400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

мақала: "Ұлтымыздың ұлы ұстазын ұлықтау

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздікке - 30 жыл, Ыбырай Алтынсариннің туғанына -180 жылына байланысты ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау
Материалдың қысқаша нұсқасы

.

Түркістан облысы

Мақтаарал ауданы

Атакент кенті

Қ.Сәтбаев атындағы №6 жалпы орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Смадиярова Мадина Арипбаевна



Ұлтымыздың ұлы ұстазын ұлықтау

Ел болып, егемендік алып, еңсеміз көтеріліп, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, заңғар көкке құлаш сермеген, көк байрағы ашық аспан аясында қалықтаған тәуелсіз, бейбіт елміз. Әлемнің өркениетті алып мемлекеттері бүгінгі таңда Қазақстан атты байтақ елімізді танып білді деп мақтанышпен айта аламыз. Тәуелсіздік елімізге өзіңің талай жемісін, қаншама құпияға толы сырларымен бірге оның сипатын, сән-салтанаты мен орасан зор сүйіспеншілігін сыйлауда. Ұлт тағдыры – ұлт қолында. Ұлттық руханиятты сақтау, оны нығайтып отыру және дамыту – өскелең ұрпақтың қасиетті парызы мен міндеті болып саналады. Тәуелсіздікпен атқан әрбір күніміз игі басталармен бастау алса, қандай керемет емес пе? Ата-бабаларымыз аңсаған, ғасырлар бойы арман еткен тәуелсіздік бізге құт болып кіріп, көкжиегімізді кеңейтіп, іргемізді бекітті.

Биыл – тәуелсіздіктің, бейбітшілік пен жасампаздықтың 30 жылы. Осыған байланысты ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау мақсатында қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы, танымал ағартушыларының бірі, ұлы демократ-ғалым, халқымыздың алғаш рет ұлттық педагогикасының негізін салушы, жазушы, этнограф, фольклоршы, тұңғыш жаңа заманға сай мектеп ашқан қоғам қайраткері, методика ғылымының ірге тасын қалаушы, қазақтың ұлттық әліппесін жасаушы, қазақ тарихындағы алғашқы төл оқулықтардың авторы, ең бірінші болып қыздар мектебін ашушы, халыққа білім беру ісін алғаш ұйымдастырушы, инспектор, публицист, сондай-ақ қазақ әдебиетіндегі лирика, новелла, аударма жанрының, яғни реалистік жаңа әдебиетін негізін қалаушы, философ, ақын «Балалар әдебиетінің атасы» атанған Ыбырай Алтынсариннің (Ибраһим Алтынсарыұлының) 180 жылдық мерейтойы республика көлемінде жан-жақты аталып жатыр.

Ы.Алтынсариннің бізге қалдырып кеткен тағылымы мол көркем еңбектерін қадірлеп, ұлықтаудың жолын танытуда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің өз оқушыларының бойына оны сіңіруде, мұндағы данышпан дара тұлғаның бейнесі, яғни ұлты үшін аянбай қызмет етіп, тек сөзімен ғана емес, ісімен де халқына жанашыр, адал болғандығы, алдына қойған өмірлік мақсаты жолында кездескен қандай қиыншылыққа болсын қарамастан, табандылықпен бұл тұста оның «Білген үстіне біле түссем және құмарлық пен өз халқына неғұрлым көбірек пайда келтірсем деген абзал арманға ұмтылысы» жайында жан-жақты мәліметтерге тоқталуымыз қажет. Ұлт тарихында өшпестей аты мәңгі қалған кемел данышпанымыздың тек қана қазақ қоғамында ғана емес, күллі ғаламның ғылыми деңгейде білім ауқымының кеңейуіне үлес қосқандығы, халық танымының дамуына жол ашумен қатар қоғам кемшіліктерін түзетуге еткен ерен еңбек тұлғасы екендігі бәрімізге белгілі. Атап өтетін болсақ, ғалымның мұраларының ішіндегі кейінгі кезге дейінгі ескерусіз қалып, зерттелмей жатқан хаттары мен мақалалары болып табылады. Сонымен қатар, «Этнографиялық очерктерінде» жазылған ақпараттарға сәйкес «Өлген адамды жерлеу», «Құда түсу, қыз ұзатуды» оқытуды қолға алып, қазіргі кезде көбіміз білмейтін, ұмытылып бара жатқан әдет-салттарды, халқымыздың тұрмыс-тіршілігі мен өзіндік ерекшелігі болып табылатындығы жайында қосымша ақпарат көздерінен іздене түсіп, бұл очерктердің маңызына, яғни қазақ этнографиясына қосқан үлесіне тоқталып танытсақ. Жаңалықтың жаршысы бола білген жазушының публицистік қабілетін таныта түсерлік осындай көркем шығармаларын ары қарай іздене білсек «нұр үстіне нұр болатыны сөзсіз».

Алтынсариннің қоғамдық өмірді танытуда оның жаңашыл реалист, шебер жазушы ретінде танылған қазақ әдебиетіне жаңа бір тың ғибратқа толы шығармаларынан атап айтқанда: «Таза бұлақ», «Әдеп», «Мейірімді қыз», «Әке мен бала», «Жаман жолдас», «Талаптың пайдасы», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Жан- жануарлардың таласқаны», «Бай баласы мен жарлы баласы» т.б. тәрбиелік мәні зор негізгі тақырыптағы әңгімелерінің көлемі жағынан шағындығы: бірақ идеялық тереңдігі, тілінің қарапайымдылығы, даналық қорытындылары, қазақ мақал-мәтелдерінің орны, тиімді пайдалануы, әңгімелеу, баяндау, диалог, суреттеу, табиғат көріністерін байқаймыз.

Кейбір әңгімелерінде мақала, очерктердің орын алуы «Қыпшақ Сейітқұл», ол өмірде болған адам. Әңгімелерінде халық аңызының орын алуы «Атымтай жомарт» т.б. деталь – штрихтерді пайдалана білгенін көреміз. Жазушының тәрбие беру, еңбекке баулу туралы ой- пікірлерінің, тұжырымдарының өміршеңдігіне көңіл бөліп, бүгінгі отбасы мен мектептің тәрбие беру ісіне қосар үлесі өлшеусіз екенін көре аламыз. Сонымен бірге, ақындық бейнесінің ерекшелігін танытуда оқыған өлеңдерінде өнер-білімге шақыру, үндеу, салыстыру, өнерлі, білімді, елді үлгі ету екендігі байқалады. Ыбырайды табиғат лирикасының атасы екендігін танытатын «Жаз», «Өзен» өлеңдері кезінде қазақ әдебиетіне жаңалық болып қосылды. Адам өмірін емірене жырлаған ақын табиғатты ескермей кетуге тиіс емес еді. Ыбырайға дейінгі қазақ ақындары табиғатты өз алдына тақырып етіп, бөлек жырлауды дәстүр етпеген-ді. Ал Ыбырай мен Абай қазақ әдебиетінде жыл мезгілдерін өз алдына тақырып етіп жырлаған жаңашыл лирик ақындар болды.

Жазушы табиғат лирикасын туғызған кезде оның алдында даяр үлгі – орыс әдебиеті мен батыс поэзиясы бар еді. Ақын оны тереңінен шеберлікпен меңгере білді және оған өзіндік талғаммен қарады. Ол орыс не батыс әдебиетінен табиғатты жалаң алып, өмірден оқшау жырлаған символист, пейзажист ақындарды емес, табиғатты өмірмен байланыстыра жырлаған Байрон, Пушкин, Лермонтов сияқты ақындарды үлгі тұтты. Сөйтіп, ол әрі мәнді, әрі сұлу суретті табиғат лирикасын жасай алды.

Ақын өлеңдерінің көпшілігі – тәлім-тәрбие мақсатын көздеген, дидактика сарыны басымдылығы көрінеді. Демек, мұнан үлгі, өсиет, ақыл-нақылға негізделген өлеңдерінен ақынның бойынан гуманистік көзқарасты, даналық ақылдарды, ертеңгі күнге деген сенімді, жалпы барша оқырман қауымына арнағанын байқай аламыз.

Қазақ даласындағы сауатсыздықтың бұлтын сейілтіп, білім мен тәрбиенің нұрын шашқан даңқты дала қоңырауын мемлекеттік деңгейде мақтанышпен таныта алсақ, сол біздің үлкен жетістігіміз болып табылады. Осыменен тоқталып қалмай, Ыбырайдың білім беру, тәрбиелеу, оқушы – мұғалім – оқулық туралы пікірлерін жинақтап, (хат, мақала, әдеби шығармалары бойынша) оның педагогика мен әдістеме, тәрбие жөніндегі ілімдеріне өзіндік пікір, баға беруге талпыныс жасайтын кез келді. Мұнымен тоқталып қалмай, ары қарай да қосымша жаңа тың ақпараттармен оқушылардың бойына білім мен тәрбиені егіз етіп, жалпы қазақ халқының дамуына үлес қосқан әрбір биік ұлыларымыздың ұлт үшін, ұрпақ үшін жасалған ұлы ерен еңбектері мен істерін, олардың тұлғалық бейнесін дәріптеу баршамызға міндет болып табылатынындығын бір сәтке де естен шығармау керекпіз.

Ендеше, әрбір қанаты талмаған жас та, әрбір іске аса жауаптылықпен қарайтын бас та, аға ұрпақ та азаматтығын арттырып, бейбітшілік пен келісімді сақтап, баба үмітін ақтап, татулыққа ұмтылып, әрбір іске бірауыздан жұмылып, сенімділікті серік етіп, бірлігі жарасқан еліміздің ілгері қадам басуына өз үлесімізді қосуымыз керек. Елдің тағдыры – өз қолымызда. 






































ӨТІНІМ


Тегі, аты, әкесінің аты (толық)

Смадиярова Мадина Арипбаевна


Жұмыс орны /Қызметі

Қ.Сәтбаев атындағы № 6 жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Облысы

Түркістан облысы

Қала, ауыл

Мақтаарал ауданы, Атакент кенті

Ұялы телефон

8701-633-76-27

Тақырыбы

«Ұлтымыздың ұлы ұстазын ұлықтау»

«Тәуелсіздіктану» атты I Халықаралық танымдық-тағылымдамалық жобасының

IV бөлім. Ұлағат пен ұстаным

10. Жасампаз ұрпақ тәрбиелеудің жолдары



3


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 желтоқсан
358
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі