жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мақала:Отбасында білім алау мен тәрбиелеуде психологияның алатын ролі
Отбасында білім алау мен тәрбиелеуде психологияның алатын ролі
Мақсаты: Мүмкіндігі шектеулі балалардың жағдайы мен оларды үйде оқыту және тәрбиелеудің дұрыс жолдары, психолог жұмысының маңызы.
Жоспар:
1. "Тәуелсіз елге - білікті маман!"
2. Мүмкіндігі шектелген баласы бар мектеп ұжымының қағидасы
3. Жан-жарым балалар үмітін жалғау - көпшілік міндеті
Баланың шыр етіп дүниеге келуі әрбір отбасында қуанышты жаңалық. Алайда мүмкүндігі шектеулі балалардың өмірге келуі шын мәнінде отбасын психологиялық өзгерістерге алып келеді. Алғашқы күннен бастап ата-анасының ұнжырғасы түсіп, күйзеліске тап болады. Ата-ананың қоршаған ортамен қарым-қатынасы үзіледі, қатынас аясы тек туыстары, дәрігер, мұғалімдермен ғана шектеледі. Баланың мінез-құлқы, тәртібіндегі өзгерістер ата-ананың күткеніндей, ойындағындай болмай, ата-анаға қайғы мен мазасыздық жағдайын әкеледі. Мұндай ата-аналар тез ашуланшақ, ренжігіш келеді. Сол себепті отбасындағы өзара қарым-қатынастар бұзылады, әрі қиындыққа тіреледі. Тіпті кей жағдайда отбасының бұзылуына (ажырасуға дейін) әкеледі немесе кейбір отбасылар қиындыққа төзе алмай, арнайы түзету ұйымдары мен балалар үйіне өткізіп кете барады. Ал, жастайынан тағдыр тәлкегіне түсіп, өмірдің ащы дәмін сезген жандар мұндай келеңсіздікті күтпегендіктен жағдайлары мүлдем төмендеп, нашарлап кетуі мүмкін. Өмірге құлшынысын жоғалтып, басындағы қайғысымен бөлісуден қалады. Сондықтан мұндай балаларды тәрбиелеуде ата-аналарға тек медицина және әлеуметтік педагогтар ғана емес, арнайы мамандар, соның ішінде педагог-психолог маманының көмегі өте қажет.
Қазіргі кезеңде еліміздегі мүмкіншілігі шектеулі балалар санының көбеюі, денсаулық сақтау, білім және әлеуметтік қорғау салаларының осы мәселеге көңіл бөлуін талап етіп отыр. Жыл санап мүмкіншілігі шектеулі балаларға деген қоғамның көзқарасы өзгеріп, оларды қоғамның бір мүшесі ретінде қарауға бет бұрды. Үкіметіміздің мүмкіншілігі шектеулі балаларға арналған көптеген көмектерінің ішінде үйде психо-педагогикалық көмек беру ерекше орын алады.
Мүгедек балалардың жанұяда тәрбиелеудің бір -біріне қарама - қарсы екі түрі кездеседі. Олардың бір түрі «шектетілгендер», яғни ата-анасы баланың жан-жақты, материалдық жағынан толық қамтамасыз етеді, бірақ оның ішкі әлеміне үңіліп рухани қажеттіліктеріне терең бойлай бермейді. Тіпті кейде баланы жазалайды. Бұндай отбасындағы балалар іштей күйзеліске түседі, ата - аналарының сүйіспеншілігіне, махаббатына ылайық емеспіз деп ойлайды. Олардың көңіл - күйі түсіп, өз-өзіне сенімсіздік пайда болады. Осыдан келіп балалардың тіл дамуында, танымдық қызметінің қалыптасуында, тәрбиесінде әр түрлі кемшіліктер пайда болып, зияты төмендеп, білім деңгейі тежеледі. Екінші бір жағдай баланы шектен тыс қам-қорлыққа алу, мұндай ата-аналар бала алдындағы «кінәсін» сезініп оны тым бос ұстап, еркелетеді. Кез- келген өтінішін орындауға тырысады. Мұндай ортада өскен бала бұйығы келеді. Өз-өзіне сенімсіз, әлжуаз болып өседі. Мұндай балалар әлеуметтік даму жағынан түрлі қиындықтарға тап болады.
«Бала кемістігінің даму деңгейі неғұрлым төмен болса, соғұрлым мұғалімнің білім деңгейі жоғары болуы керек» - деп (Неміс педагог-дефектологы П.Шуман) айтпақшы, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту және тәрбиелеудің негізгі міндеттерінің қатарына бала тұлғасын толық қалыптастыру, танымдық әрекеттерінің дамуы, оларды қоғамның тең құқылы мүшесі ретінде ортаға қосу болып табылады.
Диагностикалық болжау жұмысының барысында психолог балалардың тұлғалық және жасерекшеліктерін зерттеп, баланың жеке және әлеуметтік дамуына кедергі келтіретін факторларды анықтайды, олардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тұлға дамуының түзету кешенді жоспарын өңдейді.
«Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау» туралы Заңның 4 Тарауында кемтар балалардың құқықтары бекітілген, нақты ата-аналарының және өзге де заңды өкілдерінің құқықтары мен міндеттері көрсетілген. 15 бап кемтар балалардың әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдауды кепіл түрде тегін алуға құқығын бекітті. Мүгедек бала тәрбиелеу, отбасының шаруасы әртүрлі жанұялық проблемалар кей жағдайда баланың болашағын, оның кейінгі тағдыры туралы ойлануға мойын бұрғызбайды. Дегенмен де, ата-ана түзете-амыту үрдісінен тыс қалмай белсенді қатысушы болып, мамандармен, медициналық, психологиялық кеңес алып отырса, баласының өмірлік қажеттілік дағдыларды меңгеруіне сауатты түрде ықпал етер еді.
Мүмкіндігі шектеулі оқушыларды үйден оқытуды жаңа технологиялар көмегімен ұйымдастыру – оқу материалдарын түрлендіре отырып (әртүрлі бағдарламалар көмегімен) оқушының назарын бір бағытқа шоғырландыруға, сабақтың түсіндірілуін жеңілдетіп, оқушының сабаққа деген белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың ішінде, әсіресе тірек-қимыл жүйесінің сырқаты бойынша үйден оқытылатын балалар үшін жаңа технологиялар көмегімен білім беру арқылы, білім беру ұйымындағы жүргізілетін білім беру жағдайы да қолжетімді қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343-ІІ Заңында, Түпнұсқада кемтар балаларды әлеуметтiк, медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың нысандары мен әдiстерiн айқындайды, дамуында кемiстiгi бар балаларға көмек көрсетудiң тиiмдi жүйесiн жасауға, оларды тәрбиелеу, оқыту, еңбекке және кәсiби даярлау iсiмен байланысты проблемаларды шешуге, балалар мүгедектiгiнiң алдын алуға бағытталған шараларды жүзеге асыру қарастырылған. Ал оларға білім беру үшін көп еңбек, ұстаздық жылы сезім мен кішіпейілділік керек. Оларға қарапайым түсініктерді жеткізу оңай шаруа емес. Оларға әсер ету жолдары түрліше. Ұстаз ізденісі әр баланың жан-дүниесіне үңілуден басталады. Бұл балаларды зерттеу ол нені жақсы көреді, нені ұнатпайды, кімді құрмет тұтады (кумир), немен айалысқанды ұнатады. (хобби). т.б. сияқты сұрақтарға жауап алудан басталады. Оның маңыздылығы бұларды білу сол оқушымен әрі қарай әңгімені өрбітуге көмегін тигізеді, яғни күнделікті ең қарапайым әңгімелесудің өзі қарым-қатынасыңызды нығайтып оның бір сәтке болса да сергіп, көңілі көтеріліп қалуына әсер етеді.
Мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық құндылық, әрбір баласы – еліміздің ертеңі екенін ескерсек, әрбір мүмкіндігі шектеулі оқушының сапалы білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау міндетіміз болып табылады.
Ендеше, осы дүние есігін аша салып, өмірдің нақ өзімен күрескен жарым-жан балаларымыздың үмітін жалғау - оның отбасы, сол отбасын тәрбиелеп отырған билік органдары және педагог-ұстаздар, яғни осы отырған көпшілік қауым, сіздер мен біздердің борышымыз деп білемін. Күн көзіндей кішкене сәулеге ұмтылған осындай жандардың қоғамда өз орындарын табуға көмегімізді аямайықшы!
Алматы облысы
Талдықорған қаласы "№27 орта мектеп - гимназиясы" КММ
Директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары
Касымжанова Махаббат Нурсоветовна
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген