400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала. Ұмытылмайды әке, есімің

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, аға буын өкілдері ерлігімен таныстыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жеңісті жақындатқан жандар

Адамзат тарихындағы қанқұйлы, 1418 күнге созылған екінші дүниежүзілік соғыстағы Ұлы жеңіске де 75 жыл толғалы отыр. Бұл соғыс туралы мен кітаптардан немесе тарихтан оқып білгем жоқ. Менің әкем Ғабдиев Нәпи 1938 жылдан 1946 жылға дейін әскер қатарында болып, ақ финдермен және неміс-фашист басқыншыларымен соғысқа бастан-аяқ қатысқан. Ұрпақтарының жарқын болашағы үшін жаздың аптабы мен қыстың шыңылтыр аязында окоптарда түнеп, жараланса да сапқа қайта оралып, от пен оқ кешкен. Б.Момышұлы атамыздың «Отан үшін отқа түс, күймейсің» деген қанатты сөзіндегі аға ұрпақ өкілі.

Запастағы гвардия аға сержанты-Ғабдиев Нәпи Ғабдіұлы 1918 жылы бұрынғы Гурьев облысы, Есбол ауданы, Тума ауылдық кеңесінде (қазіргі Атырау облысы, Индер ауданы, Өрлік ауылында) дүниеге келді.

1938 жылдың қыркүйегінен 1946 жылдың желтоқсанына дейін Совет Армиясы қатарында болды. Армияға 1938 ж. шақырылып, Ленинград қаласының «Н» полкінде кіші командирлер дайындайтын мектепте бір жыл оқып, 152 мм-лік ауыр зеңбіректің командирі болып тағайындалған.



1939 жылы 31 қарашада басталған Ақ финдерге қарсы соғысқа бастан-аяқ қатысып, 1940 жылы 12 наурызда біткен бұл соғыстан кейін Кеңес-Финляндия шекарасында тұрған.

1941 жылы 22 маусымда Герман фашизмі тұтқиылдан Кеңес Одағына шабуыл жасаған күннен бастап, соғыс біткенге дейін №43 артиллерия полкі және №138 артиллерия бригадасы құрамында зеңбірек командирі болып, Ленинград, Калиниград, І-Балтық майдандарында ауыр артиллерия полкінің құрамында үздіксіз соғыста болған. Бұл артиллерия полкіне және барлық жауынгерлеріне Жоғарғы Бас Қолбасшы 5 рет алғыс жариялаған. Бұл полк «Қызыл Ту, ІІ дәрежелі Суворов» ордендерімен наградталып, «гвардия полкі» атағына ие болған.

Соғыс кезінде жасаған ерліктері үшін Нәпи Ғабдиев: 1942 жылы 29 қыркүйекте Ленинград майданының 22-ші Армия қолбасшысының бұйрығымен «Үздік артиллерист» белгісімен; 1943-45 жылдар 2 мәрте «Қызыл Жұлдыз» орденімен, №138-ші артиллерия бригадасы қолбасшысының грамотасымен, 1941-1945 жж. «Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталды.



Ғабдиев Нәпи басқарған ауыр зеңбіректің жауынгерлері 5 жыл бойы талай-талай соғыс тапсырмаларын үлгілі орындады. Бұл жөнінде 1945 жылы 9 мамыр күні шыққан Ленинград майданының «Суворовшы» газетінде «Бөлімшенің ветераны» деген айдармен аға техник-лейтенант Б.Спириннің мақаласы жарияланған.
Әкемнің бейбіт өмірдегі еңбек жолына көз жүгіртетін болсақ, ауылымыздың өркендеуіне белсене араласып, үлкен белестерді бағындырды. Ісі мандымай, артта жүрген жүрген колхозымызды алға сүйреп, Одаққа танымал Ленин орденді, миллионер «Передовик» колхозы атандырған ауыл азаматтарының арасында алты орденді, соғыс және еңбек ардагері әкем – Ғабдиев Нәпидің де орны ерекше.1957 жылдан 1979 жылға дейін «Передовик» ұжымшарында жартылай биязы жүнді қой фермасының меңгерушісі болды. Бейбіт өмірде сіңірген ерен еңбектері үшін, 1957 жылы 5 қарашада Гурьев облыстық партия комитеті және облыстық атқару комитетінің «Құрмет кітабына» енгізілді.

1958 жылы 29 наурызда «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. Социалистік мал шаруашылығын дамытудағы еңбектері үшін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1961 жылғы 21-ші маусымдағы Жарлығы бойынша Нәпи Ғабдиевке «Қазақ КСР-нің социалистік мал шаруашылығының Еңбек сіңірген шебері» құрметті атағы берілді.

1966 жылы 22-ші наурызда «Еңбек Қызыл ту» орденімен;

1966 жылы 30-шы қыркүйекте «Қазақ КСР-нің ауыл шаруашылық қызметкерлерінің социалистік жарысының үздігі» белгісімен;

1967 жылы 25-ші тамызда «КСРО-ның ауыл шаруашылық қызметкерлерінің социалистік жарысының үздігі» белгісімен;

1968 жылы 26 қаңтарда КСРО-ның халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің «ВДНХ СССР» алтын медалімен;

1971 жылы 8 сәуірде «Ленин» орденімен марапатталған.

Құрметті демалысқа шыққаннан соң, 1979-1982 жылдары аудандық мәдениет бөлімінің «Передовик» кеңшарына қарасты бөлімшесінде автоклуб меңгерушісі болып қызмет жасады.

1985 жылы 9 мамырда «ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы» орденімен марапатталды.

С оғыстан келгесін анамыз Жәмиламен бас қосып, үлгілі отбасын құрды. 5 ұл, 2 қыз тәрбиелеп өсірді.Ұлының ұяға, қызының қияға қонғандығының куәсі болды, немере сүйді. Ол заманда соғыс және еңбек ардагерлеріне деген құрмет ерекше болатын. Ауылымызда болған А.Жұбанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Ғ.Құрманғалиев, Б.Аманшин т.б әдебиет пен өнер саңлақтары шаңырағымызда болып, анамыздың қолынан дәм татқан. Сол кісілер ауылға келген кезінде дүниеге келген ағам Ғабиден мен інім Ахметтердің есімдері сол кісілердің құрметіне қойылған. Әлі есімде, үй кітапханамызда Ахмет Жұбановтың қолтаңбасымен кішкене, сырты көк былғары өлең кітапшасы және Ғабит Мүсіреповтың бірінші бетінде «Нәке, кеудеңіз орден-медальдарға тола берсін!» деген қолтаңбасы бар «Солдат из Казахстана» деген кітабы болды. Бала кезімізде орысшаға тісіміз өтпейді, неге қазақшасын бермеді екен деп ойлайтынмын.

Ә кеміз өмірде көпшіл, жүрген жері той-думан болатын. Ол кездегі құрдастар бір-бірімен қатты қалжыңдасатын және сол қалжыңды көтере білетін. Осы күнге дейін ел арасында Нәкең айтып еді деген сөздер сақталған. Жұмыста жүргенде түзде көп жүретін, әкем меңгеруші болған №2 қой фермасы үнемі жақсы көрсеткіштер көрсетіп, алдыңғы қатарда жүретін. Қарамағындағы адамдардың тұрмысына ерекше көңіл бөліп, жағдайларына қарайласып жүретін. Еңбектегі табыстары үшін өзімен бірге сол кездегі Отанымыздың жоғары наградасы Ленин орденін алған шопандар бар. Кеңес дәуірінде дүниеге келдік, өстік-өндік, білім алдық, етегімізді жаптық, әке-шешеміздің арқасында уайымсыз өмір кештік. Әкем қан майданда алғы шепте болғанда, тылдағы еңбеккерлер де «Бәрі де майдан үшін!» деп ерен еңбек үлгісін көрсетті, анамыздың әңгімесінен білемін. Соның бәріне төзе біліп, небір қиындықты бастан өткізіп, бізге бейбіт өмір, ашық аспан сыйлаған аға ұрпақ өкілдеріне басымызды иеміз.

Әкеміздің есімі 2005 жылы Алматы қаласының «Өлке» баспасынан Ұлы Жеңістің 60 жылдығына орай шығарылған Атырау облысының соғыс және тыл ардагерлеріне арналған «Жеңісті жақындатқан жандар» атты кітапқа,

20 томдық «Қазақ жерінің зиялы азаматтары» кітабына, 2018 жылы әкеміздің 100 жылдығына арнап ұрпақтары шығарған «Алты орденді ардагер» кітабына енген.

Атырау қаласындағы Атырау облыстық өлкетану музейінде «Олар Ленинградты қорғаған» бөлімінде әкеміздің құжаттары, суреттері бар.

«Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмытылмайды». Жыл сайын 9 мамырда 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябаққа барып, мәңгілік алауға гүл шоғын қойып, тағзым етемін. Соңғы жылдары дәстүрге айналған «Бессмертный полк» шеруіне қатысамын. «Қуансаң, қуана бер, әкетайым, Мен сенің өміріңнің жалғасымын» деген өлең жолдарындағыдай, аға ұрпақ, әкем қалдырған өмір шырағын шәкірттеріме табыстап, тарихымызды ұмытпауға тәрбиелеймін.

Жақында, 1923 жылы туғандардың 80% соғыстан оралмады деген статистикалық мәліметті оқыдым, қорқынышты цифрлар. Бұл соғыс 27 миллион адамның ғұмырын қиды. Әлемді неміс-фашистерінің сұрқия пиғылынан құтқарған, соғыс отын өшірген жандардың қатарында әкем болғанын мақтан тұтамын. Енді соғыс өрті тұтанбасын, әлемде бейбітшілік болсын, тәуелсіз еліміздің болашағы жарқын болсын!

Габдиев Жанибек Напиевич.

№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік

колледжінің бейнелеу өнері пәнінің оқытушысы.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 мамыр
359
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі