Материалдар / Мақала. Ұлы даланың-ұлы есімдері.Әбдіғапар Жанбосынұлы туралы.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала. Ұлы даланың-ұлы есімдері.Әбдіғапар Жанбосынұлы туралы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Көтерілістің шынайылылығы мен Әбдіғапар ханның ерлігін зерттей отырып ,болашақ ұрпақтың үлгі тұтар тұлғасына айналдырып,сүйіспеншілігі мен қызығушылығын арттыру.Торғай халқы көтерілісін ірі орталыққа айналғанын,отаршылдыққа ,патша жарлығына қарсы ұйымшылдықпен көтерілгенін дәріптеу болатын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Мамыр 2020
753
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Авторы: Рахымбекова Бадикен Маратқызы



Мақала « Ұлы даланың –ұлы есімдері » Әбдіғапар Жанбосынұлы туралы.

Мақсаты:Көтерілістің шынайылылығы мен Әбдіғапар ханның ерлігін зерттей отырып ,болашақ ұрпақтың үлгі тұтар тұлғасына айналдырып,сүйіспеншілігі мен қызығушылығын арттыру.Торғай халқы көтерілісін ірі орталыққа айналғанын,отаршылдыққа ,патша жарлығына қарсы ұйымшылдықпен көтерілгенін дәріптеу болатын

Әбдіғапар хан Жанбосынұлы 1870 жылы күз айында бұрынғы Торғай облысы, Торғай уезі, Қараторғай болысында туып, 1919 жылы қарашаның 21- інде Зәуре қопасында атылған

Әбдіғапар бала кезінде ауыл молдасынан оқып сауатын ашады. Содан кейін Батпаққарадағы Сатыбалды ишанның медресесін тәмәмдап, Троицк қаласындағы Ахон Қазіреттің медресесіне оқуға жіберіледі. 1885 жылы аяқ астынан әкесі қайтыс болып, ауылға оралады. 1890 жылы Әбдіғапар Көртоғайға көшіп келіп ағасы Жалмағамбетпен қосылып, Торғайға құятын Қайыңды өзенінің жоғары жағынан бөгеп, төменге су келтіреді де егін егеді. 1892 жылы Көртоғайда қызыл кірпіштен мектеп ашып, онда молда ұстайды. 1908 жылы Көртоғайдың болысы болып сайланады

Әбдіғапардың арғы тегі Ұзын қыпшақтың тармағына жататын Кедел руынан бастау алады.Арғы атасы жоңғар соғысында Торғай қыпшақтарының қолбасшысы болған атақты Тілеулі батыр. Ұлы атасы Абылай хан заманында «Орда ханы » атанған Нияз би.

Ғұлама ғалым, қазақтың Бас тарихшысы – Манаш Қозыбаев: « Абылай дәуірінде қыпшақ тайпасына көсем болып, би аталған Ниязды Абылай «хан» дәрежесінде ұстаған. Сондықтан да қыпшақ өңірі Ниязды «хан» атап кеткен ».

Әкесі- Жанбосын. Анасы Алуа Үмбетей арғын Ақтас байдың қызы,Ахмет Байтұрсыновтың жақын апаларының бірі. Әбдіғапар мен әкесіне тағдырдың тым қатал қарағаны соншалық,Жанбосын не барі48-жас қана өмір сүрді.Ал Әбдіғапар одан бір-ақ жыл артық ғұмыр кешті. Жанбосын қатарынан бірнеше сайлау бойы болыс болған. Жанбосынның ұрпақтары: Әбдіғапар, Садуақас,

Әбдікірар,Мақыш,Жағыпар,Әбдісадық.

1916 жылғы көтерілістің берік ұйымдасқан жері Торғай даласы еді. Көтерілісті бастап шыққан арғындардан Оспан Шолақұлы, қыпшақтан Әбдіғапар Жанбосынұлы болатын. Осы жерде осы көтерілісті ұйымдастырушылардың бірі де бірегейі болған Әбдіғапар Жанбосынұлына тоқталғанды жөн көрдім.1916 жылы 25 маусымда Ресей патшасы Николай Орта Азия, Қазақстан және тағы бірқатар аймақтардан еңбек жасындағыларды «қорғаныс бекіністерін және әскери шептерін»жасауға қара жұмысқа алу туралы жарлыққа қол қояды.Патша жарлығына жауап ретінде орасан зор аймақтың – Қазақстан мен Түркістанның халқы бір мезгілде көтерілді. 1916 жылы Жалдама өзенінің бойында 13 болыстың өкілдері жиналады. Жиында батылдығымен, парасатымен, әділдігімен көзге түскен, елге танымал азамат Әбдіғапар есімі жеке-дара аталады. Құрылтай Әбдіғапарды хан көтеріп, сардарбегі етіп Амангелді Үдербайұлын сайлады.Амангелді хан Кененің атақты қолбасшыларының бірі Иман батырдың немересі еді. Әбдіғапар хан ең алдымен хан кеңесін құрды. Хан жарлығымен әр болыстың елбегілері сайланды, мыңбасылары бекітілді. Қызыл бекеттер ашылып, почта ісі жолға қойылдыКөтерілісшілермынааймақтарға:Қостанай,Ақтөбе,Ырғыз,Атбасар,Перовск,Байқоңыр,Ақмола,Қарсақбай,т.б. қалалар мен кеншілерге арнайы адам жіберіп,хат жөнелтілді.Оларды патша үкіметіне қарсы тұруға шақырды.

Сөйтіп,ТорғайдағыАмангелді мен Әбдіғапар жасағына разылық білдіргендер саны көбейіп кейіннен деректерге қарағанда қараты 50000 адамға жетіп,Патша жазалаушы отрядтарымен,сарбаздар арасындағы соғыс,Күйік соғысы,Тарыр соғысы,Доғал соғысы,Құмкешу сияқты бірқатар соғыстар болып өтті. Торғай өңірінде ІІ-Николай тақтан құлағанға дейін жалғасып,көтеріліс толығымен жеңіске жетті деуімізге болады.

Осы жерде осы көтерілісті ұйымдастырушылардың бірі хан болған Әбдіғапар Жанбосынұлына тоқталғанды жөн көрдім.

Әбдіғапар «хан» деген атақты Шыңғыс әулетінен шыққандарға ғана тән дәреже екенін жақсы білетін. Сондықтан да қарадан шығып хан болғанына ризашылығын білдірді де, өзін «әмір» атауды жөн көрді. Алайда қарапайым халық Әбдіғапарды «әмір» деп емес, «хан» деп атап кетті. Әбдіғапардың хан сайлануын Академик Манаш Қозыбаев былай сипаттайды: « Даналық иесі халықтың мұң – мұқтажын терең түсінген Әбдіғапар тақ үшін, бақ үшін күреспеді, таласпады, халық өзі қалап, хан көтерді. Бұл хандық ел аласапыран болып, ер басына күн туған кезде берілді.

Халықтың ол билікті бүгін біреуге, ертең екіншісіне берер уақыты жоқ -ты. Ендеше халық ол билікті тек ең жанкүйер, табанды күрескер, ақылгөй данасына аманат етті. Әбдіғапар халық шешімін солай ұғынды...»

Әбдіғапардың қоластында 7000 сарбаз болды. Шайқас Торғай қаласына жақын «Татыр» деген жерде басталып, Әбдіғапардың мыңбасы Карбоз, Қостанай жағынан Торғай гарнизонына көмекке келген. Торғай қаласы Ресей үшін қазақ еліне кіретін қақпа сияқты еді. Батпаққара жанындағы Доғал-Үрпек деген жерде Әбдіғапардың сарбаздары Түргенев полкін атыспен қарсы алып кері шегіндіреді. Патша әскерлері осы соғыста үлкен шығынға ұшырайды. Әбдіғапар -Амангелді, Кейкі, Қосжан, Уәлі, Өмен батыр інілерін ертіп, Ақ патшаның жазалаушы әскер топтарына жеңіс бермей, Ресейдегі «Ақпан төңкерісіне» дейін шайқасқан қас батыр. Сол себепті жоғарғы штаб генералдарының өтініші бойынша, 1916 жылы желтоқсан айында Сарытауға арнайы келген соғыс трибуналы, Әбдіғапар мен Амангелдіні «патшаның қас

қас жауы» деп есептеп соттауға шешім шығарды. Сот шешімінде: «Әбдіғапар хан мен оның көмекшісі Амангелді дарға асылсын!» делінген. Әбдіғапар сарбаздарын жойып, өзін тұтқындау үшін генерал Лаврентьев әскер жұмсады. Қызыл әскер Әбдіғапарды себепсіз 1919 жылы атып кетті. Елі хан сайлаған Әбдіғапар патша жендеттерінен аман қалса да, тарихшы М.Қозыбаев айтқандай, большевиктік экстремизмнің құрбаны болды.

Қазақстанның егемендік алғанына

Жазушы Морис Симашконың романында қайраткер былайша сипатталады:

«...Әбдіғапар тектілігі мен байлығына қарамастан кезінде ат ойындарына өзі барып қатысудан қымсынған жоқ, Аманкелдінің өзімен де күш сынасты. Халық осы үшін оны құрметтеді».

проф. К.В.Харлампович Әбдіғапар туралы: 

    • «восточная половина уезда,возглавляемая умным, проницательным и авторитетным Абдулгафаром,»-деп көрсетеді.

Профессор Харлампович Әбдіғапардың дүниежүзілік соғыс алдында болыс болып сайланғанын атап кетеді.1919 жылы Кеңес өкіметі қалпына келген соң арнайы төтенше комиссия құрылып, А.Иманов өлімінің, Торғайдағы төңкерістің жәй-жапсары тексеріледі. Әртүрлі қауесет, күдікпен Ә.Жанбосынов 1919 жылдың желтоқсан айында (кейбір деректер бойынша

25қарашада)тұтқындалып,оны Батпаққарадан әкеткен және Ш.Қаратаев

бастаған 30 адамы бар әскери отряд Зәуре Қопасы деген жерде сотсыз атады.

Ол інісі Жағыпардың жанына Көртоғай ауылына жерленді. Кеңесдәуірінде оның азаттық жолындағы күресі бүркемеленіп, тарихи мұрағаттар қойнауында қалды.

Қашан да өз асылын өздері ардақтай алмай келген халықпызғой.Әбдіғапардың ұлт-азаттық көтерілісіне жасаған басшылық қызметі жөнінде тіпті Америка, Англия, Түркия, Германия елдерінің кітапханаларында материалдар бұрыннан болса, бізде ондай тарихи құжаттар мен шығармалар әлі де Ресей мемлекетінің архивінде. «Тарихи мұра» бағдарламасымен болашақта келеді деген үміттеміз.

Әбдіғапар ханның туғанына 140 жылдығына орай,2010жылыӘбдіғапар Жанбосынұлының сүйегі жерленген, Қараторғай ауылының жанында ,Әбдіғапар Жанбосынұлының ұрпақтары Қабден, Марат, Сағадаттардың, Нияз бидің ұрпақтары Ақмолда ағамыздың, Мұқтар, Бейсен бауырларымыздың ұйымдастыруымен үлкен ақ кесене тұрғызылды. Бұл кесененің ұзындығы мен ені 6 метр, биіктігі 14 метр. Тағы бір үлкен жаңалық ол Астана маңы жанында, кезінде осы жерлерде билік жүргізген атасы Нияз биге де Тайтөбе аулында кесене салынды.Бұрын жатқан жері анадайдан мен мындалап шақыратын биік төбеде ақ моласы болатын.Кейбір ғалымдар осы жердің Ақмола деп аталуын осымен де байланыстырады. Сол ақ моланың орнына ақ кесене салынды

Биыл 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің болғанына 100 жыл толып отыр. Осы уақыттың ішінде қазақ халқының басынан әр түрлі кезеңдер өтті. Қазақ халқы қайсарлық, қайтпас күрестердің арқасында тәуелсіздікке қол жеткізді. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін және көтерілістің негізгі ошағы Торғай өңіріндегі көтерілістің барысын, Әбдіғапар Жанбосынұлының өмірін ашу және көтерілістің тарихи маңызын атап көрсету міндетін алға қойдым.   

1916 жылғы көтеріліс қазақ халқының көп ғасырлық ұлт-азаттық қозғалысының тарихында аса көрнекті орын алады. Шындығында да, өз тәуелсіздігі үшін ұзақ жылдар бойы жүргізген ерлік-күресінің дәстүрінде тәрбиеленген қазақ халқы 1916 жылы ұлттық және саяси бостандық алу мақсатымен Ресей империясының езгісіне қарсы жойқын күреске шықты.

2008 жылы 17жыл толуына арналған жиында Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының көсемдері Амангелді Имановтың, Әбдіғапар Жанбосынұлының есімдерін құрметпен атады.

Бұл көтеріліс 1916 ж. қазақ сахарасында туындаған империяға қарсы ұлттық-азаттық соғыс деп танылуы абзал. Ол халқымыздың ХХ ғасырдағы қуанышы мен трагедиясының қайнар басы болатын

Әбдіғапар туралы түйінді сөзді:

Елім деп еңіреген қайран Қапар,

Әруағы бір қозғалмай қалай жатар,

Өтті ғой өле – өлгенше зар еңіреп,

Орысқа боласың деп мәңгі отар...

Арманы Қапар ханның: еді Теңдік,

Сол үшін өлгенін де көзбен көрдік,...деп тарихи оқиғаларға куәгер болған Ф.Сатыбалдыұлының жыр жолдарымен аяқтағанды жөн көрдім.

Қорыта айтқанда, туған өлкенің тарихын біліп қана қоймай, оны зерттеу әрбір азаматтың міндеті.














Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!