400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақсаты айқын, болашағы жарқын балабақша

Материал туралы қысқаша түсінік
№1 «Арай» балабақшасы өз міндетінің биігінде еңбек етуде. Мұндағы 12 тәрбиеші 6 топтағы 175 бүлдіршіннің ойлау қабілеті мен сөйлей тілін жетілдіру, ұлттық құндылықтарды таныту және бойына сіңірту, ой-өрісін дамыту, тіл байлығын молайту, дүниетанымын кеңейту мақсатында оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда алдына «Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда ауыз әдебиетінің маңызы» тақырыбында жүйелі жұмыстар атқаруда.
Материалдың қысқаша нұсқасы

"Мақсаты айқын, болашағы жарқын балабақша"


Ертеде жас босанған келіншек нәрестесін қырқынан шығарған соң, өмірден көп көріп, көңіліне мол түйген, ақыл-парасатының арқасында «ауылдың анасына» айналған кейуанадан енді баласын қайтіп тәрбиелесе болатындығы жайлы сұрағанда ол: «Балаңның тәрбиесі үшін қырық күн кешігіп қалған екенсің»,- депті. Бұл, әрине, аталардан бізге жеткен аңыз. Десек те, әр сөзде мағына тұнып тұр.

Бала- болашақ. Оның тәрбиесі мен білімі мемлекет үшін де, қоғам үшін де бірінші кезектегі мәселе. Елбасы Н.Назарбаев жылдағы халыққы арнайтын Жолдауынан мектепке дейінгі мекемелерге ерекше назар аударады. «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауында: «Балалар бақшасының жетіспеушілігі – басқа мәселе. Мектепке дейінгі мекемелерде орындар тапшылығын түбегейлі қысқарту үшін 3 жыл бойы қосымша 20 миллиард теңге бағыттауды тапсырамын», - деп міндет жүктеді. Қазақстан «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының баяндылығын қамтамасыз ету үшін ең бірінші кезекте бала тәрбиесіне, қамқорлығына барынша жағдай тудыру қажет. Себебі мейірім көрген баладан өскенде адами мінез-құлықтарды мейлінше терең игерген азамат шығады. Елбасы Жолдауда алдағы жылы қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтетіндігімізді айтып: «Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие», - деген. Осы құндылықтарды бала бойын сіңіру, әрине балабақшадан бастау алады.

Осындай тапсырмаларды жүзеге асыруда мақсатында №1 «Арай» балабақшасы өз міндетінің биігінде еңбек етуде. Мұндағы 12 тәрбиеші 6 топтағы 175 бүлдіршіннің ойлау қабілеті мен сөйлей тілін жетілдіру, ұлттық құндылықтарды таныту және бойына сіңірту, ой-өрісін дамыту, тіл байлығын молайту, дүниетанымын кеңейту мақсатында оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда алдына «Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда ауыз әдебиетінің маңызы» тақырыбында жүйелі жұмыстар атқаруда. Сол еңбек бағаланып, ұжым облыс, аудан әкімдерінің алғыс хаттарына ие болды. Өзге ұлт өкілдерінің балаларының арасында ұйымдастырылатын облыстық «Қазақшаң қалай, балақай?» атты байқауында балабақшамыздың бүлдіршіндері бірде ынталандыру сыйлығына, енді бірде бас жүлдені еншіледі. Ал Аяулым Айдынқызының халықаралық «Күншуақ», «Первые шаги» фестивальдерінен екінші, бірінші орындарды қанжығалауы да сол көп еңбектің жемісі. Жылда аудан көлемінде өткізілетін «Әнші балапан», «Биші балапан» байқауларына қатысқан қылығы тәтті ұл-қыздарымыз жүлдесіз болмайды. Сондай-ақ «Алакөл жұлдыздары - 2014» додасындағы би номинациясында бөбектеріміз 2-орынды жеңіп алды. Әр топта өткізілетін ертеңгіліктер бүлдіршіндеріміздің бойына өзіміз мақсат еткен міндеттерді қалыптастыра түсуде. Тізе берсек, мұндай табыстарымыз жетіп артылады. Бұл жетістіктің бәрі - тәрбиешілердің балалармен жүргізілген жүйелі жұмыстардың көрсеткіші.

Адам тағдыры тәрбиемен шешіледі. Әр әке мен ана өмірге ұрпақ әкеліп, оны тәрбиелі, саналы, салауатты етіп өсіруді мақсат тұтады. Бұл процес әркімде әрқалай, яғни өз таным-түсінігіне қарай жүзеге асады. Қалай десек те, бәріміз ұлы ғалым әл-Фарабидің сан ғасырды артқа тастап бүгінге жеткен: «Балаға бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы»,- деген сөзін ұл-қыз сүйіп отырған әр адам біле жүруі тиіс. Бүгінгі сәбиге елдің болашақ тірегі, ұлымыз бен қызымызға ертеңгі әке мен ана деп қарап, оларды ұлттық рухты бойына жиған, заман талабына төтеп бере алатындай жігерлі, намысты етіп тәрбиелей алсақ, нұр үстіне нұр болар.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
478
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі