Мақала "Ұлттық құндылықтар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала "Ұлттық құндылықтар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл менің тәжірибем жайлы қысқаша есебім. Ұлттық құндылықтар ауқымы зор ұғым.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ұлттық құндылықтар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту


Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің басты мақсаты – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау» делінген. Жас ұрпақ – еліміздің ертеңі, болашағы. 

Өзімнің тәжірибемде оқыту барысында алдыма қойған мақсатым — оқушыны субъект ретінде оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Ең  бастысы оқу  үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу процесінде бірлесе әрекет ету.

Шығармашылық жұмысымның мақсаты: оқушылардың ой қиялын дамытуға, өз ойын еркін айтуға, сөздік қорын молайтуға, өз ойына қорытынды жасап, жүйелі сөйлеуін үйлестіруге және де оқушыларды ізденімпаздыққа, тапқырлыққа, сауатты оқу мен жазуға төселдіруге баулу. Барлық баланың да бір нәрсеге қабілеті болады. Тек соны дұрыс бағытта жетілдіру керек.Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін жасалатын жұмыстарды да дұрыс талдау қажет. Тіл сабақтарында оқушылардың шығармашылығын дамытатын тапсырмалар : жазбаша тапсырмалар, ауызша тапсырмалар деп екіге бөлдім. Жазбаша тапсырмалар шығарма, эссе немесе хат жазу, өлең құрастыру.
Ауызша тапсырмалар тірек сөздер беру арқылы және суреттерге қарап әңгіме құрастыру, ребустар мен сөзжұмбақтар құрастыру.

Бұған мысал 3 сыныпта қазақ тілі сабағында “Абай мұражайы” тақырыбын өткенде сабақты ойын сабақ түрінде өттім. Қазақтың ұлттық ойыны “Бәйге”, “Теңге ілу” ойындары арқылы “Жұмбақты жалғастыру” оны шешу, мақал – мәтелді жалғастыру жұмыстары жүргізілді. Баланың ақыл ойы, дүниетанымы кеңейді. Осындай әртүрлі жұмыстар арқылы, оқушылардың сөйлеу тілі дамиды.

Оқушылардың шығармашылығын , іздемпаздығын қалыптастыруда сыныптан тыс, жеке ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда шығармашылық, пәндік апталықтар мен ғылыми шығармашылық апталық, жобалар, пәндік үйірмелер мен факультативтік сабақтардың маңызы зор. Барлық жұмыстарда оқушылардың қалауы, таңдауы мен ұсыныстарын ескеру қажет.. Сондай ақ мектептегі пәндік олимпиадалар, сайыстар, көркем өнер және техникалық көрмелер, түрлі шығармашылық кештер оқушылардың ізденіс қабілетін ұштап, дербес оң нәтижеге жетуге ықпал етеді.
ХХІ ғасыр білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн деп ойлаймын.
Оқушылардың бос уақытын, үйірмеге қатысуын жақсы жолға қойғанмын. Оқушылармен жүйелі де сапалы жүргізген жұмысым оң нәтиже беріп, оқушыларым мектепішілік, аудандық, республикалық әртүрлі іс-шараларға қатысып отырды. 2019-2020 оқу жылында 6-ші сыныптар аралығында өткен мектепішілік олимпиадада Муслимова Камила І орынды иеленді. «Қазақстан менің Отаным» тақырыбына ұйымдастырылған республикалық қашықтық байқауында Муслимова Камила І орынды алды. Абай Құнанбайұлының өлеңдерін мәнерлеп оқудан алдына жан салмайды. 8 сынып оқушылары Грязнова Анастасия, Дударева Виктория аудандық «Үш бәйтерек : тағлым мен тағдыр» байқауына белсенді қатысқандары үшін сертификат алды. Сонымен қатар көптеген басқа да оқушылар қашықтық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарды алуда.

Ұдайы еңбек ету — өнердің де, өмірдің де заңы” дегеніндей, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін арттыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2020
1203
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі