400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала. Үйірмеден үйренерім көп 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің есімім - Нұрғиса. Мен Шымкент қаласындағы «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ер балаларға арналған №1 лицей-интернатының 8-сыныбында оқимын. Біздің мектебімізде әр оқушыға өз білімін ғана емес, бойындағы қабілеттерді де дамытуға да жағдай жасалған. Осы мақсатпен лицейде көптеген үйірмелер жұмыс жасайды. Атап айтқанда, домбыра, «Зергер», «Шабыт» драма үйірмелері, арт клуб, спорт түрлері бойынша үйірмелер, Көңілді тапқырлар клубы. Солардың ішінде мен өз бейімділігіме қарай «Шабыт» драма үйірмесін таңдадым. Бұл үйірмеден менің үйренгенім көп болды, мысалы, сахна мәдениеті, сөздерді дұрыс дыбыстау, актерлік шеберлік.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: “Үйірмеден үйренерім көп”.

Дайындаған: Мекенбай Нұрғиса Шадиярұлы

“Білім-инновация” ер балаларға арналған №1 лицей-интернаты

8А сыныбының оқушысы

Тәрбиеші және жетекшісі: Иманова Гаухар Бердихановна



М енің есімім - Нұрғиса. Мен Шымкент қаласындағы «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ер балаларға арналған №1 лицей-интернатының 8-сыныбында оқимын. Біздің мектебімізде әр оқушыға өз білімін ғана емес, бойындағы қабілеттерді де дамытуға да жағдай жасалған. Осы мақсатпен лицейде көптеген үйірмелер жұмыс жасайды. Атап айтқанда, домбыра, «Зергер», «Шабыт» драма үйірмелері, арт клуб, спорт түрлері бойынша үйірмелер, Көңілді тапқырлар клубы. Солардың ішінде мен өз бейімділігіме қарай «Шабыт» драма үйірмесін таңдадым. Бұл үйірмеден менің үйренгенім көп болды, мысалы, сахна мәдениеті, сөздерді дұрыс дыбыстау, актерлік шеберлік. Үстіміздегі жылы біздің үйірме ұстаздардың кәсіби мерекесіне орай «Әл-Фараби» қойылымын сахналады. Ұлы ұстаздың құрметіне дайындалған қойылым к өпшіліктің көңілінен шықты. Мен онда отырарлық данышпан бабамыздың бала кезін сомдадым. Дайындық барысында тек рөлге енуді ғана мақсат етпедім, сонымен бірге Әл-Фарабидің өмірі, ғалымдық қызметі туралы да ізденіп, көптеген тың мәліметтер білім алдым.

А ктерлік шеберлікке қатысты лицейдің көңілді тапқырлар клубына да мүшемін. Клубымыз «Тентек қошқарлар» деп аталады. Мұнда біз қызықты қалжыңдар ойластырамыз, табан астында әзілмен жауап беру үшін ізденеміз, тапқырлық, шешендік, байқампаздығымызды шыңдаймыз. Жақында Қызылорда қаласында «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» қорының ұйымдастыруымен өткен оңтүстік аймақтық "Көңілді тапқырлар лигасында" өнер көрсетіп, жүлделі 2-орынды жеңіп алдық. Бұл да мен үшін үлкен тәжірибе болды. Сөзімнің соңында барлық құрдастарыма үйірмелерге қатысып, қабілет-дарындарыңды дамытыңдар дегім келеді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25.11.2021
590
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі