400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала "ҰБТ және мемлекеттік емтихан тапсырушы түлектерге психологиялық көмек"

Материал туралы қысқаша түсінік
психологтарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҰБТ тапсырар алдында балаға тесттің маңызды екенін айта берудің қажеті жоқ. Ол бұл сөздерді күн сайын ұстаздарынан естіп жүр. Оның үстіне тесттің маңыздылығын айтатын уақыт өтіп кетті. Енді балаңызды біртіндеп тесттен кейінгі өмірге психологиялық тұрғыдан дайындай беріңіз. Тесттен өте алмай қалса, ештеңенің өзгермейтінін, бәрібір елден қалмай оқитынын айтыңыз. “Осыдан қажетті баллды жинай алмай қалсаң, ешкімге керексіз қара жұмысшы болып қаласың!” деген сөздерді айтуға мүлдем болмайды Психологтар ойлардың шынға айналуға бейім екенін естен шығармауға кеңес береді.

Сондықтан, балаға ҰБТ-дан сәтті өтіп, қалай жоғарғы оқу орнына тапсыратынын, студенттер қатарына қабылдау кешіне қалай дайындалатындарыңызды айтыңыз. Негативті ойлардан аулақ болыңыз. Қанша уайымдасаңыз да, оны балаңызға көрсетпей, оған сенетініңізді білдіріңіз. Тест жақындаған сайын балаңызбен бірге екеніңізді, оған маңызды нәрсе сіз үшін де маңызды екенін айтқан жөн. Кейбір ата-аналар “Тест тапсырсаң, өзіңнің болашағың үшін тапсырасың. 11 жыл бойы не оқыдың?” деп балаларына жекіп, түрлі жұмыстарды істетіп қояды. Психологтар бұндай кезде, керісінше, баланың тестке дайындалуға кететін уақыты мен ұйықтайтын уақытын қатты қадағалап, мүмкін болса, үй шаруаларынан босата тұруды ұсынады. Бұл балаға еш алаңсыз дайындалуға мүмкіндік береді.

ҰБТ тапсыруға кіргелі тұрған балаға ешқашан аяушылық танытып, көңілін босатуға немесе «сөйт-бүйт» деп кеңес айтуға болмайды. Керісінше, оны «біз неге болса да дайынбыз», «біз сені әрқашан жақсы көреміз» деген сияқты сөздермен қоштау керек.

Сондай-ақ, тест тапсыратын күні балаңызды “қолдау” үшін бірнеше туысқаныңызды ертіп апармаңыз. Бұл балаға үлкен жауапкершілік артып, психологиялық тұрғыда күш түсіреді.

Емтиханды сәтті тапсыру көбіне баланың көңіл-күйіне байланысты. Сондықтан оның қанша балл жинаса да, бірінші аман болғаны керек екенін айтып, ҰБТ білімді толық көрсете алмайтынына сендіріңіз.

Емтиханнан кейін баланы сынаудың қажеті жоқ. Оның қанша балл жинайтынын ойлап уайымдай бермеңіз. Себебі, ата-ананың балаға деген махаббаты мен баланың білімі баллмен өлшенбейді. Қандай жағдайда да балаға, оның болашағының жарқын болатынына сенімді болу керек. Қорқа бермеңіз. Әдетте, қорыққан нәрсе жиі болады. Сондықтан жақсылықты ойлаңыз!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
19 мамыр
625
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі