Желбіре
тәуелсіздік көк байрағы
Академик
С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр
колледжінің тарих пәні оқытушысы.
16
желтоқсан – тарихы тереңде жатқан
еліміздің жаңа заманда өз алдына қайта
егеменді ел болған күні, Қазақстан
Республикасының Тәуелсіздік күні. Бұл
күн еліміздегі тойланатын ең басты
мемлекеттік мереке.Осы орайда Академик
С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр
колледжінде 9-13
желтоқсан
аралығында
Тұғырлы Мемлекетіміздің тәуелсіздік
күні қарсаңында өткізілген тарих,
география, пәндерінің «Желбіре
тәуелсіздік көк байрағы» атты апталығы
болып өтті.
- Тәуелсіз
еліміздің Халықаралық беделінің жоғары
деңгейде көтерілгенін, сол деңгейге
жетудегі Елбасының жолы туралы
білімгерлерге насихаттау. Биылғы
жыл тәуелсіздіктің 28 жылдығымен
Қазақ хандығының 555 жылдығы, Ата
заңымыздың 25 жылдығын және бейбіт
өмірдің шуағын сыйлаған Ұлы Жеңістің
75 жылдығын атап өтеміз. Осындай мерейлі
оқиғалар жылын Еріктілер жылы деп
жариялады. Бұл оқиғалар келешек ұрпақтың
санасына ел тұтастығы мен бірлігінің,
сонымен қатар татулығы мен тыныштығының
негізі болатындығын білімгерлерге
жеткізумақсатында
Апталықтың
алғашқы күнін«Тарих»
пәнінің оқытушысы Өмірзақ Шолпан
Қалыбекқызының, «География» пәнінің
оқытушысы Байдолла Айжан басшылық
жасай отырып «Тәуелсіздік
тарихы ел-тарихы» тақырыбында ашылу
салтанатын өткізді.Шара барысында
мемлекеттік ту кіргізіліп, әнұран
орындалып, тәуелсіздік туралы бейнероликпен
слайд көрсетілді. Қазақстан Республикасының
тәуелсіздік жолында көрген қиян-кескіндерді
студенттер өлеңдер және қара сөздер
оқу арқылы көрерменге жеткізді. Саптық
жиында жиналған
қауымды тарих пәнінің оқытушысы Шолпан
Қалыбекқызы апталықтың жоспарымен
таныстырып өтті.
Апталығының
екінші
күнінде жоспарланғандай экономика
негіздері пәні оқытушысы Сымбат
Муханованың ұйымдастыруымен «Әлем
елдерінің валютасы»тақырыбында дөңгелек
үстел және
«Менің Қазақстаным» тақырыбында
патриоттық әндер және сурет байқауы
болып өтті. Бұл сайысқа білімгерлер
белсене қатысып жүлделі орынды еншіледі.
Сурет
байқауында білім алушылар тақырыпқа
сай сурет көрмесін ұйымдастырды
нәтижесінде ең үздік шыққан суреттер
марапатталды.
«Тарих
сахнасында» тақырыбында тарихи
көріністерден білімгерлер сайысқа
түсіп, патриоттық әндер шырқады.
Онда студентер қазақ хандығы дәуірінен
, шешендік өнерден, 1986 желтоқсан
оқиғасынан, совет үкіметінің орнауы
кезеңдерінен көрініс қойып білімгерлер
тарихымызға шолу жасады.
География
пәнінің оқытушысы Байдолла Айжан
3курстар арасында «Туған жерге туыңды
тік» тақырыбында ғылыми-практикалық
конференция өтті. Конференция
барысында колледж студенттері «Нұрсұлтан
қаласына 20 жыл», «Қармақшының 90 жылдығы»,
«Қызылорда қаласының 200 жылдығы», «Туған
жеріміз Байқоңыр» тақырыптары бойынша
3 курс студенттері арасында қызу талқыға
түсіп өз ой пікірлерін жеткізіп, ғылыми
теориялық жоба қорғады.
«Желбіре
тәуелсіздік көк байрағы» тақырыбында
апталықтың жабылу салтанатты кеші
болды.Апталықтың жабылу салтанатын
білімгерлер мерекелік концертпен
жалғастырып, көрермендерге көңіл- күй
сыйлады. Апталықтың жабылу салтанатында
қорытындылай келе жалпы пәндер жетекшісі
Сәуле Темирхановна ұйымдастырушылар
мен колледж білімгерлеріне алғысын
білдіре отырып, апталыққа ат салысып
қатысқан білімгерлерді және топ
жетекшілерімен қосып марапаттады.
Академик
С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр
колледжінің тарих пәні оқытушысы
Өмірзақ Шолпан Қалыбекқызы