Ұжымдық (топтық) технологияның тиімділігі
Қазіргі уақытта қоғам дамылсыз даму үстінде. Ал, осындай уақытта кез келген салада болсын, тек алға жылжу талап етіліп отыр. Соның ішінде білім сақшылары мұғалімдер ізденіссіз қалатын болса, тот басқан машинадай керексіз боп қалары сөзсіз.
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп сөз алыбы Мұхтар Әуезов айтқандай, еліміздің болашағы болатын жас ұрпақты дұрыс тәрбиелеп, тура жолды нұсқап, білім бұлағымен сусындататын мұғалімнің қоғамда орны ерекше. Тәуелсіздік алғалы бері, Елбасымыздың дұрыс саясатының арқасында, ана тіліміздің ахуалы да біршама жақсарып, жаңғыра түскендей. Дәл осындай кезеңде мұғалімдерден сұралатын басты талап- оқушылардың бойына қазақ тілінің мерейі қаншалықты биік әрі тұғырының мықты екендігін, саналарына сіңдіріру.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп, ұлы Абай айтқандай, мұғалімнің балаға үйретері, көңіліне тоқытары мол болу керек. Оқушы бастапқыда мұғалімнің алдына аппақ парақ секілді болып келеді, мұғалім сол параққа не түсірсе, болашақта соның бейнесі көрінетін болмақ. Практика жүзінде алып қарайтын болсақ, мұғалім сабақ өту барысында, тақырыпты түсіндіру кезінде, өзініңде білімін жетілдіріп, білгенін тереңдете түседі.
Оқушыға сабақтың оңай әрі түсінікті болуын қаласа, алдымен мұғалім өзі сол тақырыпты терең түсініп меңгеруі тиіс және оны ерекше әдістермен сабақты түрлендіріп, оқушы санасына құятын болса, нұр үстіне нұр. Яғни, әр сабаққа мұғалім тиянақты дайындалып келіп, сабақ өту кезінде жаңа технологияларды қолданса оқушының сабаққа құштарлығы артып, қызығушылығы оянады. Егер осы қадам сәтті шықса, оқушы бойындағы сабаққа деген селқостықтан құтылдық деген сөз. Жаңа технологияларды меңгеру – заман талабы. Бұл деген сөз, жауыр болған ескі әдістің бетін жылы жауып, өзін-өзі дамытатын, оқушының интеллектуалды ойлау қабілетін өсіретін жаңа әдіс-технологиялардың тиімділігін пайдалану.
Сабақ өту барысында мұғалімнің ең сенімді досы оның білімі, ал мықты құралы оның әдісі, технологиясы. Кез кеген мұғалім өзіне ыңғайлы әдіспен сабақты түсіндіреді. Жаңа педагогигалық технологиялар оқушының тұлға болуына, өзіндік менінің қалыптасуына ықпал етсе, мұғалімнің білімін нығайтады және тәжірибесі зор ұстаз болуына көмектеседі. Менің ойымша, кез келген мұғалім әр сабақты «үйретемін» және «үйренемін» деп бастайтын болса, екі жақ үшін де ұтымды болар еді. Алайда үйретемін деп оқушыны жалықтырып алудан аулақ болу тиіс. Ол үшін, мұғалім ең әуелі жаңа технологияларды жетік меңгеріп, өзіне жақын технология түрін таңдап, тақырыпты, айтылатын ойды тұшымды етіп оқушыға жеткізгені жөн. Мен сабақ өту барысынды топтық оқыту технологиясын таңдадым. Топтық яғни ұжымдық оқыту технологиясы – шығармашылық, өнерпаздықты талап ететін үрдіс. Қазіргі таңда оқыту әдістемесіндегі жаңа технологиялар білімді жеке тұлға болып қалыптасуға қарай бағыттайды. Ал, топтық оқыту технологиясының басты ерекшелігі, әр оқушының өзіне ғана тән мінезі, ойлау қабілеті, қабылдауы, болжау жасауы, шешім шығаруы тұжырым жасауы негізінде жасалады. Ұжымдық оқыту тәсілдерінің басты мақсаты: әр баланың дарынын дамыту, топтағы әрбір мүшенің тасада қалып қоймай өзін көрсетіп ойын анық жеткізуі, бәріне ортақ жұмыста бір-біріне көмек беруі, ынтымақтастығы, бірлігі болып табылады. Топтық оқыту тәсілдерінде мұғалім мен оқушының іс-әрекеті алмасып келіп отырады. Яғни, жаңа білімді меңгерту мен тапсырма беруде бір-бірінің жұмыстарын сараптап бағалауды топ өз мойнына алады. Ал, мұғалім ұйымдастырады, бақылайды әрі ақыл-кеңес береді. Ұжымдық оқытудың негізін салған әдіскер – мұғалім А.Г.Ривин. оны әрі қарай зерттеп жаңғыртқандардың бірі ғалым В.К.Дьяченко болған.
Ұжымдық оқытудың ерекшелігі- оқушы білімді саналы түрде меңгереді яғни біреуге үйрету, біреуден үйрену арқылы логикалық ойлау, салыстыру, пайымдау т.б. дағдылары қалыптасады. Ұжымдық жұмыста оқушылар бір-бірімен тығыз байланыста болады, берілген тапсырманы бірге орындайды, бір-бірінің пікірін мұқият тыңдайды және талқылап, дұрыс шешім шығаруды үйренеді. Сонымен қатар, берілетін тапсыпмалар да бір сарынды емес әркелкі болатын болса бұл топ үшін қызық әрі тиімді болады. Ағартушы педагог К.Д.Ушинский : «Балаға күштеп білім беруден гөрі баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат»- деп айтып өтеді, расымен де, сабақ өту барысында тапсырмаларды жасырын ұяшықтарды табу арқылы немесе ойын түрінде я болмаса конвертке салып тарату арқылы беруге болады. Бұл арқылы мен оқушының пәнге деген қызығушылына қол жеткізе аламын. Білім қай кезде есте қалады,ол мұғалімнің судыратып оқыған лекциясынан немесе оқушының түсінсе де түсінбесе де бас алмай оқыған кітабынан емес,оқушылардың өздері топтаса отырып, тапсырмаларды орындау, бір-біріне тақырыпты түсіндіру, сұрақ қойып талқылау кезінде яғни практика жүзінде қолдағанда ғана 95% есте қалады, мұнымен мен теорияны жоққа шығарып отырғаным жоқ, ол бөлек әңгіме. Оқушы санасында білімнің ұзақ сақталуында мен таңдап отырған ұжымдық жұмыс технологиясының оң әсері мол деп сенімді түрде айта аламын. Топтық оқыту әдісі мұғалімді күнделікті біркелкі тексеруден босатып, топ болып жұмыс істеу барысында, оқушылардың барлығының іс-әрекетін толық көруге мүмкіндік береді. Ұжымдық оқыту технологиясының мәні де ерекше, ол оқушылардың жеке қабілетін танып білуге және жанындағы қатарластарыныңда қабілеттерін танып, бір-бірімен білім алмасуына ықпал етіп, көмектеседі.
Біздің болашағымыз жастар қолында. Болашағымыздың жарқын әрі нұрлы болуын қаласақ, біз мұғалімдер бүгіннен бастап өскелең ұрпақты сапалы біліммен қамтамасыз етуіміз тиіс. Оны ең алдымен өзімізден бастауымыз керек. Қазақ тілінде оқытатын мамандар әуелі өз ана тіліне деген құрметі биік болуы әрі оны жетік меңгеруі қажет. Онымен қоса сабақ барысында басқа тілден енген сөздерді мейлінше аз қолданып, тілдің мерейін асқақтатып, қазақ тілінің қаншалықты тамырының тереңде екенін оқушылардың бойына сіңдіруіміз шарт. Тіл туралы мәселені қорытындыға қосқан себебім, Мұстафа Шоқайдың: «Балаға қай тілде білім берсең, түбі сол ұлтқа қызмет етеді» деген дөп айтқан сөзі бар. Бұдан шығатын қорытынды, мұғалімнің мүдірмей қазақша сайрап тұрғанын көрген оқушы өз ана тілінде сабақты меңгереді, әрі жүрегінде патриотизм сезімі пайда болады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мақала "Ұжымдық (топтық) технологияның тиімділігі"

шағым қалдыра аласыз