Материалдар / Мақала."Менің бірінші сабағым"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мақала."Менің бірінші сабағым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Заманауи білім беруді жандандыру мақсатында жазылған мақала.Ұстаздарға көмегі бар.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қазан 2018
408
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Менің бірінші сабағым Мұғалімдік мамандық-бұл адамтану,адамның күрделі және қызықты,шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. В.А.Сухомлинский Кембридж бағдарламасы бойынша үш айлық курстың бірінші «Бетпе-бет» кезеңін аяқтап,мектебіме асыға келдім.Ойымда: «Ұжымым мен оқушыларым қалай қарсы алар екен?» деген сұрақ тұрды.Сыныпқа кірген сәтте оқушыларым мені қуанышты көңіл-күймен қарсы алып,әрқайсысы өздерінің сағынышын білдірді.Осы сәтте мен оқушыларымның маған шынайы көңілмен қатты бауыр басып қалғанын байқадым.Осы кезде өзімнің оқушылардың жүрегінен орын алғаныма риза болдым. «Егер мұғалім өз бойына, өз ісіне,шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол нағыз ұстаз», деп Л.Н.Толстойдың айтқан сөзі еріксіз ойыма орала қалды.Мауқымызды басып алған соң оларға бүгіннен бастап топтаса отырып білім алатындықтары туралы айттым. Оқушыларым ерекше ықыласпен қабылдады. Әсіресе, оқшыларымның қуанғанын байқадым.Демек, оларға жаңаша өзгеріс ұнады деген сөз.Неге сонша қуанғанын білгім келіп топтасуға байланысты ойымды сұрағанымда оқушыларымның берген жауабы мені таңғалдырды.Олардың жауаптары: «Бір-бірімізбен ақылдасамыз,бірігіп шешім қабылдаймыз,бір-бірімізге көмектесеміз» деген еді.Оқыту кезінде мектепте алғаш барған кездегі менің мақсатым-оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді, нұсқаулықты,Блум таксономиясын басшылыққа ала отырып сабақ өткізу болатын.Менің бірінші сабағым 9 «Ә» сыныбымда әдебиет пәнінен М.Жұмабаевтың « Өмірі мен шығармашылығы» тақырыбында болды.Бүгін бірінші сабақ.Әдебиет пәні. Тақтаға смайликтерді плакатқа жабыстырып,іліп қойдым. Сабақты ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырудан бастап,оқушыларды ортаға шеңбер жасай тұруын ұсындым. Содан кейін барлығымыз сағат тілі бойынша қасымызда тұрған достарымызға ыстық ықылас білдіріп, жылы лебіз білдірдік. Жылы сөз айтуды өзім бастадым.Бұрын – соңды мұндай тренинг өткізбегендіктен, оқушылар бірден ашылып сөйлей қоймады. Білу деңгейінде жаңа сабақты бастамас бұрын үйге берілген тапсыраманы «Ыстық орындық» тренингін өткізу арқылы ұйымдастырдым.Үй тапсырмасын осындай тренинг түрінде өткізу оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын арттырады екен. Сабақ кезеңдерін оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға баули отырып,бағдарламаның басқа да модульдерін ықпалдастыра отырып өткізуге тырыстым. Жаңа сабақ.Қызығушылықты ояту.Оқушыларға слайдтан «Үш бәйтеректің» суретін көрсету арқылы Мағжан мен Абай арасында қандай ұқсастық бар деп ойлайсыңдар?деген сұрақты топпен талқылауға тапсырдым. Сабақтың маңызы фазасы – қызығушылықты ояту. Өтілген материалмен байланыстыра отырып жаңа сабақтың тақырыбын «Ой қозғау» стратегиясы бойынша аштым.Оқушылар жаңа сабақты бастамас бұрын ББҮ кестесін толтырды.Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтың маңызды рөл атқаратынын атап көрсетті.Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог оқушылардың қызығуышылығының арттыруымен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетті.Слайдтан көрсетілген тапсырмалар бойынша оқушылар постер құрды.Осы тәсілде оқушылар өздерін мұғалім ретінде жауапкершілікті сезініп,сабаққа деген қызығушылығы артты.Сабақты Джигсо әдісін қолданып өткізгенде топта «үнсіз бала» болмады,оқушылардың бәрі сөйледі.Осы сабақта бұрын белсенділік танытпайтын оқушылар өз идеяларын айтып,топтық жұмысқа қатысып отырды.Әсіресе,үздік оқитын оқушыларым Диана,Аяулым,Әлбина ерекше көзге түсті.Тапсырманы орындау кезінде оқушылар ізденіп,ғаламтордан керекті мәліметтерді алып отырды.Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу,сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты әртүрлі техникаларын қолдандым. Бағалау кезінде оқушылар өз-өздерін,бірін-бірі,топты критерийлер бойынша бағалады.Сабақ соңында оқушылар кері байланыстарын жазып,Білім ағашына ілді.Оқушыларға сапалы білім беруде мұғалімнің рөлі зор екендігі белгілі.Болашақта осы Бағдарламаның жеті модулін ықпалдастыра отырып,сабақтарымды түрлендіре өткізіп,оқушылардың білім деңгейлерін көтерсем деп алға мақсат қойып отырмын. «Қыран түлегіне қайырылмас қанат сыйлайды,ұстаз түлегіне алға басар талап сыйлайды» демекші жеті модульді меңгеріп, тәжиірбемде қолданамын деген ойдамын.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!