ӘЛ-ФАРАБИ ІЛІМДЕРІНІҢ ПЕДАГОГИКАДАҒЫ РӨЛІ
Халықтық педагогикалық құбылыстарды зерттеушілер ресми педагогика мен халық педагогикасының бірін-бірі толықтыратын, кеңейтіп отыратын өзара ықпалы мен өзара шарттастығын дәлелді ашып түсіндіреді. Егер ресми педагогика түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін білдіретін саяси, құқықтық философиялық, моральдық, эстетикалық және діни кезқарастардың ықпалы қашаңда сезіліп отырса, халық педагогикасы бүл ықпалға үшырағанмен, түтас алғаңда халықтың ойы мен мүддесін, ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту жайлы түсінігін білдірді.Ертедегі түркілер педагогикалық ой-пікірін талдау, алғашқы педагогикалық ескерткіштер тікелей халық өмірінің, халық педагогикалық мәдениетінің ықпалымен пайда болғанын көрсетеді. Ғылымның кернекті өкілдері, орта ғасыр мәдениеті қайраткерлерінің отандастары жинақтаған аса бай тәрбие тәжірибесін есепке алмауы мүмкін емес болатын. "ӘЛ-ФАРАБИ трактаттарынан" бастап, "Түркі тіліндегі Гүлістанға" дейін халықтық педагогикалық ой даналығына үздіксіз назар аудару байқалады. Бүл өзара байланыс Х-ХІУ ғғ. шығармаларының маңызды белгілері болып табылады.
Тұлғаның рухани дамуыңдагы музыканың шешуші ролі жайлы айта келе Әл-Фараби (870-950) өз пікірін дәлелдеуде халықтардың көп ғасырлық тәжірибесін есепке алады. "Музыка жайлы трактатта" ("Музыканың үлкен кітабынан" үзінді) ол былай деп жазды: "Біреулер әнді өзіне жағымды сезінулер туғызу, дем алу, шаршағанды, уақыттың өзі жайлы ұмыту үшін айтты. Басқалары ішкі сезімінің сол не өзге жағдайын орнықтыру немесе тарату, өзгертуге тырысты. Болмаса құмарлықты түтандыру не басуға пайдаланды. Ең соңында, үшіншілері әнді өзінің өлендеріне мәнерлілік беру, сондай-ақ тындаушы қиялын күштірек ояту үшін қолданды. Бұл түрлі себептерге байланысты адамдар, әуезге ән айтуға, дауысты реттеуге ерте өуестенді. Әндер мен күйлер ұрпактан ұрпаққа, халықтан халыққа ауысып, көбейіп отырды"Бала төрбиесі, қоғам мен халықтың балаларды оқыту жөніндегі камқорлығы, жастарды халық өміріне байланысты білімдермен қаруландыру, балаға оның жеке жөне жас ерекшеліктерін ескеріп шын жүректен қамқорлықты қарым-қатынас - мұның бәрі Әл-Фараби педагогикалық жүйесінің құрамды бөлігі бодды. Халықтан алып пайдаланылған көптеген ережелер оның ілімінің демократиялық, гуманистік өзегін құрады және оның педагогикасының озық бағыттылығын күшейтті. Әрине, ұлы педагогтың халықтық тәрбие дәстүрлерін алып пайдаланып және оны өз жүйесіне енгізіп қана қоюмен шектелмеуі әбден табиғи. Ол педагогикалық құбылыстардың жиынтығын байыптады, тәрбие және тәрбиелеу орындары мәнін түсіндіруге жаңа мазмұн беріп, әрі қарай шығармашылықпен дамыта алды.Оның пікірінше, оқу, білім алу, ғылым адамы болу, адамгершілік және тәрбие мәселерімен тығыз байланысты. Мәселен, "Философияны үйрену үшін алдын ала нені білу қажет" деген еңбегінде Фараби бірінші алғы шарт етіп адамнның жан тазалығын, ар тазалығын қойған: "Ғылым үйренуге кіріспекші кіснің жас, кішіпейіл, денсаулығы жақсы болуы қажет. Оның тәрбиелі, адамгершілігі мол, адал, кулық-сұмдықтан және баска да ағат мінез-құлықтан аулақ болуы керек".
Сонау орта ғасырлардағы Таяу және Орта Шығыс елдерінде туған ғылым мен білім қазіргі ғылым мен білім тарихының сахнасында алдыңғы қатарда тұрған қызықты да, қайшылық тұстары көп мәселелер қатарында екендігі cөзсіз. Солбір мәселелердің шет жағасын шығарып, жібтің бір ұшын тарқатып көрсек, Шығыс орта ғасыр физикасы, ал оның ішінде әл-Фараби физикасы жатады. Жалпы Орта ғасырда Орта Азия халықтарынан шыққан ұлы ғалымэнциклопедист, ойшыл, ғұлама Әбу Насыр әл-Фараби біздің мемлекетіміздің Түркістанның Отырар (Фараб) қаласына қарасты аймағында орналасқан Васидж қалашығында әскери бағытты ұстанатын отбасында 870 жылдар шамасында 71 дүниеге келген. Ерте орта ғасыр дәуіріндегі ежелгі Отырар қаласы Фараб деп аталған. әл-Фараби есімі Отырар қаласы болып аталған кезден бастар қала аты шартарапқа аты әйгілі бола бастады. Кезінде Отырар қаласы мәдениеттің, қолөнердің және сауданың үлкен орталығы болған. Кей деректерде бұл Фараб кітапханасымен атақты болған, себебі алыптығы, яғни ондағы кітаптың қоры сол кездегі, сол маңайдағы ғұламалар мен данышпандар, ойшылдардың білім мен ғылымды үйрену мен меңгеруіне жол ашып, ғылымның іргетасының берік қалануына оң әсерін тигізе білген құнды ғимарат. Отырар қаласының нақты орналасқан жері Түркістан облысының, Шәуілдір ауданына жақын жердегі Арыс өзенінің Сырдарияға құятын жері. Конференция барысы бойынша әл-Фарабидың өмірбаянын насихаттағанды жөн көріп отырмын. Әбу Насыр әл-Фараби алғашқыда ежелгі түркі тілінде білім нәрімен сусындайды. Білім мен ғылымды үйренуге ынтық болған жас әл-Фараби Орта Азия мен Таяу шығысқа саяхат жасап, көп жылдар бойы Бағдатта білімнің қайнар бұлағына қанық болады. Білімді өмірінің шырағы ретінде санай отырып сол жердегі, яғни өз заманындағы ұлы ғалымдармен тікелей байланыс жасайды. Әл-Фарабидің еңбек сүйгіштігі және оған қоса Табиғаттың берген таудай таланты оны халифаттағы ең ірі оқымыстылар дәрежесіне шығуға, бой көрсетуге мол мүмкіндік берді. ӘлФарабиге «Ал-муаллим-ас-сани» деген атақ берілген. Яғни бұл дегеніміз «Екінші мұғалім» деген мағынада. Бірінші мұғалім грек оқымыстысы, ғалымы Аристотельді атаған. Осы білім мен ғылымды зерттеу мен зерделеу жолында кертартпа сопылардың іс-әрекеттерінің нәтижесінде ғұлама Бағдат қаласынан мәңгі кетуге мәжбүр болады. Осы әрекеттерден өмірлік сабақтарды ұғына отырып, ары қарай өзінің ұстанымы мен мақсаттарын жалғастыру мақсатында оқымыстылар мектебін ашады. Сол мектептерде ізбасарлары тәрбиеленіп, ғылым мен білім саласы одан ары дами түседі. Ұлы ойшыл, ғұламаның өмірбаянындағы әрбір сәтті жылы жүрегімізбен, махаббатымызбен оқығанда ғана тарихқа бір табан жақындағандай боламыз. Әр кез Туған жерім, Отаным жайында ой түйетінім бар. Жұдырықтай жүрегіме ерік берген кезде өз жеріме, еліме, көз жүгірте отырып, оның өткені мен болашағын саралауды менің жеке адамзаттық көзқарасым, мақсатым, борышым ретінде санаймын. Менің елім «Қазақстаным» бүгінде еңсесі биік, қайратты әрбір ұланы қалқан бола алатындай, бүкіл дүние жүзі танитындай іргесі берік, бекем мемлекетке айналды. Тарих беттерінде ойып алар орны бар мемлекетіміздің өткеніне көз жүгірте бір қарап, шолу жасасақ. «Елел боламын» дегенше қиын-қыстау қаншама заман өтті, қаншама тарихтың маржандай асыл адамдары да кетті. «Тар жол тайғақ кешуден» өтіп, қиын-қыстау талай нәубатты артта қалдырып, Егемендігін алып «Тәуелсіз», «Азат» ел атанып та үлгерді. Біз- осы үшін қуанамыз және бар байлығымызды қорғап оны мақтанышпен жүрек пен ойға салып жыр ете аламыз. Кешегі бабаларымыздың қанымен, аққан терімен, азаттықты жырлаған көз жасымен келген осындай бақытты көру және бағалау бізге берілген үлкен мүмкіндік. Яғни бақытты ұрпақ қатарында-өзімнің болғанымды өзіме мәртебе, абырой санаймын.