Материалдар / Мақала Ұлттық шешендік өнер

Мақала Ұлттық шешендік өнер

Материал туралы қысқаша түсінік
мақала
Материал тегін
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Мақала

«Ұлттық шешендік өнері»

Ақылмен ойлап білген сөз,
Бойына жұқпас, сырғанар.
Ынталы жүрек сезген сөз,
Бар тамырды қуалар.
(Абай)

Сабақтардың жиынтығы "Ұлттық шешендік өнер" бағдарламасы негізінде жасалды.Сөз мәдениеті- тілді құрал ретінде дұрыс, тиімді жұмсай білу, ажарын кетірмей,бедерін бұзбай қолдану.Сөз мәдениеті- жеке адам мәдениетінің аса мәнді құрамдас бөлігінің бірі. "Өнер алды - қызыл тіл" деп түсінген ата-бабамыз "ақылдың көзі сөйлей білу де үлкен өнер" деп бағалаған. Шешендік сөздерді зерттеп-талдау, жинап жариялау, ана тіліміздің сөздік қорын байытады, әдеби тілімізді дамытып, кеңейтеді, сөйлеу, жазу мәдениетімізді көтеруге пайдасы тиеді.

Оқытудың өзекті мәселесі тіл мәдениетін қалыптастыру.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай жұмыс түрлерін талғап қолдануда да жауапкершілікті қажет етеді.Сабақта қолданылатын әдістемелік жұмыстардың логикалық жүйесі білім мазмұны мен оқушылардың білім деңгейлеріне сай болуы керек.Қазақ тілі пәні бойынша оқушыларға ұсынылатын білім мазмұнында тілдің грамматикалық мәселелерімен қатар ана тілінің қоғамдық қызметін танытуға да үлкен ықпал етеді.

Шешендік- болашақтағы қадамдарына жол ашатын, өзіңді тануға мүмкіндік беретін, биік белестерге жетелейтін қуатты құрал.Оқушыларды сөйлеу этикасын меңгеруге, тілді әлеуметтік қызметіне сай орынды жұмсай білуге, өмірге қажетті қарым- қатынастық біліктерін дамытуға тәрбиелеу.Шешендік сөздің ерекшелігі, олардың қызметі мен көркемдік сапасына қойылатын талаптардың бірлігі.Шешендік сөздің сапасына әсер ететін факторлар-шешендік сөзге тән қағидалар.Шешендік сөздің әсерлігін арттыратын нәрсе-сөйлеу техникасы.Сөйлеу техникасының бөліктері- дауыс, саз, мақам, ырғақ, кідіріс.Шешендік сөздердің тектерін ажырата білудің мәні, әр тектің өзіндік ерекшелігінің белгілерінде.

Бұл бағдарламада оқушылар өздерінің пән бойынша алаған білімдерін әрі қарай жаңғыртып, бағыт беру.Оқушы шешендік өнер тарихы туралы қандай ой түйді, нендей тұжырым жасай алды деген мәселені анықтау.Сөз мәдениетін, шешендік өнерге қойылар басты талаптарды ескере отырып,өз қажеттігіне сай дұрыс қолдана білу.Шешендік өнерге байланысты түрлі іс-шаралар арқылы оқушылардың ой-өрісін дамытып, білімділік, ізденімділік, шығармашылық әрекеттер жасау барысында мұғалім мен оқушы арасында тығыздық орнату.




Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі