Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мақала:Шығармашылық жұмысты ұйымдастыру жолдары
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Шығармашылық жұмысты ұйымдастыру жолдары
Альмуханова Б.C,
№25 ЖОББМ
Шығармашылық-танымдық іс-әрекет нәтижесі болып табылады. Шығармашылық дегеніміз-өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік жасайтын жеке тұлғаның бойындағы қабілеттіліктің, білім мен біліктіліктің, түрткінің (мотивтік) болуы. Көптеген зерттеулерді талдау нәтижесінде шығармашылық іс-әрекет нәтижелері оқушының жеке тұлғасына, біліктерінің жетілуіне, психологиялық тетіктер аркылы оң әсерлері бар рефлексия нәтижесінде өз әрекетіне және сол әрекеттің бірлескен іс-әрекет мазмұны мен түріне сәйкес көзқарастары қалыптасатыны анықталып отыр. Оқу үрдісінде танымдық тапсырмаларды орындау шығармашылықты, ізденімпаздықты талап етеді, сондықтан мұндай тапсырмаларды орындау: өзекті мәселені табу, мақсаты мен міндеттерін айқындау, зерттеу әдіс-тәсілдерін белгілеу, болжам құру, болжамды тексеру, нәтиже, іс-әрекет рефлекциясы кезеңдерімен жүзеге асады. Оқу жұмысына шығармашылық мақсат қою, оны жоспарлау оқушыдан зеректік, ізденімпаздық, енбеққорлық, шабыт,мақсаткерлік,белсенділік қызығушылық, өмірлік белсенді ұстаным сияқты көптеген касиеттерді талап етеді. Мұғалім оқушылардың танымдық іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру біліктерін дамытуы кажет. Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін жетілдіру бағыты танымдық біліктерінің қалыптасу белгілеріне, танымдық тапсырмаларды орындау мүмкіндіктеріне қарай оларды шартты түрде мынадай 3 топқа бөлуге болады.
Бірінші топ-танымдық іс-әрекетте табанды, міндеттері мен мақсатын біледі; ізденімпаз, пән бойынша дербес шығармашылық жұмыстарға белсене қатысуымен ерекшеленеді.
Екінші топ- ізденіске ұмтылады, бірақ шығармашылық тапсырмаларды орындауға барлық уақытта бірдей ұмтылыс көрсете бермейді, танымдық тапсырмаларды орындау әдіс-тәсілдерін табуға құлшыныс білдіреді, тапсырмаларды орындауда мұғалім көмегін кажет етеді.Үшінші топ-шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды орындауға құлықсыз; белсенділігі төмен; репродуктивті сипаттағы тапсырмаларды ұнатады; жұмысты орындауда үлгіні қажет етеді, оны орындауда көмекті қажетсінеді. Сонымен, шығармашылық іс-әрекет талаптарын, сондай-ақ оларды мектепте ұйымдастыру жолдарын зерттеу-мәселені дамытып, жетілдіру тетігін анықтауға және мынадай тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді:
-оқушылардың шығармашылық дербестігін дамыту арқылы оның жеке тұлғасын қалыптастыруға болады;
-танымдық іс-әрекет түрлері төменнен жоғары қарай, кезекті түрде, белгілі бір ретпен, жүйемен жүргізілуі нәтижесінде шығармашылығы дамиды;
-танымдық іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыру біліктері мен ізденімпаздықтың қалыптасуы оқушыларды шығармашылыққа баулиды;
Оқушыларды танымдық тапсырмаларды орындау мүмкіндіктеріне қарай топтарға бөліп, сәйкес жұмыс түрлерін таңдап, жүйелі жұмыс жүргізудің маңызы зор. Танымдық іс-әрекетте дәстүрлі емес әдіс-тәсілдерді пайдалану зияткерлік қабілеттерін дамытып, оқу-танымдық және ғылыми ізденістер жасауға талаптандырады. Оқушылардың танымдық ізденімпаздығын қалыптастыруға бағытталған шақтар түрлері төртке бөлінеді: «танымдық, коммуникативтік, шығармашылық, әдіснамалық».Оқушылардың танымдық ізденімпаздығын арттыруда шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін өткізудің маңызы зор. Мұндай түрдегі сабақтардағы түрлі оқу жұмыстары оқушының шындық белсенділігін арттырып, оқу мен ойлау әрекетінің тиімді амал-тәсілдерін, яғни материалының негізгі ұғымдары мен тұжырымдарын айыру, жаңа материалды өткен материалмен салыстыру оларды белгілі жүйеге топтастырады және қортындылау жасау сияқты амалдарды дайындауға үйренеді. Шығармашылық сабақтардың жоспарын жасауда оқушының шығармашылық әрекетінің бағдарына сәйкестендіріп, олардың қабілеттері ескерілуі тиіс.
Оқушылардың
шығармашылық әрекетін тудыратын сабақтарды өткізу жоспары мен
кезеңдерін қарастырамыз. Шығармашылық сипаттағы сабақтардың
жоспарын жасау үшін тақырыбы, мақсаты, әрекет түрі және нәтижелері
бір-біріне жуық байланысты сабақтарды топтастырып, таңдап алуға
болады. Жалпы бағдарламада көрсетілген пәндік сабақтардың әр
тарауында жететін жетістіктері негізінде оқушылар білім алуда
нәтижеге жетеді. Оқушылардың шығармашылық әлеуетін көтеруді мұғалім
алдына
мақсат етіп қояды. Мұғалім оқушы күйіне кіріп, олардың тақырыпқа
қатынас әрекетін ойлайды, өтілетін сабақтың проблемасына қажет
жағдайда жоспарланған сабақ мазмұны мен оқыту әдістеріне түзетулер
енгізеді. Сабақ тақырыбы бойынша мұғалім оқулықтар, кітаптар,
әдістемелік кітаптар, басқа да материалдармен танысады. Мұғалім
өзіне, оқушыларға қызықты болатын мәселелерді іздестіреді. Осы
мәселелер жөнінде көптеген материалдарды қарастырып, мамандардың
пікірлерін ескере отырып, табу қажет. Әр оқушының пән бойынша
ізденімпаздық деңгейлері анықталады. Сонымен қатар пәнге
қабілеттілігі, қызығушылығы анықталады. Шығармашылық — әр оқушының
жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерінің, танымдық іс-әрекеттері мен
дағдыларының дәрежесін көрсетіп береді. Шығармашылық дегеніміздің
өзі ізденімпаздықтан туады. Баланың өзіне деген сенімін туғызу,
өзінен шығармашылық қасиет іздете білу.
Шығармашылыққа баулу, қалыптастыру процесі нақ мектепте басталады. Кез-келген оқушы мұғалімнің басшылығымен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады.
Оқушыларды шығармашылыққа баулуда алға қойылған мақсат:
-рухани бай, жан-жақты, түсінігі мол, өзін-өзі басқаруға, бір-бірінің пікірін тыңдап, бағалай білуге қалыптастыру;
-әдебиет сабағында оқушылардың қабілетін арттыру және дамытудың тиімді әдісін қалыптастыра білу;
-ойын ажарлап ашуда тіл шеберлігіне мән беру;
-қосымша әдебиеттер оқып, білімді күнделікті толықтыру;
-«сенің қолыңнан келеді», «сенен үміт күтеміз» деген сөздермен үнемі шабыттандырып отыру;
-үй тапсырмасын беруде оқушы бейімділігін, қабілетін ескеру.
Шығармашылық бағытта жұмыстандыратын тапсырма түрлерін оқушылардың орындай алу әлуетіне байланысты бірнеше деңгейде ұсыну қажет.
-
бірінші деңгейінде мәтінді түсініп оқып, мазмұнын айта білу;
-
екінші деңгейінде образдарға мінездеме беру;
-
үшінші деңгейінде шығармадағы метафора, эпитет т.б. да көркем сөздерді тауып оқу, дәптерге тіркеу;
-
төртінші деңгейінде мәтінге деген өз көзқарасы, оны өз ойымен аяқтау, баға беру;
-
бесінші деңгейінде мәтінге байланысты өз шығармашылығы бойынша жұмыстар жүргізу.
Осылайша қадам сайын тапсырма түрлерін күрделендіре түсуге болады және тапсырма түрлерін оқушылардың өздері құрастыра білуге дағдыландыру. «Шығармашылық» ұғымының жалпы теориясын зерттеген С.Л.Рубинштейн «Оқушы шығармашылығының ерекшелігі оның сапалы түрде мақсатты әрекет жасауымен анықталады»-дей келе, «шығармашылық, шешімінің нәтижесі оқушының өзі үшін жаңалық болса жеткілікті» екендігін айтады, яғни оқушының шығармашылық өнімді еңбегі оның жеке тәжірибесімен салыстырылады. Шығармашылық жұмыста, әсіресе, оқушы қиялының орны ерекше. Бұл жөнінде М.Жұмабаевтың айтқан тамаша пікірі бар: «Жаратылыстың құшағында, меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеріп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада тұрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті». «…Баланың атаға тартуы рас болса, сиқырлы даланың баласы-қазақ баласы қиялқұмар болуға тисті». Педагог ғалымның айтқанының сөз өнері-әдебиетке тікелей қатысы бар. Өйткені М.Жұмабаевтың сөзімен айтқанда, «қазақ баласының жаратылысы соны тілейді». Төмендегі оқушылар жұмысы М.Жұмабаевтің сөздеріне дәлел болғандай. Бұл бөлімді «Мені танығың келсе, сөзіме үңіл...» деп атаған болатынмын. Тілдік қарым-қатынаста адамдар ойын ауызша сөйлеу арқылы да, жазбаша түрде де білдіре алады. Адамдар арасындағы тілдік қатынастың екі түрі бар, бірі – ауызша – ауызекі сөйлеу тілі де, екіншісі – жазбаша тіл. Дұрыс
жазу талабы – ресми түрде қабылданған жалпыға ортақ емле ережелерін сақтай отыра жазу және көркем әдеби тілде жазуға дағдыландыру. Оқушылармен жүргізілетін жұмыстың түрі «Жансызға тіл бітіру» жұмысы. Бұл жұмыс оқушыларымның қызыға орындайтын жұмыс түрлерінің бірі болып табылады. Көбінесе бұндай жұмыста сабақтың аралығында сергіту мақсатында пайдалануға болады. Ауызша да, жазбаша да орындауға икемді жұмыстардың бірі. Оқушылардың жұмысы: «Үстел» монологы
Менің бетімдегідей «ироглифтер» өзге жерде кездеспейді. Не себептен дейсіздер ғой? Бұл таңбаларды қалдырған ата-бабаларымыз емес, өз замандастарымыз. Кеше ғана тәп-тәуір, сүп-сүйкімді үстел болсам, бүгін зерттелмеген таңбаларға толдым. Нендей таңбалар жоқ менің бетімде, әркім қиялы жеткенше, өзінше көркемдеді ғой. Өз есімдерін ұмытып қалатындай,әке-шешесі азан шақырып қойған, жамылып жүрген есімдерін ұмытып қалатындай ойып кеп жазады, бетімде жиі кездесетін, үстел атаулының бәріне таныс «I LOVE» сөзі, шет елден келген «қонақ сөз» болса да, ұялып жүрген ол жоқ, бүкіл үстел бетіне ұялап алды. Маған тіл бітіп сөйлеп кетер болсам, менің не үшін керек екенімдігімді айтар едім. Ерегескенде мені жоқ қып жіберер күш пайда болса, сонда көрер едім өмірлеріңнің қандай күйге ұшырайтынын... Бауырлар, ойланыңдар!
«Тақта» монологы
Ал, кәнекей, достар, алдымен мен өзімді таныстырып өтейін:
-Мен, өздерің мектепте күнде алдарыңыздан шығатын екі құлағым қалқиып, езуім жыйылмай сендерді қарсы алатын кәдімгі-тақтамын! Тақта-бұл мен! Менсіз сабақ тоқтайды, өзім мақтанғанды ұнатамын. Таза тұрғанды қалаймын, бірақ бұл мүмкін емес. Сабақ басталса, құрыдым! Қоңыр-жасыл жүзіме тыным
бермейді. Бір білгіш шығып тарсылдатады кеп, бордың үгіндісіне қақалып «көксау» болуға шақ қаламын. Ал, сабаққа даяр емес оқушы алдыма келсе, бір бүйіріме тұрып алып, тырп етпестен түрткілейді кеп, бүйірімнен сұраққа жауап таба алатындай. Езуімнің жанында біресе қыстырылып, біресе жантайып жата кететін «сулы шүберек» дейтін досым бар, сол екеуміз бір – бірімізге көз салып тұрамыз. Оның сулы болғаны маған ұнағанмен, оның өзіне ұнамайтын тәрізді. Енді қайтейін «Біреудің күні- біреумен» деген, бір-бірімізсіз өмір сүру қиын.
Жас ұрпақтың тіл байлығын молайтып, сөйлеу шеберлігін арттыру үшін, халықтық тілдің телегей-теңіз бай қазынасын халық ауыз әдебиетінен мүмкіндігінше терең игертіп, оның қилы-қиын кезеңдері мен қызық құбылыстарын жете түсіндіріп, әр сөздің мәні мен мағынасындағы ұлан-ғайыр өзгерулер мен өңдеулерді, ауысулар мен алмасуларды, құбылулар мен құлпыртуларды дәл аңғара білген жөн. Шығармашылық жұмыстың тың үлгілерін тауып, талапқа сай жазып шығумен қатар әр жазған сөзіңнің нысанаға дәл жетіп, оқырманның сезіміне әсер етіп, сөз-бейне шамшырақ, орнаған мықтап көңілге- деп Жамбыл атамыз жырлағандай болғаны абзал. Әр жанның ішкі сезіміне үңілу оңай емес және кез – келген жан саған ақтарып айта салмайды. Ақын Сәкен айтқандай: «Әр адамның ішкі сыры берік қойма сақталған, сол қойманың бір түкпірін достың досы атқарған» - дегендей, егер де алдыңда отырған оқушыларың саған шын сырларын ақтарып, жандарын тербетіп, тебіренткен ойларын ашық жазып айтса, бұл мұғалім жетістігі деп білемін. Осы бірнеше жұмыс оқушылар жұмысы, қойылған талапқа сай жазылып, өзіндік қолтаңбасын қалыптастырып келе жатқан жұмыс ретінде бағалаған болатынмын және жұмыста «әзілді сезіне білу», «сезімге берілу» бар. Адам жанына жалын шашатын да, сәби жүрегіне адамгершілік нұрын шашатын да — әдебиет. Педагог К.Д. Ушинский:“Біз жан-жақты жеке тұлға тәрбиелегіміз келсе, ол тұлғаны жан-жақты зерттеп білуіміз керек”. Осы ой бүгінгі таңда мұғалім әрекетінің тұжырымдамасы іспеттес. Соған байланысты оқушының тұлғалық құрылымы мен басты белгілерін және сапаларын анықтаудың мәні зор. Әр елдің болашағы сол халықтың білім, ғылым деңгейімен анықталатындықтан, оқу жүйесін неғұрлым тиімді құра білу қажеттілігі қай кезде де өзекті мәселе болмақ. Қазіргі жағдайда мемлекеттердің даму деңгейі табиғи ресурстардың байлығымен ғана емес, сонымен қатар интеллектуалдық және шығармашылық әлеуметімен, ғылым мен өндірісте жаңа технологияларды игеру мен енгізу табыстарымен анықталады.
Пайдаланылған әдебиеттер: Выготский Л. Психология.-Мәскеу: Пресс Эксмо-Пресс.
Ғабдуллин.М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. –Алматы,1958
1 |
Автордың толық аты- жөні |
Альмуханова Бибигул Сагиналиевна |
2 |
Баяндама тақырыбы |
Шығармашылық жұмысты ұйымдастыру жолдары |
3 |
Секциялық бағыты |
Қазақ тілі мен әдебитін оқытуда жаңа технологиялардың әдістемелік жүйесі |
4 |
Жұмыс орны |
№25 ЖОББМ |
5 |
Лауазымы |
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі |
6 |
Ғылыми дәрежесі |
|
7 |
Үй\жұмысы телефондары |
8776 920 47 76 |
8 |
|
|
9 |
Пошталық мекен-жайы |
Циалковский 6\1 |
10 |
Қатысу түрі (іштей\сырттай) |
сырттай |
11 |
Баяндама жасауға қажетті техникалық құралдар |
- |
12 |
Қонақ үйге қажеттілік келу мерзімі |
- |