жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мақала "Үлгерімі төмен деңгейдегі оқушылардың білім сапасын арттыру тәсілдері"
Кадина Алтын
Зекеновна
Бастауыш сынып мұғалімі
№ 65 ЖББ ОМ КММ
Қарағанды қаласы.
Үлгерімі төмен деңгейдегі оқушылардың білім сапасын арттыру тәсілдері
І
Кіріспе.
Бастауыш
сыныптарда жаңа тәсілдерді пайдалана
отырып, үлгерімі төмен оқушылардың топтық жұмыста сөздік қорын
молайту, сөйлеу тілінің грамма-тикасын қалыптастыру, диалогтік
сөйлеудің қалыптасуы, түсінгенін айта білу, дүниетанымын, ой-өрісін
кеңейту, өмірге деген көзқарасын жан-жақты дамытып, шығармашылық
қабілетіне жол ашу.
Оқыту тәсілдерінің түрлері:
• ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері;
• мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер;
• оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер;
• жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару тәсілдері.
Сонымен тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына кіреді, әдістің жүзеге
асуына көмектеседі.
Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту,
тәрбиелеу, ұйымдастыру.
Әдістің негізін құрайтын
қағидалар:
1. Оқушының сөйлеу бағытын анықтау.
2. Адамның жеке басының ерекшелігін ескеру.
3. Орта жағдайын ескеру.
4. Сөйлеу дағдысын жаңарту.
Жоғарыдағы пікірлерді ескере отырып, баланың ауызша тілін дамытуда
мына қағидаларды басшылыққа аламын:
1.Тіке байланыс қағидасы.
Сабақ үстінде ребустар, анограммалар, жұмбақтар шешіп, мақал –
мәтелдер, жаңылтпаштар айтады, тағы да басқа қосымша материалдар
беріледі.
2. Адамның жеке қабілетін ескеру.
3.Сөйлеуге үйрету.
Суретпен жұмыс істеймін, диалог, сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс,
артынан қысқаша осы тақырыпта шығарма жаздырамын,
яғни деңгейлеп саралап оқыту
технологиясы іске
қосылады.
ІІ.Негізгі
бөлім.
Үлгерімі төмен деңгейдегі
оқушылардың білім сапасын арттыру
тәсілдері.
Бастауыш сыныптарда негізгі пәндердің барлығынан өзіміз беретіндіктен, әр пәнге жеке-жеке тоқтала кетейін.
І. Ана тілі, қазақ тілін үйретуде іскерлік, рөлдік ойын түрлерін қолдану, сұхбат, сұрақ – жауап, көрініс қою, тақпақ оқу, ән айту, мәнерлеп оқу, жұмбақ , сөзжұмбақ шешу, пікір айту, пікірсайыс, тірек схемасын пайдаланып, жүйелі түрде әңгімелеу,
Менің ойымша, нашар оқитын оқушылармен жұмыста ең тиімдісі- ойын технологиясы.
«Керекті сөзді тауып айт»
Ойынның мақсаты- ойлау қабілетін дамыту, қажетті сөздерді тауып айтуға жаттықтыру. «Ұлттық киім» десек- киім атауларын атау керек.
«Қатеңді тап»
Ойынның мақсаты- сауаттылықты, сауаттылық ережесін қалыптастыру. Сөздердің жазылуын, есте сақтау қабілетін дамыту. Мұғалім әдейі қате жіберіп сөздеріне мәтін береді. Оқушы қателерді табу керек.
«Лингвист»
Ойынның мақсаты- оқушылардың белгілі бір тақырып бойынша сөздік қорын, сөздердің дұрыс жазылуын және дұрыс айтылуын тексеру.
Суреттер таратылады, соған байланысты сөздер жазу керек.
Сабақ үстіндегі ойындарда оқушылардың шығармашылығы артады. Ойын оқу материалын түсінуге көмектеседі.
Тәжірибеде байқағанымдай, нашар оқитын, үлгермейтін оқушылардың білімдерін деңгейлік тапсырмалар арқылы жүзеге асыру оңтайлы нәтиже беріп жүр. Деңгейлік тапсырмалар жалпыға бірдей міндетті стандарт білімді негізге ала отырып құрастырылады.
Академик В.П. Беспалько оқушылардың оқу материалдарын меңгеруін төрт деңгейге бөліп қарастырады.
Бірінші деңгей – оқулық деңгей. Мұнда оқушыға аса ойлануды қажет етпей, тез жауап бере алатын сұрақтар мен тапсырмалар беріледі. Қазақ тілі сабағында бұл деңгейге лингвистикалық ережелер, анықтамалар, оқушы жадында қалу үшін берілетін тапсырмалар, мысал келтіру тағы басқа тапсырмалар мен сұрақтарды жатқызуға болады. Міне, осы деңгейді нашар үлгеретін оқушылармен жүргізуге болады. Ал екінші – алгоритмдік, үшінші- эвристикалық, төртінші- шығармашылық деңгейлермен жақсы оқитын оқушылармен жүргізуге болады. Мысалы:
Лексика: Адамның дене мүшелері
Грамматика: Сын есімдерді қайталау
1 деңгей. а) Адамның дене
мүшелерін суреттейтін мына сөздерді аударыңыз;
ә) Осы сөздермен сөз тіркестерін жасаңыз;
2 деңгей. Көп нүктенің орнына тиісті сын есімді қойыңыз;
3 деңгей. Күрделі сын есімдерді тауып, аударыңыз да, 10 сөйлем құраңыз;
4 деңгей. Мәтінді аударыңыз. Адамның дене бітімін, мінезін білдіретін сөздердің астын сызып көрсетіңіз.
