менің туған жерім осындай ғажайып сырларға толы өлке. Көрікті жерлері туралы таңды – таңға жалғап баяндай берсемде болады. Отан тарихын танып, білу – туған ауыл, туған жердің тарихынан танудан басталады... Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінде көптеген жұмыстар жасалуда.Туған өлкеміздің тарихына үңілуге, төл тарихымызды білу мақсатында «Туған өлке тарихын білесің бе?»-атты танымдық пікірсайыстар, байқаулар, «Туған жер – алтын бесік» атты сайыс сабақ, кітап көрмелері және «Туған жер – тұнған тарих» атты картиналар галлереясы, «Туған жер-2020» мектепішілік шығармалар байқауы өткізіліп, үздік шыққан шығарма ауданға ұсынылды. «Туған жерге туыңды тік!», «Ауылым-алтын бесігім»-атты оқушыларды туған өлкесінің тарихы, табиғатымен таныстыру мақсатында туристік жорықтар,бастауыш сыныптар арасында әңгімелер, тәрбие сағаттары, дөңгелек үстелдер, мәдени кештер өткізілді. «Қазақстанның киелі жерлері» жобасы бойынша ауылдың тарихи орындарына бару мақсатында Түйетас әулиеге, Домалақ ана,Ақмешіт үңгіріне саяхаттар жасадық.. Алдағы уақытта атқарылатын іс-шаралар жоспары да бекітілген. Сол жоспар бойынша алдағы уақытта көп игі істер күтіп тұр. Жоспарға оқушыларға ұлттық тәрбие беру, отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, төл тарихымызды дәріптеу, құрметтеу, бағалау сияқты мақсаттар енгізілген. Оқыту мен тәрбиелеу барысындағы шәкірттеріңнің осындай кішігірім болса да, әрбір жетістігіне қуана білу және оны әрдайым мақтап, мадақтап отыру баланы өсірудің,туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттырудың тамаша жолы. Оқушыларымыз да осылайша туған жеріміздегі тұнған тарихымызға, ұлттық руханиятымызға шама-шарқынша үлестерін қосып отыр. Еліміздің ертеңі осы жастар болғандықтан олардан күтер үмітіміз көп.. Бүгінгі ұрағымыз үмітімізді ақтап, халқына қалаулы, еліне елеулі нағыз отансүйгіш азамат болып жетілуіне бағыт- бағдар беруіміз керек. Біз ұстаздар қауымы балаларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруден жалықпай рухани байлығымызды арттыруға қызмет ете берейік.

Бәйдібек ауданы Түйетас ауылы Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Рысалиева Гулмира Мырзатаевна



















































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!