Мақала "Ұлттық ойын - ұлттық қазына"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала "Ұлттық ойын - ұлттық қазына"

Материал туралы қысқаша түсінік
мақала "Ұлттық ойын - ұлттық қазына" мектепке дейңнгі білім беру саласына арналады. мақалада ұлттық ойындар жайында толық мәлімет алуға болады,
Материалдың қысқаша нұсқасы

"Ұлттық ойын - ұлт қазынасы"

Жалпы бәрімізге белгілі ХХІ - ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан заманымызға сай зерделі, ой - өрісі жоғары, жан-жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру еліміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні - мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Баланың денсаулығының мықты болып, қозғалыс, дене құрылысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады.Осы орайда жас ұрпаққа еліміздің ұлттық ойындары жайында үнемі айтып, әр сабақ барысында, мерекелік іс шараларда жүзеге асырып отырсақ нұр үстінен нұр болар еді.Осы орайда мектеп жасына дейіңгі балаларға ұлттық ойындарды ойнатып ұлттық сана сезімдерін қалыптастырған болар едік.

Ұлттық ойындар - қазақ халқының ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын-сауықтардың бір түрі.Осы ұлттық ойындар арқылы баланың ұлттық сана сезімін қалыптастыра отырып, дене бітімінің шынығуына да толық оң әсерін беретіні анық.

Ұлттық ойындар - ата-бабаларымыздан жалғасып келе жатыр-ған байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан, ұлттық ойындар-ды үйренудің, күнделікті пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, ұштаса береді.

Мен жалпы мектепке дейіңгі мекемеде тәрбиеші қызметін атқарғандықтан балалардың өзіміздің ана тілінде сөйлеп, ұлттық ойындарды ойнап өскендерін қалаймыз.Осы мақсатта жұмыстар жүргізіп отырамыз.

Ұлттық ойындардың мектеп жасына дейінгі балаларға «Орамал алу», «Тақия жасыру»,«Ақ серек-Көк серек», «Айгөлек», «Асық ату», «Арқан тарту» т.б ойындары лайықты деп білімін.

Ең бастысы ата-бабадан қалған өнер мен өнеге, үлгілерінің лайықтыларын баланың сана сезіміне құйып көзіне көрсете отырып, ойын арқылы бойына сіңіріп, оларды әдептілікке, мейірімділікке ізеттілікке, туысқандық пен бауырмалдыққа, үлкенге - құрмет, кішіге - қамқорлыққа баулып, адамдық қасиеттерді ұғындыру, қалыптастыру болып табылады.

Қостанай қаласы

5 бөбекжай –бақшасының тәрбиешісі

Дүйсенова Лаура Темировна



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.11.2021
604
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі