400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мақала "Ұстаз- ұлы есім"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздар мерекесіне орай жазылған мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұстаз – ұлы есім

Picture 1 «Ұстаз-ұлы есім», - деп М .Әуезов атамыз айтқандай, ұстаз болу шын мәнінде үлкен мәртебе. Ұлы есімге лайық , мектебімізде өмірін, бойындағы бар білімін 34 жылғы ұстаздық жолында аямай шәкірт бойына сіңіріп келе жатқан ардагер ұстазымыз, Бейнеу ауданындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Бекжанова Нұрлықыз Мұханқызы.

Білікті ұстаз атанған Нұрлықыз Мұқанқызы Гурьев педагогикалық институтын 1980- жылы ойдағыдай аяқтап, Батыс Қазақстан темір жолына қарасты орыс-казақ №86 мектебінде 9 жыл жұмыс жасаған.

1989- жылы жолдасының жұмыс бабымен Бейнеу ауданына ауысып келіп, еңбек жолын жалғастырған. Бүгінде аяулы жар, ана атанған ұстазымыз 4 баланы дүниеге әкеліп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырып немере сүйіп отыр. Отбасы мен мектеп жұмысын қатар алып жүрген, тәрбие мен білімін беруде ұстазымыздың еңбек жолындағы жетістіктері де аз емес.

1992 жылы Бейнеу аудандық білім беру бөлімінің мақтау қағазымен марапатталса, 2010 жылы мектепішілік Құрмет грамотасымен және 2011жылы Маңғыстау облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды.

Ұстазымыз бар жиған білімін шәкірт бойына дарытып, оқушылардың жан-жақты дамып, үлкен азамат болып өсуі үшін тынбай еңбек етіп келеді. Аудандық, облыстық олимпиадаларда жүлделі орын алған шәкірттері қазіргі таңда еліміздің түкпір- түкпірінде жақсы қызмет орындарында отыр.

Осы білім саласында тынымсыз еңбек етіп, осы жолда көп биік-белестерден өткен жігерлі ұстазымыз Нұрлықыз Мұханқызына алдағы уақытта шығармашылық табыс тілейміз.Осы қалпыңыздан таймай асулардан асып, мықты денсаулықтың арқасында отбасыңыздың ортасында бақытты да баянды ғұмыр кешуді тілейміз.

Алдағы келе жатқан төл мерекеңіз құтты болсын! Шәкірттеріңізге сапалы білім мен саналы тәрбие беруден жалықпаңыз дегім келеді.


Ізгі тілекпен,

Даметкен Тлеулиева

Бейнеу ауданы, Ы.Алтынсарин орта

мектебінің география пәні мұғалімі.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
662
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі