Материалдар / Мақала:Тәуелсіз Қазақстан тарихы, қазіргісі және болашағы.

Мақала:Тәуелсіз Қазақстан тарихы, қазіргісі және болашағы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Тұтқамызды ұстаған тұлғаның кемеңгерлігі арқасында жаңа мың жылдықтың ұлы көшінде керуен тартып келеміз . Қазіргі Қазақстан - саяси сауатты , экономикасы қуатты , дамуы тұрақты алып мемлекет . Болашақтағы Қазақстан .
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2021
980
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасы

«Құрылыс колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны







Мақала

Тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан: тарихы, қазіргісі және болашағы.









Жетекші: Абылкасимова Талшын Сейтбековна



















Семей 2021жыл

Тәуелсіз Қазақстанның тарихы.

Бейбітшілік жолында сан сынақтардан өтіп, сағымыз сынбай, қабырғамыз қайыспай небір тар жол тайғақ кешулерден өткеніміз кім - кімніңде есінен кетпесі анық. Сол бір тосын сағаттарға таусылмас талаптар мен үзілмес үміттердін арқасында, басымызға келген күңгірт күндермен бұлыңғыр түндерге берілмедік. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бірімізді - біріміз бауырымызға басып, жүрегімізде жылытқан кездер едіғой . Бірлігіміз бен тірлігіміздін шынайы бет - бейнесі көрінген кезі иманымыздың шыңдалған уақыты да бастан өтті емеспе, сол бір қиын да қыстау заманда аш жалаңаш, ас ауқатқа зарығып жүріп , барша қиындықты өткерген зар замандар емеспе еді, е шіркін біз не көрмедік десеңізші ?

Айтып отырған әнгімемді көпке топырақ шашпай өткен ғасырдың елуінші жылдарынан екі мыңыншы жылдар аралығын қамтығанды жөн көрдім , табанды тоздырған жылдармен тарихты басынан парақтасам бұл жерге ойымды қаншалықты қысқартып жазсамда симайтынын ескергейсіндер!

Білесіз бе, томтаған тарихты ақтарып отырғанда,Әзілхан Нұршайықовтың жеке күнделігінен алынған мына бір мақала көзге оттай басылды . Оқуын аяқтап, Алматы қаласына жоғарғы оқуға білім іздеп келгенде, үстіне киетін киімі жоқ , содан әскерде киген формасы мен герзовой етігінің өкшесін гүрсілдетіп келгені жайында баяндайды . Белгілі қоғам қайраткері , социалистік енбек ері Зылиха Тамшыбаева өзінің соғыс кезінде оқып, оқығанда қағаз дәптер жоқ, ескі кітаптардың арасына жазып, кейде бір бос бет тауып алса бір бума дәптер тауып алғандай қуанатындығын айтып отырушы еді . Шіркін замандар қиындығы алқымынан қысып , азабы аяқтан шалсада, жасқанбай жан таласып мақсатына жеткен заңғарлар-ай десеңші . Өмір өзегінен теуіп жіберуге шақ қалып тұрсада, бір күннің қадірін мың күннен артық білген азаматтар-ай. Біз қазір Тәңірдің сиы, тәуелсіз елдің ашық аспаны аясында тәуелділік ұғымынан адал өмір сүреміз , ішер асқа, киер киімге зар емеспіз . Бірақ осы бейбіт күннің тоқшылығы заманның қадірін білемізбе ? .

Кейде жасы үлкен жақсылармен сырласқан кездерде өздерінің бала күндерінде көрген өмірін сөзге қыстыра кететін . Сол әнгіменін төркінін жас кезінде көрген оқиғалармен өмірлік азық болатын мысалдармен әсірелейтін еді . Иә тоқсаныншы жылдардың соны екі мыныншы жылдардын басы Қазақстандағы жағдай өте қиын болды . Ресейден бөлініп шығып өз мемлекетің құрып бастаған біздің елдің бейнесі , үлкен үйден еншісін алып шыққан жас отбасының жағдайындай еді . Пысық , еті тірілер Алматыға кетіп , базар жағалап, нәпақасын тауып жүрді . Барлығы отбасын асырау үшін қала мен ауыл арасында ағылып жүретін . Теңге тұрақтанбаған , ауыл шаруашылығы туралап , халық өзіне тиесілі мал мүлкін алып , бөлініп кетіп жатты совқоздардан . Табаны тесілген нәскилерді ешқашан тастаған емеспіз, киюге жарамай қалған киімдердің тын жерін алып әлгі нәскилерді табандап, тура бір жана киім алғандай мәз болып киіп алатынбыз . Айтпақшы сол жылдары жарықты да үнемдеп кешкі оннан кейін өшіріп тастайтын еді . Бәрі тапшы уақыт , бірақ адамдардын пейілі сол қалпы, өзінде бар, көршіде жоқ болса бір- бірімізбен бөлісіп ақ жүрегімізді ала жүгіретінбіз . Сонда қаз - қаз басып келе жатқан мемлекетіміздің ертеңіне деген сенім халықты сабасына түсіретін , иә біздің уақыт солай болды дейтін.

Қазіргі Қазақстан.

Ал қазір қандай жетістікке жеттік , орнымыздан қозғалып, еңсе көтерген ел бола алдықпа ?-дейсізғой сіз . Иә, біз қазір өзіміздің кім екенімізді түсініп , шыңдарды бағындырған шың мықтыға айналдық . Ең алдымен елдің егесі атандық , біз үйіндіден үй салдық , яғни мемлекет құрдық . Мемлекет дегенде де қандай мемлекет ? Төрткіл дүниенің төрт құбыласы танитын , өзге елдермен терезесі тең тұрған - Қазақстан . Егемендікті еншілеген күннен бастап бейбітшілік туын берік ұстап келеміз . Жаппай қырып жоятын қарудан өз еркімізбен бас тарттық . Осынау парасатты стратегияның арқасында аласапыраннан аман шықтық . Ұлттық тарихымызда шекарамызды тұңғыш рет шегендеп алдық , бұл келер ұрпақ үшін керемет сый. Өйткені, әлі де әлемнің көп елдері шекара мәселесінде шекісіп жүр .

Екіншіден, біз тәуелсіздік алғалы ,халықаралық аренада танылып , өркендеген дамушы елге айналдық . Мықты мемлекеттің дамуындағы маңызды факторлардың бірі, жас елдің алғашқы қадамдары мен көш басшысы ! Сол 1991 -ші жылдың 1 -желтоқсанында Қазақстан тұңғыш президентін сайлады . Халыққа дана көшбасшы керек еді , ол елді пост кенестік кезеңдегі қиындықтан шығарады . Н.Ә.Назарбаев 49 - жасында ұлт көшбасшысы атанды .Жас, әрі егемен елдің ертеңі үшін жауапкершілік алды . Өзге елдермен жан - жақты бауырлық қарым - қатынасты белсенді дамытты . Ел бөлінген уақытта 30 - жыл аралығында осындай үлкен жетістіктерге жетеміз деп ешкім ойламады , әрине , бірақ алға қойылған мақсаттарға Қазақстандықтар мен олардың көшбасшысына қол жеткіздік . 2017 -жыл энергетикалық ресурстардың үлкен қоры бар ел энергетикалық держава болуды өз мойнына алды . 2019 - жыл Қазақстан дамыған 50 - мемлекеттер қатарына кірді . Біз бір шаңырақ астында , жұмылған жұдырықтай бірлігімізбен биіктерді бағындырдық . Айта берсек біздер алған асу көп .

Тұтқамызды ұстаған тұлғаның кемеңгерлігі арқасында жаңа мың жылдықтың ұлы көшінде керуен тартып келеміз . Қазіргі Қазақстан - саяси сауатты , экономикасы қуатты , дамуы тұрақты алып мемлекет .

Болашақтағы Қазақстан .

Болашақ жастардың қолында . Яғни бұл дегеніміз -болашақ дамыған технологияны меңгерген , жаңа бағытта рухани жаңғырып , терең білім алған айбынды ,әрі айбатты, біздей өскелен ұрпақпен бірге дамиды . Бізге тәуелсіздік жылынан бастап бұл жер мен елді көркейтіп , өрнектеп табыстаса , әрмен қарай бұданда гүлдендіру , аянбай еңбек етіп жемістендіру ол біздің қолымызда . Қай кезде де болмасын әр заманның мандайына біткен бір тума нар тұлғалар болатыны белгілі , сондай бір биіктерді бағындыратын болмысы бөлек жігерлі жастар біздіңде қатарда бар . Олар көзі ашық көкірегі ояу , ақ пен қараны ажыратып білген саналы да салмақты ұрпақ . Біз өз еліміз үшін мәнгілік адал қызмет етуге , армандар жолында аянбай тер төгуге әсте дайынбыз . Басындағы бақытты бағалай біліп биіктермен тенесіп , бәсекеге қабілетті ел боламыз деп нақты айта аламыз ! Себебі біз қиындықтарда құлазымай , қабырғамыз қайыспай , сағы сынбаған ұлы да, ұлағатты кең байтақ , бейбіт Қазақстан жастарымыз . Бұл бейбіт ел алдына арман қоюдан қорықпайды , себебі мұраттарға жеткізетін мақсаттар мен мүмкін емес дүниелерге қол жеткізіп , жеңістің дәмінен жатырқайды .

Болашақ жас ұрпақтың әр қадамына біздерде сіздер де үміт етуіміз керек . Бабалар біздерге сенген , біздерде сенейік . Бұндай Жас елдің алдында әлі алынбаған асулар тұр , көшбасшылардың көші әлі де аяқталмады , бәлкім келесі көшбасшы сен боларсың.!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