Өзім Оңтүстіктің төл тумасы болғандықтан өзімнің туған жерімнен шыққан жерлес ақын-жазушылар, мықты қаламгерлер , қоғам қайраткерлері, саяси, патриот аға- 72 әпкелеріміз туралы құнды мәліметтер мен жеке деректерді оқи отырып, осы Ұлы тұлғалардың жолын жалғастыру, оны өзімнен кейінгі ұрпаққа қалдыру менің басты Отан алдындағы адамзаттық борышым. Эссе барысы бойынша «Екінші Ұстаз" атанған жерлесіміз ғұлама, данышпан әл-Фараби бабамыз туралы сыр шертіп, жыр етсем. Ислам дініндегі халықтар арасынан шыққан ғалымдардың қатарында да төбе көрсететін жеке тұлға екендігі барлығымызға аян-ақ. Ел басына күн туған кездерде қазақ халқының екі данышпан ұлының есімдері біздерге рухани демеу болғандығы талассыз дүние. Ғылым мен білімді меңгеру -ынтасы, ерік-жігері, жүрекжарды назы бар, санасы бар жастарға - ол су түбінде жатқан терең байлықты алақанмен ұстағандай үлкен олжа екендігі сөзсіз. Әл Фараби өзінің өмірлік қағидасы мен ұстанымында «Білім мен ғылым» және «Дүниедегі аққатты іздеу» арқылы адамның өміріндегі тамаша сәттердің болатындығын дәлелдеп, бұлтартпастай ережемен айтып өткендей. Әл Фараби бабамыздың пайымдауынша адамның жеке тұлға болып қалыптасуы үшін ең алдымен Логиканың күшті болуы шарт. Сондықтанда ғұламаның көп еңбегі логиканы дамытуға барынша күш салғандай. Осы бір тылсым дүние ғұламаның атақ-даңқын биікке көтергендей. Данышпан бабамыздың әлем ғылымы мен біліміне қосқан еңбегі ұшан-теңіздей. Алып мемлекеттердің де данышпандары мен ғұламалары да Ұлы ойшылдың еңбектерін зерттеп, зерделеп жатқан-ды. Тек логиканы ғана емес, аспан әлеміндегі күрделі өзгерістерді де барлап, бақылап ой қорытып, ілімнің ашылуы мен зерттелуіне өз еңбегін едәуір көлемде көп қосқан ойшыл ұстаз. Қазіргі таңда аш немесе қапыда қалғандай күй кешетін «Кітапханамыздың» қадірін сол кезде-ақ «Рухани қазына» деп санаған. Кітап басылымдарынан үздіксіз ақпарат жинап, оны ұшқыр ойымен қорыта отырып, өзінің еңбектерін кітап басылымдарына басып, бізге өшпестей, мол мұра ретінде қалдырған. Қазақтың қара топырағынан шыққан ұлы ғұламаның еңбектерін асқақтатып, әуелетіп кейінгі жастарға жеткізу менің басты-мақсат-мүддем! Осындай «қазақ» топырағынан шыққан жалынды, дарынды бабаларымыздың жолын кейінгі жастарымыз үлгі-өнеге ретінде ұстанса екен деген ойым бар. Сондай жағдайда ғана еліміз көркейіп, өркендеп өседі деген жүрекжарды тілегіммен эссемді аяқтаймын. Жалынды жастарымыз Ұлы ойшылдың ұлы жаңалықтарын дәріптеуде еш талмайтындығына күмәнім жоқ.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Бейсенов А. «Әл – Фарабидің тұжырымдары» // Ақиқат. – 2006. - № 6, 70-73 б.
2. Жусанбаева Г. «Әбу Насыр Әл – Фарабидің халыққа білім беру жүйесін құруға қосқан үлесі.»// Қазақстан тарихы.- 2004.-№11, 49-52 б.
3.Әбілова, Қ.Қалиевалардың «Этнопедагогика оқулығынан»
4. «Фараби ойлары. Әлеуметтік этикалық трактаттар» // Парасат.-1994.№4. – 2 -3 б.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мақала.ӘЛ-ФАРАБИ ІЛІМДЕРІНІҢ ПЕДАГОГИКАДАҒЫ РӨЛІ

шағым қалдыра аласыз