Оқушыларға қазақ тілін оқыту ұстаздан аса шеберлікті, көп ізденуді, тиянақты білімді қажет етеді.
Үлгерімі төмен деңгейдегі оқушыларға тіл үйретудің өзіндік қиындықтары мен проблемалары жеткілікті.
Үлгерімі төмен оқушының сөздік қоры таяз болғандықтан оның ауызекі сөйлеуі дамуында қиындықтар туындайды.
Мен осы тұста мынадай әдіс тәсілдерді қолданамын.
1 кезең. «Ой шақыру» стратегиясы
Оқушылардың сөздік қорына лайықталған сұраулар қоя отырып, әр жеке сөзден туындайтын түсініктерін өздеріне айтқызу қажет.
2 кезең. «Топтау» стратегиясы
Үлгерімі төмен оқушылардың міндеті- түсініп оқу, әрбір сөзді топтап, белгілі затпен байланыстыра алу.
3 кезең. «Сәйкестендір»
Берілген өнер адамдарының кім екенін көрсету.
4 кезең. Сөз тіркестерін құрастыру
5 кезең. Үлгерімі төмен оқушының білім деңгейін анықтап, жаңа мәлімет беруге болады. Ол үшін өнер тақырыбын нашар білетін оқушыға сәйкес мәтін құрастырып беру керек.
6 кезең. Енді осы мәтінге ассоциациясын пайдалану арқылы сол сөздерге қарама-қарсы мәндес сөздерді айтқызып, теріп жазғызу, тілдік қорын байытып деңгейі төмен оқушының есінде сол сөздердің беки түсуіне жол ашу керек. Мысалы:
- Құрманғазы айтыскер ме?
- Жоқ, Құрманғазы- күйші, домбырашы.
ІІ. Бастауыш сынып математикасын оқыту үрдісінде есепті шығара білу шеберлігін қалыптастыру, жетілдіру және дамытудың шешуші бағыттарына тоқталайық.
1. Есеп шығаруға үйрету – математиканы оқытудағы ең қиын әрі күрделі мәселелердің бірі. Бұл балалардың шама-шарқына, психологиялық жас ерекшелігіне сәйкес салыстыру, жан-жақты талдау жасау, қарама-қарсы қою. Жалпылау, түрлендіру, зерттеу, әр алуан категорияларға біріктіру, қорытындылау, абстрактциялау сияқты түрліше меңгеруіне байланысты бірдей дәрежеде орындала бермейді.
2. Балалардың топтық, өзіндік ерекшеліктері қабілет деңгейлерінің әр түрлілігіне байланысты, олардың бәрінен де бір тарақтың жүзінен шыққандай есепті шығара білуге біркелкі үйренеді деуге болмайды.
3. Есеп шығаруға үйрету алғашқы сабақтардың өзінде-ақ басталып, сынып ілгерілген сайын бірте-бірте сәйкес шеберлік те қалыптаса бастайды.
Ауызша есептеуге үйрету бастауыш сыныптан басталатыны бәрімізге мәлім. Ол уақыт үнемдеу тұрғысынан тиімді. Бір ғана мысалдың нәтижесін бірнеше тәсілмен есептегенде берілетін түсіндірмелер, аралық нәтижелердің қалай шығатыны, ақтық нәтижеде не болатыны ауызша айтылады да, оларды жазуға уақыт жұмсалмайды. Оған қоса қай тәсілді қолдану оқушының өз еркінде болғанымен, олардың барынша тиімдісін іріктеп алуды үйретуге де мүмкіндік мол.
Математика сабағында ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. Сабақта оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін есеп шығарғанда орындайтын амалдарды ойша шешіп алуды дағдыландырған жөн.
Бастауыш сыныпта математиканы оқыту тек математикалық білімді берумен шектелмейді. Бұл пән оқушылардың логикалық ойлауын дамытуда маңызы өте зор. Оқушылардың ойлау процесінің нақтылығын, тереңдігін анықтау үшін олардың белсенді іс-әрекетімен бірге өз бетінше жұмысын ұйымдастыру керек.
Ауызша есептеуге үйретуде оқушылардың білімі мен дағдысын тексеру кезінде арифметикалық диктант ретінде қолдануды ескеру қажет. Диктанттан кейін тексеруді ауызша жүргізген қолайлы.
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту мектепке сабақ және сабақтан тыс жүргізілетін сабақтар формасында жүзеге асырылады. Сабақтарда балалардың математикаға деген ынтасын арттыруға,олардың өз бетінше жұмыс істей білу дағдысын тәрбиелеуге ерекше назар аударылады. Пәнге деген ынтасы мен өз бетінше ойлай білу өзара тығыз байланысты. Сабақ балалар үшін қызықты өткенде, олардың оқу жұмысында да белсенділігі артып, өз бетінше жұмыс жасап, белсенділігін арттырғандығынан олардың пәнге деген ынтасы өседі. Оқушыларды өз бетімен ойлауға тәрбиелеп, математикаға деген ынтасын арттыру үшін оқыту әдістерін дұрыс таңдап алудың маңызы зор. Оқудың белсенді әдістерінің бірі – оқушыларға өз бетімен жұмыс істете білу.
Барлық сабақтың елеулі бөлігінде өз бетімен жұмыс істегенде оқушы жұмыстың мақсатын айқын түсіне білуі, оны орындауы, тексеруі және қателіктерді түзетуі сияқты өз бетімен істелетін жұмыстың жалпы әдістерін бірте-бірте
Көрнекті қоғам қайраткерінің бірі Н.К. Крупская: «Балаларды өздігінен жұмыс істеуге үйретудің төтенше қажет нәрсе екендігін, техниканың ғылымның алға басып өркендеуі, жаңадан пайда болған проблемаларды ойланып шеше білудің қажеттігі адамның өздігінен үйреніп, білімін толықтырып отыруын талап ететіндігін, жасөспірім ұрпағымызды өздігінен жұмыс істеуге үйрете білуіміз керектігін» - көрсеткен болатын.
Мектеп оқушыларының өз бетінше жұмыстарын ұйымдастырудың басты формасы – жұмыстарды орындау, ептілік, іскерлік, шеберлік дағдысын дамыту. Бұл үшін төмендегідей тиісті талаптарды орындауға тура келеді:
1. Өз бетінше істелетін кез-келген жұмыстың нақты мақсаты болу керек. Әрбір оқушы жұмыстың орындалу тәртібін жетік білу керек.
2. Өз бетінше жұмыс оқушылардың бойындағы танымдық қабілетін, творчестволық ойлау жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
3. Жұмыстың мазмұны оқушының қызығуын, талпынысын оята білуі тиіс. Яғни оның тілегі жұмыстың соңына дейін бәсендемейтіндей болуы керек.
4. Өз бетінше жұмысты оқушылар еңбек дағдылары мен әдістерін жетік игеріп түсетіндей етіп ұйымдастыру қажет.
Қорыта келгенде, оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмыстары: карьочкалар, өздік жұмыстар, есептер шығарту, кестелер толтыру арқылы жүзеге асады. Тоқсандық бақылау, өздік 5-10 минуттық бақылау жұмыстары жүргізіледі.
Өз бетімен орындайтын жұмыстары біріншіден, олардың ақыл-ойын таным белсенділігін, екіншіден сабаққа ынталарын, қызығушылығын, үшіншіден ешкімнің көмегінсіз дербес жұмыс істеу қабілеттерін дамытады.
Математика сабақтарында білім берудің барлық негізгі принциптері бір бірімен байланысты жүзеге асады. Мысалы: Саналық, көрнекілік, жүйелілік, беріктік, шамаға лайықтылық және тағы басқалар. Бастауыш сыныпта математикадан оқушылардың білім деңгейін көтеруде көрнекілік принциптерінің рөлі ерекше.
Көрнекі түрде оқыту – оқушылардың тиісті бақылауларына сүйеніп оқыту, бірақ көрнекі оқыту дегенді тек көрнекі құралдарды пайдаланып отыру деп түсінбеу керек. Алдыңғы айтқандай көрнекілікпен оқыту арқылы білім сапасын артттырамыз, материалды жетік терең әрі тез, жеңіл түсінуіне ықпал жасаймыз. Көрнекі құралдар оларды қалай пайдалану керектігі туралы бірқатар педагогикалық-психологиялық зерттеулерге тоқталып өтуге болады.
Көрнекілік принципін теориялық жағынан бірінші болып негіздеген Я.А. Коменский (1592-1670) болса, орыс педагогтары ең алдымен ұлы педагог К.Д. Ушинский (1824-1870) көрнекілік мәнін психологиялық жағынан қоса алып көрсетті.
Сондықтан сабақта көзбен көру, дыбыс органымен айту, қолмен жазу, тағы басқа сезім мүшелерінің белсенді қатысуы тиіс. Егер де педагог баланың есінде бірдеңені берік қалдыруды көздейтін болса, ал көз, құлақ, дауыс, бұлшық ет сияқты сезім органдарының, тіпті мүмкін болса, иіс және дәм сезімдерін де есте сақтап қалу актісіне көбірек қарастыруға тырысуы керек деген К.Д. Ушинский.
Көрнекілікті қолдану оқушылардың білім сапасын арттырады, көрнекі құралды пайдалана отырып, мұғалімнің жетегімен, оқушылар өздігінен оңай қорытындылар жасай алады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген