400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала "Үлкенді сыйлау -инабаттылықтың белгісі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Біз ежелден үлкенді сыйлаған, кішіні аялаған, ата дәстүр салтымыз бен өз ұлттық ерекшелігімізбен басқаларға үлгі бола аларлықтай әдет-ғұрпымыз бар, Алланы ауызға алған иманымыз бар, әр сөздің төркініне қарай жығыла сөйлейтін көрегендігіміз бар бір керемет ұлтпыз. Ата-бабамыз салып кеткен сара жолмен келе жатқан, ақыл-тәрбиесімен руханыи жан дүниемізді сусындатып, талай ақылгөй дананың, ділмар шешеннің нақыл сөздерін құлаққа құйып, өсіп келе жатқан жас ұрпақпыз. Бұрынғы даналарда айтылмаған сөз қалғанба. Әрбір сөздің мәні жоғары еш ғылымсыз қара сөздері осы өмір айнасындай дәлелденіп жатпайма. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін түйіп түсіндірер қысқа да нұсқа мақал –мәтеліміз бен ақ шешімін тауып, шешендігін көрсеткен данадарымызға дауа жоқ деуге болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Үлкенді сыйлау -инабаттылықтың белгісі.

Біз ежелден үлкенді сыйлаған, кішіні аялаған, ата дәстүр салтымыз бен өз ұлттық ерекшелігімізбен басқаларға үлгі бола аларлықтай әдет-ғұрпымыз бар, Алланы ауызға алған иманымыз бар, әр сөздің төркініне қарай жығыла сөйлейтін көрегендігіміз бар бір керемет ұлтпыз. Ата-бабамыз салып кеткен сара жолмен келе жатқан, ақыл-тәрбиесімен руханыи жан дүниемізді сусындатып, талай ақылгөй дананың, ділмар шешеннің нақыл сөздерін құлаққа құйып, өсіп келе жатқан жас ұрпақпыз. Бұрынғы даналарда айтылмаған сөз қалғанба. Әрбір сөздің мәні жоғары еш ғылымсыз қара сөздері осы өмір айнасындай дәлелденіп жатпайма. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін түйіп түсіндірер қысқа да нұсқа мақал –мәтеліміз бен ақ шешімін тауып, шешендігін көрсеткен данадарымызға дауа жоқ деуге болады. Осы даналық сөздер мен қазақ сахарасында әр бір қазақ отбасы өз балаларына тәрбиелікті ертеден бастаған, мәселен «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер», «Әке көрген оқ жонар», «шеше көрген тон пішер», деп көрегенділікті, тектілікті айтса, «Қызды қырық үйден тыиған» бұл болашақ ана болар қыз баланың албаты есіріп далаға кетуінен сақтанып, үлкен жауапкершілікпен қызды тәрбиелеген, себебі ол ана, ол отбасының бірлігінің ұйтқысы бола біліуі керек деп тұжырымдаған. Бүгінгі таңдағы қыздарымыз ертеңгі болашақ ана, біреуге аяулы жар, асыл келін балатын аяулы қыздарымыздың тәрбиесі ерекше болған. Қазақта қыз баланы өз үйіне қонақ деп оны аса мәпелеп өсірген төріне отырғызған, ал қайын жұртына барғанда иіліп сәлем салардай, ата-енесін күтетін, азаматын ардақтайтын, ағайын –бауырды құрметтейтін, бір сөзбен айтқанда сол барған жеріне бар әлемнің шуағын шашып, бір отбасыың бақытына айналатын келін болу керек деп түйген,ия «Келінді жастан, баланы бастан», деген бар басынан бастап ене болған адам өз тәрбиелігін келініне көрсете біліу керек, бұрынғы қазақ келіндері осал болмаған. О бастан түскен келін өз міндеттерін адал атқарған, мәселен басына жаулық тағып ұзын киімдермен өз тұлғасын көрсетпеген, оларға бір жерінің ашылып қалуы үлкен күнә болып саналған, үлкеннің алдынан кесе өтпеген, ең маңыздысы үлкен ата-апа, әпке –жезде, қайын-бауыр дегендердің атын атамаған. Аса бір тапқырлықпен сөз жүйесін тауып сөйлеген. Мысалы: бір ақылды, ибалы қазақ келіні бопты. Оның Қамысбай, Қойшыбай, Бұлақбай, Қасқырбай, Пышақбай, Қайрақбай сынды қайын ағалары болыпты. Бір күні қойшы бала келіп сыртта шай қайнатып тұрған келінге асығыс,-қамыстың аржағында, бұлақтың бер жағында, қойды қасқыр жеп жатыр. Пышақты қайрап, тезден келіңдер деп.- айтыңыз үйдегілерге дейді. Сонда келін ойланбастан,үйге кіре сала, сылдыраманың аржағында, сарқыраманың бер жағында, маңыраманы ұлыма жеп жатыр. Жаныманы үйкемеге үйкеп-үйкеп,тездетіп келіңіздер деді.- деген екен. Бұл недеген тапқырлық, тағы бірде бір келіншектен бір қария-атаң аты кім: деп сұрағанда, атасының атын атай алмаған келіншек мініп тұрған атының жалын сыипап, тоқымын қаққан екен. Сонда атасының аты Қылышбек деген кісі екен. Бір кісінің келінінен бір ақсақал қайын атасының атын сұрапты. Сонда келіні түннің жарығы, пышақтың қабы деп жауап берген екен.Сонда қайын атасының аты Айқын екен. Ия тектеп сөйлеу,атын атамау бұл сыилаудың ең жоғарғы шегі деуге болама. Әрине жеті атасының атын атамау келінге үлкен міндет болып саналған. Бұл тек қазақ келінінің бойындағы ұйаңдық, ибалық деуге болады. Осы арқылы отбасы әдебі келіп шығады.Анасы ибалы болып тұрса оны көрген бала да өнегелі тәрбие алып шығары даусыз. Ия ақсамайлы әжелеріміз келінге үлгі болардай қасиеттері болған.Атақты дана әжелеріміз жақсы келіндеріміз де болған.

Сонымен қатар тәрбиелі қыздарымызда әр тұста өз ибалықтарын көрсетіп отырған. Мәселен:Төле би бастаған бір топ жолаушылар шөлдеп-шөліркеп келе жатса алдарынан бір топ атты қыз-келіншектер көрінеді.Ол топтың ішінде Данагүл дейтін кедейдің де қызы бар екен. Жалғыз көк шолақ атына мініп, байдың қыздарымен тойдан қайтқан беті екен.

Қызыл-жасыл киген қыздар жол кеспей, иіріліп тұрып қалады. Топ алдындағы Төле би мұны байқап келе жатады. Қыздардың алдынан өтіп,ұзап кеткен соң, қасындағы жолдасының біріне: «анау, алдымызды кеспей, кейіндеп қалған қыздарды шақырып келші» дейді.

Жақындай бергенде, Данагүл атынан түсіп, жаяулап келіп сәлем береді.Би қыздардан не себепті жолын кеспегеннің себебін сұрайды. Сонда дана қыз: «аталар,біз сіздерді алыстан көріп, араларында ер бастаған батыр бар шығар, сол елге ақыл айтқан ақсақалы бар шығар. Үлкен кісілердің батасын алайық, жақсыны көрмек үшін, көрмеген аталарымыз болса, көрелік. Аты-жөнін білейік деп тосып тұрдық» дейді. Жас қыздың ақылды жауабы көңілінен шыққан Төле би Данагүлді сол күні ұлына айыттырып барды. Міне қазақ сахарасының тәрбиелі қыздары да ақылмен даналығымен көзге түскен. Ақылды әйел ер адамның атын аспанға шығаратынын, үлгілі ана бола алатынын, Дана қыздың дара әйел болатынын көріпкел қария тап басып тани білді. Ізетті, ақылды әйелден білімді ұрпақ өсіп шығарын білді.

Әрине мұны айтуымыздың себебі: ұлттың тазалығы, ұрпақтың амандығы-ананың қолында! Отбасының берекесін сақтайтын да –аналар! Сондықтан да әрбір отбасындағы тәрбиенің көзі көрегенді әжелеріміз бен ибалы келіндеріміздің қолында деуге болады. Жас қыздарымыз ертеңгі болашақ аналар әр уақытта үлкенді сыйлап, атын атамай, алдынан кесе өтпей, өз тәрбиелігімізді көрсете білсек біздің ұрпақтарымыз өнегені көріп, оңалып өсері даусыз. Қазіргі таңда заман ағымына қарай сыйласымдықтың да өзгергені шындық.Мынау кең бар заманда етегіміз жабылмай елпілдеп, аузымыз ашщы сумен бұлғанып айтар әңгімеміз өзгеше болып бара жатқан тұста келешектің жүгін артар, ата-баба аманатын арқалар ұрпағымызға берер тәрбиеміз кемімесе екен деген қорқынышымыз да бар. Әрине көпке топырақ шашуға келмес арамызда ақылгой дана қарттарымыз азая қойған жоқ. Тәрбиелі қыздарымыз саналы ұлдарымыз бар, бай қуатты тәуелсіз Қазақстанда шалқып өмір сүріп келе жатқан жайіміз бар. Десе де өткен күннің сүрлеуінен, тарихымызды аз да болса ашып, бабалар салып кеткен сара жолға үңіле, тәліміне жүгіне отырмасақ, біз қазақи құндылығымызды жоғалтып алуымыз мүмкін. Бәрі де ұлттық құндылығымызды дәріптей жүруден басталады. Отбасындағы үлкендер ара сыйластық пен отбасылық әдептердің іске асып отыруы балалардың саналы тәрбиеленуіне алып келеді.

Жанұя ішіндегі үлкендер ара сыйластықтың бала үшін маңызы зор.Сондықтан да басқаларды сыйлату үшін өзіңнің тән сұлулығыңды ғана емес жан сұлулығыңды да ойлау. Өзіңді өзің сыйлап жақсы нәрселер жасасаң, басқаларға көмек берсең, олар да саған барынша көмектесіп, олар да сені сыйлайтын болады.







Майоровка ауылы

Абдолла Асылбеков атындағы ЖОББ мектебінің

Кітапханашысы: Тоқан Сәбира

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
835
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі