Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

мақала Зорлық зомбылықсыз балалық шақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Зорлық- зомбылық – жеке тұлғаға қол сұқпаушылық, (тәндік және рухани мағынада) туралы азаматтардың құқын бұзатын бір адамның екінші бір адамға тәндік немесе психикалық ықпал етуі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Зорлық зомбылықсыз балалық шақ

52 «Құлагер» МДҰ

Еліміздің Ата заңының бірінші бабында – «Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» - деп көрсетілген.

Жасөспірімдер мен балалар, бүкіл әлемдегі сияқты, үйінде, мектепте не болмаса қоғамдық мекемелерде күнделікті қатыгездік пен зорлық – зомбылықпен ұшырасып отырады. Балаларда, үлкен адамдар сияқты бұл өмірдің негізін қалаушы; яғни оларда сыйлау, қол тигізбеу, азаматтық абыройын сақтау құқықтарына ие. Бала үшін ата- анасының үйі әрқашан қауіпсіз бола бермейтіні де бізге айғақ. Себебі, бала өз үйінде бола тұра зорлық- зомбылық көруі мүмкін. Мысалы: әке- шешенің айтқанын істемесең, ұрып- соғуы мүмкін. Бұл тәрбие құралы балалардың психикасын бұзады.

Зорлық- зомбылық – жеке тұлғаға қол сұқпаушылық, (тәндік және рухани мағынада) туралы азаматтардың құқын бұзатын бір адамның екінші бір адамға тәндік немесе психикалық ықпал етуі. Зорлық- зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген. Адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті әдіс қолданылып жасалған қылмыстар «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің» тиісті баптарына сәйкес жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар болып табылады.

Қазіргі қоғамда қатыгездіктің, зорлық- зомбылықтың күшейіп, жағдайдың ушығып бара жатқанын көз көріп, құлақ естіп отыр. Отбасылық ұрыс, әйел мен бала саудасы, адамдардың бір-бірін өлтіруі бәрі шешімін таппай жатқан мәселе. Бұл жағдайдың бәрі өсіп келе жатқан өскелең ұрпақтың тәрбиесіне кері әсерін тигізеді.

Балаға қатысты зорлық- зомбылықты және оған әсер ететін тиісті үдерісті анықтау және тану қабілеттілігі бала құқығын қорғау және зорлық – зомбылықтың жергілікті және мемлекеттік анықтамасына тәуелді болып табылады. Балаларға қатысты қатыгездік кең мағынада бес тұрпатты бөліп көрсетеді:

  • Дене зорлық- зомбылығы;

  • Жыныстық зорлық- зомбылық;

  • Баланың қажеттіліктері мен мүдделерін елемеу (қадағалаусыздық, ата- аналық міндеттерден жалтару, экономикалық зорлық- зомбылық);

  • Эмоционалды / психологиялық зорлық- зомбылық;

  • Жыныстық және коммерциялық пайдалану.

Бұл бес тұрпатты бөліктегі жыныстық зорлық- зомбылыққа тоқталсақ, балалардың психикасын бұзатын, болашағына балта шабатын балаға көрсетілетін қатыгездік. Жеке тұлғаның жыныстық қол сұғушылығы жеке тұлғаның конституциялық –құқықтық құқығының бөлігі болып табылады. Ол Қазақстан Республикасының Конституциясымен бекітіледі, сақталады және кепілдендіреді. Кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұқпаушылығы туралы айтылғанда олардың қалыпты жыныстық сау жетілуі, қалыпты тән және моральды- иманды жетілуі болып табылады. Кәмелетке толмағандарға қарсы зорлық әлеуметтік құбылыс сияқты алға жылжыған зардаптардың бірі болып табылады. Жыныстық зорлық- зомбылықтың түрлері:

  • Инцест;

  • Жыныстық азғырушылық;

  • Жыныстық шабуыл;

  • Зорлау;

  • Балаларды порнографияжәне жезөкшелік үшін пайдалану;

  • Жыныстық қанағаттануүшін жанасуға шақыру не көтермелеу.

Жыныстық зорлық- зомбылық көпшілігі - бұл жоспарланған және қасақана жүріс- тұрыс. Аталған зорлық- зомбылықтың түрі бәрінен бұрын қиындықпен анықталады. Үйлесімін тауып, оқшауланып пайда болады.

Балаға қатысты эмоционалдық/ психологиялық зорлық – зомбылық – баланың жас мөлшерінің дамуындағы эмоционалдық өміріне қауіп төндретін эмоционалдық жабырқаулық жағдайына алып келетін кез- келген әрекет;

-ата- аналарының, тәрбиешілерінің, оқытушыларының тарапынан ауызша немесе күш көрсету арқылы оның абыройын түсіру, намысына тию, жақтырмау, үнемі сынға алу, ата- аналарының қолдауға, көңіл бөлуге қабілеттілігінің болмауы. Алдау, өтірік айту баланың үлкендерге деген сенімін жоғалуы, оған мүмкіндігі келмейтін талаптар қоюы жатады.

Психологиялық қатыгездік- жүріс- тұрыстың созылмалы патерндері, яғни, баланы кемсіту, қорлау, балағаттау, тәлкек ету және әжуалау. Бұндай кезде бала дамуы бұзылып, эмоция біржақты дамиды, өзіндік эмоция түсінігі қалай бұрмаланса, оның пайда болуы да солай болады.

Баланы коммерциялық және өзге де пайдалану елімізде , әлемде өршіп тұрған қатыгездік. Басқа тұлғаларды пайдалану арқылы ақшалай, әлеуметтік не саяси табыс табу, жыныстық мақсат үшін сенім білдіруді, зорлық- зомбылықты білдіреді. Жезөкшелік, бала саудасы т.б.

Жас балаларды азғындық жолға түсіру (ҚР ҚК 124-бабы) ерекше қылмыс болып табылады. Аталған қылмыстың объектісі жеткіншектердің адамгершілік тұрғысынан дұрыс қалыптасуы болып табылады. Объективтік жағынан қылмыс -14 жасқа  жетпегендігі айқын адамға қатысты күш қолданусыз азғындық іс әрекеттерді жасау арқылы көрініс табады. Кінәлының немесе жеткіншектердің жыныстық құмарлығын жыныстық қатынас жасаумен байланыссыз түрде қанағаттандыруға бағытталған әр түрлі іс-әрекеттерді  істеуі  азғындық деп  танылады.

Бейкүнә балаға қатыгездік жасау тек психикалық ауруға ұшырағандардың қолынан келеді. Балаға зорлық- зомбылық таныту отбасылық жағдайда жиі кездеседі. Бұған себеп ата- ананың ұрыс- керісі, ішімдік, есірткінің зардаптары. Балаларды ұрлап кетіп, оны саудалау, ауыр жұмысқа салып қою, дене мүшелерін сату факторлары жиі кездесіп отырады. Зорлық – зомбылық көрген баланың бойын үрей билейтіні анық. Осындай қылмысты балалардың жасырып қалуынан, зорлық- зомбылықтың алдын алу мүмкіндігі болмай жатыр.

Бала – еліміздің жарқын болашағы. Мұндай қатыгездіктің алдын алып, балалардың өмірін қорғауымыз керек. Мемлекет қызметі мен отбасыларды мемлекеттік қолдау бала отбасында және одан тыс тап болатын зорлық көру қаупін мұқият және жан-жақты бағалау негізінде жүзеге асырылуға тиіс.

Осы орайда бала тәрбиесінде ата- ананың алатын орны бөлек екенін ұмытпаған жөн. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей бала ата- анасынан қандай тәрбие алса болашағы да, өмірі де солай болады.



 





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.02.2021
1020
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12