400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

мақала: "Ұстаздық еткен жалықпас..."

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаз мамандығын насихаттау туралы мақала. Еңбек жолын бір мектепте өткізген, зейнетке шыққан мұғалім туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақала.

Ұстаздық еткен жалықпас...

Ұстаз. Осы сөздің адам жанына жылылық ұятып, асу бермес асқарға жетелері сөзсіз. Алғаш мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап, өмір өзенінің оң соқпағына салып, сенің болашағына беретін адам – ол ұстаз. Білім шеті мен шегі жоқ телегей теңіз болса, сол теңіздің сәнін келтіріп, байыппен ғана әр шәкірт жүрегіне жол тауып, соның кілтін аша білген ақ желкенді кеме – ұстаздарымыз.

Зейнеткерлік жасқа келіп өз еңбегімен мектеп ұжымына, шәкірттеріне сыйлы болып, еңбегі жанған ұстаздардың бірі – Ілиясова Мағрипа Ілиясқызы. Жамбыл орта мектебінде Басыбаев Мәгел Әлмырзаұлының алдынан оқыған. Химия пәнінің мұғалімі – Оспанов Сағди Оспанұлы, физика пәнінің мұғалімі – Байтұрғанова Құсни Ахметқызы және математика пәнінің мұғалімі – Мәкенов Әскер Бектемирұлы, осы кісілердің дәріс берген пәндерін қалауы ма екен, Петропавл педагогикалық институтының жаратылыс факультетінің химия – биология бөлімін таңдап, комсомолдық жолдамамен аталған институтқа оқуға түседі.

Қазақ мектебін бітіріпшыққан қарапайым студентке бірден орыс тілінде оқып кету оңайға түспеді. Бірақ соған қарамастан өзінің алдына қойылған мақсатына жетуге тырысты. Сол қажыр – қайраттылығымен 1975 жылы оқуды бітіріп, өзінің туған мектебіне оралып, химия – биология пәндерінен сабақ берді. Ұжым – қай кезде де тәрбие мектебі. Жақсы ортада адамның шабытына шабыт қосылады. Таланты жарқырап, өнімді еңбек етуге дағдыланды. Талаптың тұлпарын мініп келген жас маманға тәжірибелі ұстаздар мейрім шуағын төге білді. Сөйтіп, Мағрипа Ілиясқызы білікті ұстаз, іскер азамат болуына ықпал жасады. Дарынды мамандарға өсу жараспай ма? Өзін сан қырлы маман ретінде танытқан Мағрипа тәтейді екі жылдың ішінде мектеп директоры Мәгел Әлмырзаұлы Басыбаев оқу ісінің меңгерушісі етіп тағайындады.

«Шәкіртсіз ұстаз – тұл». Көз майын тауысып оқытқан шәкірттерің үмітінді ақтап, сенім биігінен көрініп жатса ұстаздарға одан артық бақыт бар ма? Ұлағатты ұстаздың алдынан білім алған бірқатар оқушылардың ішінде Ресейдегі Саратов қаласында университетте жұмыс істейтін Фаткина Татьяна химия ғылымының докторы, Цыгунчук Галина – педагогикалық ғылымының докторы, Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің оқытушысы, Әкімжанова Қамар білім бөлімінің қызметкері, Преснов қазақ орта мектебінің химия, биология пәндерінің мұғалімі Жанмұқанова Гүлнәр бар. Мағрипа Ілиясқызы өзінің еңбегімен республикалық құрмет грамотасы, облыстық және аудандық мақтау қағаздарымен марапатталған. Тарих бетінде алтын әріппен ойып тұрып орын алатын ұстаздық жолын жалғастыратын шәкірттері баршылық. «Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы» деген нақыл осындай еңбек адамына арналып айтылғандай. Апайымызға зейнеткерлік демалысының бақытын тілеймін.

Солтүстік Қазақстан облысы

Жамбыл ауданы

«Жамбыл жалпы орта білім беру мектебі» КММ

Турсунбаева Багыш Каирбековна



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
703
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі