жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мақаланың тақырыбы: Әдебиет сабағында ұлттық тәрбие қалыптастыру
Жамбыл ауданы Қопа бекетіндегі негізгі орта мектеп КММ
Баяндама
Тақырыбы: Әдебиет сабағында ұлттық рух идеясын ашу
Пән мұғалімі: Адият Хамбар
Қазақ тілі және әдебиеті пән мұғалімі
2018-2019 оқу жылы
Әдебиет сабағында ұлттық рух идеясын ашу
Кіріспе. Қазақстанның бірінші жаңғыруы 25 жыл бұрын КСРО-ның қирандысынан шығып, өз жолымызды дербес мемлекет ретінде бастағанымыздан басталған болатын.
Екінші жаңғыру «Қазақстан-2030» стратегиясының қабылдануымен және жаңа елорда - Астананың салынуымен басталды. Үшінші жаңғыру Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласымен жалғасын табуда. Ұлт санасының жаңғыруын мақсат еткен бұл еңбек- бағдарламалық құжат. Үлкен екі бөлімнен тұратын мақаланың екінші жартысында Елбасы кез келген жаңғырудың ең алдымен Ұлттық болмысқа, дәстүрдің замана сынынан сүрінбей өткен озығына негізделуін қадап айтып отыр.
Бұл іргелі мақаланы халық Мәңгілік Ел мұратын жүзеге асырудың түп негіздерін көрсетіп берген тұжырымдамалық бағдарлама ретінде қабылдауда.
Бұл халқымызға рухани жол көрсететін нақты бағдар екеніне күмән жоқ. Нағыз ұлттық жаңғыру тек Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгенде ғана, Елбасының ұзақ мерзімді стратегиясының негізінде басталды деп айтуға болады.
Қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталып отырған бұл идеяның ұсынылуы уақыт талабы мен ел дамуының тарихи кезеңіне сай, маңызы зор шешім болып отыр. Бұл идеяның үшінші жаңғырудың өзегіне айналуы, елімізге мүлдем жаңаша сипат, тың серпін әкелері анық.
Сананы рухани жаңғыртуға бәсекеге қабілетті, білімді елдің ғана шамасы жетеді. Сол себептен Елбасы рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аударып, бірнеше міндеттерді айқындап берді. Елбасы аталған мақаладан жаңаша бастау алатын «Туған елге» ұласатын «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынып отыр. Әрбір азаматтың өзінің туған жерінің гүлденуі үшін нақты үлес қосуға үндейді.
Жас буын өкілдері халықтың игі дәстүрінен тәлім алып, елжандылық, патриоттық қасиеттерді бойына сіңіріп өсу үшін нақ осындай бағдардың маңыздылығы зор.
Еліміздің ұлттық білім беру жүйесінде «Қазақстандық патриотизм» ұғымы қолданылып келеді. «Қазақстандық патриотизм» арқылы Отан, туған жер, ел, атамекен, туған өлке туралы түсініктер оқу - тәрбие үрдісінде, сабақтан тыс іс - шараларда Отансүйгіштік сезімді дамытуға, ұлттық салт - дәстүрді сақтау, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу сияқты сезімдерді оқушылар бойында қалыптастыру жүзеге асырылуда.
Ең бастысы-жас ұрпақ бойында Отанға, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру. Жастар тәрбиесіндегі басты ұстаным - өзін-өзі басқаруға мүмкіндік беріп, еркіндікті, сөз бостандығын, пікір бостандығын сездірту, олардың ұстанымдарымен санасу.
Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын»,- дегені жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу ісінде баға жетпес ұсыныс.
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы- қоғам дамуына тың серпін беріп, барша қазақстандықтардың жаппай қолдауына ие болар тарихи бастама. Бұл игі бастаманы ел ішінде насихаттап, лайықты жүзеге асыру- баршамыздың міндетіміз.
Елбасы рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аударып, бірнеше міндеттерді айқындап берді. Оның ең негізгісі ұлттың терең тарихынан бастау алатын рухани ұстанымды сақтап қалу. Құндылықтарымыз бен озық дәстүрімізді табысты жаңғырудың алғышартына айналдыра білу. Бұл ретте, Елбасы «Жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерімізді қайта түлетуіміз керек»,- екенін атап көрсетті.Сонымен қатар рухани жаңғырудың негізгі тірегі - ұлттық рухты жаңғырту.
Ұлттық рухтың негізгі көздері: фольклор, халық ауыз әдебиеті, ұлттық әдебиет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ұлағатты қағидалар, шешендік сөздер, өнеге-өсиеті бар мақал-мәтелдер, туған топырағымызда дүниеге келген ойшыл ғұламаларымыздың еңбектеріндегі тәрбие қағидалары болғандықтан, әдебиет сабағының маңызы зор болып отыр. Ақын-жазушыларымыздың ұлттықрух мәселесіне жазылған шығармалары мектептегі әдебиет сабағында идеясы қалай ашылуда? Шығарманың тақырыбы мен идеясы деген не? Бүгінгі баяндамамыз сол жайында болмақ.
Негізгі
бөлім:
Ұлттық рух – ұлттық сана-сезімі жоғары
болашақ жастарды тәрбиелеуге
негізделген білім беру жүйесінің
құрамдас бөлігі болмақ. Міне, бұл
орайда ұлттық салт-дәстүрлерді
үйрету сабақта және сыныптан тыс
сабақтарда, тәрбие сағаттарында көрсету
үрдіске айналып келеді. Әдебиет - ұлттық
болмысты қалыптастырушы құрал
болғандықтан, әдебиет сабағында
оқушыларға тақпақтарды жалаң
жаттатып, ертегілерді құр оқытып қана
қоймай, оны оқушының санасына сіңіріп,
мағынасына терең бойлатуымыз керек.
Осы
айтылғандарды әдебиет теориясының
тіліне салсақ, егер тақырып – жазушы
суреттеп отырған өмір құбылысы болса,
идея – жазушының сол өзі суреттеп
отырған өмір құбылысы туралы айтқысы
келген ойы, сол өмір құбылысына берген
бағасы. Анығырақ айтқанда, жазушы өзі
бейнелеп, суреттеп отырған өмір
құбылыстары арқылы оқырман назарын
неге аударса, қайда бағыттаса, сол –
идея болмақ. Ал, идеяны сабақ барысында
ашу мұғалімнің шеберлігі мен оқушылардың
біліміне байланысты болмақ. Автор өзі
жазған шығарма арқылы не айтқысы келсе,
оқушы соны дөп басып түсінсе, шығарманың
идеясы ашылған болады. Мәселен, «Кер
құла атты Кендебай» ертегісінің идеясы
ерлікті, қайырымдылықты, ұлтжандылықты
дәріптеу болса, «Аққулар ұйықтағанда»
поэмасының идеясы туған жерді аялау,
ананың балаға деген мейірімін, аққудың
киелі құс екенін ақындық шеберлікпен
жеткізу. «Батыр Баян» поэмасының идеясы
батырлардың ерлігі арқылы тарихтан сыр
шерте отырып, ұлттық ар-намысты бәрінен
жоғары қою. Міне осындай көркем
шығармалардың идеясы ашылғанда шығарма
өз миссиясын орындайды. Ал, идеясыз
шығарма болмайды. Ол
үшін түрлі көрнекі құралдарды пайдаланып
«Қобыланды батыр» жыры, «Кер
құла атты Кендебай»,
«Аяз би» сынды ертегі кейіпкерлерін
балалардың өздеріне ойнатып, жан-жақты
амал-тәсілдерді қолданамыз. Сондай-ақ
ежелгі ата-бабаларымыздан жалғасып
келе жатқан салт-дәстүрлеріміз бен
әдет-ғұрыптарымызды, тарихымызды
балалардың жадына жастайынан сіңіріп
өсіруіміз шарт.
Халықтық педагогика – қоғамның рухани,
мәдени және адамгершілік қарым-қатынастарындағы
ең қымбат қазына дейтін болсақ, оқушыларға
ұлтымыздың әдет-ғұрыптары мен
салт-дәстүрлерін үйрету, оны оқушы ойына
ұялату арқылы ізгілікке, адамгершілікке,
ұлтжандылыққа, өз салт-дәстүрін құрмет
тұтуға баулу – ұстаздардың басты
мәселесі.
Сонымен қатар «Сақина
салу», «Орамал тастау» сияқты ұлттық
ойындар қабақ үстінде де ойнатамыз. Бұл
олардың өз халқына деген сүйіспеншілігі
мен құрметін арттыра түсетіні кәміл.
Болашақ ұрпақ осы бастан қазақтың
ұлттық киімдері мен ою-өрнектерімен
танысып, «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз
қазақ – домбыра» дегендей, домбырамыз
бен «бесік жырын» айтып, ақ бесікке
әлдилеп жолбарыс жүрек батырлар мен
ақындарды тәрбиелеген апа-әжелеріміздің
бізге қалдырған ақ бесігін көріп
өссіндеген ниетпен «Бесікке салу,
тұсау кесу, сырға салу т.б салт-дәстүрлерді
көркем шығармадан ашып көрсеткен
жөн.
Қазіргі балаларды бұрынғылармен
салыстыруға болмайды. Ертеректе
балалармен жұмыс жасау бүгінгіге
қарағанда әлдеқайда жеңіл болатын.
«Үлкенге құрмет, кішіге ізет» көрсетіп,
айтқаныңды екі етпейтін. Қазіргі
балаларымыз бір үйдің еркесі, бір үйдің
жалғызы дегендей... Оларды тек «алдап»
көндірмесең ештеңе істете алмайсың.
Оның үстіне бұл тек мектептің ғана
емес, үйдегі тәрбиеге де байланысты.
Мені қынжылтатын тағы бір мәселе –
қазіргі балалар уақытын пайдалы істерге
жұмсамай, компьютердің алдында өткізеді.
Ол баланы еңбек етуден алыстатып, ойлау
қабілетін төмендететіні сөзсіз. Сондықтан
«Жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге»
нақыл сөздердің құндылығымен тәрбиелеуге
жетелейміз.
Ұлттық болмыс – қоғамның рухани, мәдени
және адамгершілік қарым-қатынастарындағы
ең қымбат қазына дейтін болсақ, оқушыларға
ұлтымыздың әдет-ғұрыптары мен
салт-дәстүрлерін үйрету, оны оқушы ойына
ұялату арқылы ізгілікке, адамгершілікке,
ұлтжандылыққа, өз салт-дәстүрін құрмет
тұтуға баулу – ұстаздардың басты
мәселесі.
Бүгін де өзгелермен тереземіз теңесіп, өркениетті елдер қатарынан көрініп келе жатқан біз үшін ұлттық дәстүрімізді терең меңгеріп, ұлттық болмысымызды сақтап қалу өте қажет деп білемін. Сондықтан еліміздің болашағын тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатып отырған ұстаздар үшін бұл ең басты міндет деп санап, өз сабағымда осы мәселеге баса назар аударуға тырысамын. Жалпы қазақ тілі мен әдебиет пәнін оқытуда халықтық педагогикасыз болмайтыны белгілі ғой. Әйтсе де оны оқушы санасына терең бойлату үшін күнделікті сабақта тиімді пайдаға асыра білу өте қажет. Мысалы, 5-сыныптарда халық ауыз әдебиетін оқытудың өзі – ұлттық рух. Қазақ халқының тәлімдік мәні, ой-толғаныстары бесік жыры мен батырлық эпостарда, ертегілер мен аңыздарда, шешендік сөздер мен айтыс-термелерде, мақал-мәтелдерде көптеп кездеседі. Мұндағы ұрпақ тәрбиесінің негізгі түйіні — адамгершілік-имандылық, ақыл-ой, еңбек, эстетика, дене, отбасы тәрбиесіне байланысты мәселелерге келіп тіреледі. Халқымыз өз ұрпағын бесікте жаткан кезінен өлең-жыр мен әңгіме, ертегі, тақпақ, санамақ арқылы тәрбиелеп отырған. Бала аяғын жерге нық басқан кезден қоршаған ортаның құпиясын ғылыми тұрғыдан сезініп білмесе де, жұлдыздарға, түрлі белгілерге қарап жол тауып, қаршадайынан есту, көру сезімдері шынығып, алыстағыны болжайтын, жоғалғанды табатын ізшіл де, мерген де болған. Кәсібі, тіршілігі мал шаруашылығына байланысты болғандықтан, бала 5—6 жасынан ат құлағында ойнай бастайды, бір естігенін қалтқысыз есте сақтайтын қабілеті күшті, әңгімеге үйір көшпелі халықтың баласы небір қызық ертегілерді, жыр-дастандарды жаттап алатын болған. Сөз өнерінің әдемі кестелері олардын сөйлеу корын байытып, мағыналы да мәнді сөйлеуге жаттықтыра беретін. Халықтық шығармалар ішіндегі әр жакты айқын бейне, қызықты оқиға, әдемі қисын, жақсы ұйқастардың бәрі балаларды қуантып, еліктіре әсер етіп, ой-пікірін шыңдап отырған. Сондықтан халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқытуда тек оны оқытып, жаттатып, талдатып қана қоюға болмайды. Сол арқылы тәрбиелеу керек. Ата - дәстүрімізді мақтан етіп, оқушы жүрегінде өзінің қазақ болып туғанына мақтаныш ететіндей сезімді оятуымыз қажет. Әр сабақта көрнекілікте ұлттық бұйымдар қолданғанда сабақ нәтижелі болары сөзсіз.
Мәселен «Қыз жібек» жырын оқытуда Жібектің сұлулығын суреттеуде қазақ қызының сұлбасын қолдана отырып, тапсырманы орындатқанды жөн көрдім.
Мұнда
оқушылар қазақ қызының дайын сұлбасын
көре отырып, суреттегенде, қыз Жібектің
образын ашқанға ыңғайлы болады. Ұлттық
рухтты оятатын шығармаларды оқытуда -
негізгі және көмекші әдіс-тәсілдерді
жалпы түрде қолданған жөн. Ол кезде осы
тәсілдері барынша қолданған дұрыс:
Көрнекілік әдісі - берілген білімнің мазмұны көрнекілікті тілеп тұрғанда уақыт үнемдеуге, әсіресе оқушы психологиясына әсер ету мақсатында өте тиімді болады.Сондай-ақ оқушы сабаққа қызықтыру, ынталандыру мәселесінде де маңызы зор.
Сондай-ақ, Шәкірім Құдайбердіұлының «Қалқаман Мамыр» поэмасын өткенде оқушылармен бірге шағын көрініс ұйымдастырып жіберген орынды. Төменде Қалқаманды ұстап ауылға алып келген сәттен көрініс.
Оқушылар осы көріністі ойнай келе ағайын-туыстық қатынасты біле отырып, ел қадірін түсінеді.
Жамбыл атамыздың шығармашылығымен танысқанда оқушыларды музейіге аралатқан жөн. Ол жерде Жамбыл атамыздың өміріне, шығармашылығына, сол дәуірдің тұрмыс-тіршілігіне саяхат жасай отырып, өз көздерімен танып, біледі. Бұл – оқушыға рухани азық болары анық.
«Біржан мен Сараның» айтысын өткенде оқушыға оны жаттатып қана қоймай, ақындық өнерін дәріптеу мақсатында сабақ үстінде кішігірім айтыс ұйымдастырып жіберген дұрыс. Сонда оқушылар ақындықты сезінері сөзсіз.
Шығармашылық әдісі - шәкірттердің оқырмандық қабілетін тәрбиелеу мақсатында көркем шығарманы оқып-үйренудің алғашқы кезеңінде де, қолданыуы мүмкін. Мұнда төмендегідей тәсілдер қолданылады:
-Мұғалімнің мәнерлеп оқуы.
-Көркем сөз өнерлерінің мәнелеп оқуы.
- Артистердің орындауындағы жеке сахналық көріністер.
-Оқушыны мәнерлеп оқуға үйрету.
-Көркем мәтінді ұстаздың коментарий түсінік бере оқуы.
-Әңгіме жүргізу.
-Шығармашылық тапсырма беру.
-Жаттау.
-Жоспар құру.
-Эпизодтарға тақырып қою.
-Мәтінге жақын баяндау.
-Көркем баяндау.
-Сценрий құру.
-Иллюстрация жасау.
-Пікір жазу(кітап,кино, спектакль, радио, телеқойылым, хабарларға)
- Шығарма жазу.
Оқушыны үнемі ынталандыра отыру керек, мәселен Жамбыл атамыздың шығармашылығын аяқтағанда оқушыларға Жамбыл атамыздың төс белгісімен марапаттадым.
Руханиятымызды түгендеудің тағы бір тетігі төл дыбыстарымыз бен әліпбиімізді реттеу болса, оқушыға осы сәттен бастап, латын әліпбиін үйрету біздің мақсат-міндетіміз болмақ.
Мұны тәрбие сағаты немесе сыныптан тыс жұмыста үйрете жүрген жөн. Сондай-ақ, әр сабақта қолданатын көрнекіліктер ұлттық нақышта болса, оқушылардың ұлттық болмысы түзелері кәміл.
Әдебиет – ұлттың жаны болғандықтан, сабақ барысында көрнекілік пен әдіс-тәсілдерді ұлттық нақыштағы заттарды қолдана отырып, түсіндірген жөн. Оқушыларды бағалауда асық үлестіріп, брейн ринг ойынында асықты қолдандым. Оюланған сандықтың ішіне қазына жасырып, оны кез-келген әдеби шығармада қолданған жөн.
Қорытынды. Ұлттық мұраның мәйегіне айналған әдебиетімізде халықтың төл тарихының, дәстүрлі мәдениетінің, дүниетанымының көрнісі барын, ұлттық рухты дана халқымыз ұлттық тәрбиенің кәусар бұлағы деп танитынын оқушы санасына берік орнатуға тиіспіз. Қазақ халқының ұлттық тәлім тәрбиесі мен мәдениеті талай халықтардың өкілдерін таң қалдырғаны тарихи жазбалардан белгілі. қазақтың тұрмыс тіршілігі, мәдениеті мен ауыз әдебиеті туралы, ер адамдар мен әйелдердің моральдік этикалық ерекшеліктері туралы, олардың тұрмыстағы, кәсіптегі, отбасындағы, әулеттегі, рудағы әлеуметтік орны туралы, әдет ғұрпы, мінезі, көшпенді өмір сүргеніне қарамастан салты мен дәстүрінің біртұтастығы, біртұтас тілде сөйлеуі, қолөнері мен бейнелеу өнерінің, ауыз әдебиеті және музыка өнерінің жалпы дала мәдениетінің таң қаларлық үлгілері туралы таңдай қаға айтып, баяндайды. Ендеше осындай ұлылықты, халқымыздың бай саралы да саналы дәстүрлерін еліміздің болашағы -өзіміздің алдымызда отырған ұрпағымызға үйрету – ұстаз қауымының бірінші міндеті деп білемін. Сондықтан бабалардан бізге мирас болған төл жәдігерлеріміз бен ұлттық мұрамызды дәріптеу басты мақсатымыз. Міне бұл қолданған әдіс-тәсілдер, көрнекіліктер мен жасаған жұмыстарымыз оқушылардың бойына ұлттық сана-сезім, ұлттық болмыс, ұлттық рух қалыптасады деген сенімдемін. Жан-жақты тәрбиеленген оқушыларымыз болашақа елге қызмет ететін, білімді де білікті интелигент болмақ.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген