«Мақсатым — тіл ұстартып, өнер шашпақ»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Мақсатым — тіл ұстартып, өнер шашпақ»

Материал туралы қысқаша түсінік
Талантты ақын Абай Құнанбайұлының ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы мәнерлеп жатқа айтуға, поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, оқу дағдысын жетілдіре отырып, рухани танымын кеңейту.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: «Мақсатым  — тіл ұстартып, өнер шашпақ» (мектепішілік кезең)


Мақсаты: Талантты ақын Абай Құнанбайұлының ақындық талантын шәкірт жүрегіне 
ұялату арқылы мәнерлеп жатқа айтуға, поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, 
оқу дағдысын жетілдіре отырып, рухани танымын кеңейту.


Көрнекіліктер: Абай суреті, оқулық, Абай шығармалары, кітап бұрышы, нақыл сөздер:
1) «Абай өз заманынан анағұрлым биік тұрған ақын еді»
Ғ.Мүсірепов
2) «Абайдың ұлылығы өз халқының мұқтажы мен болашағын әрі дұрыс, әрі 
көргендікпен ұға білуінде жатыр»
К.Семенов

Жүру барысы:
1-жүргізуші:

Қайырлы күн, құрметті қауым! 

2-жүргізуші:

Қазақта ұлы Абайсыз және ақындардың бірі деп танылып отырған Шәкәрімсіз көзге елестету мүмкін емес.Жүрегінде болашаққа сенімі бар, ойы жүйрік, өресі биік, әрбір қазақ баласы Абайымен , Шәкәрімімен мақтанады.Туған табиғаттың мың құлпырған сәттерінде біз еріксіз Абай мен Шәкәрімді еске аламыз.Қазақ көгінің күні мен айындай болған Аба мен Шәкәрім туған халқын өнер мен білімге шақырады, оның береке-бірлігін, махаббатты егіле де, езіле де жырлады.Сыршыл, сұлу ән шырқалғанда, домбырадан күмбір-күмбір күй төгілгенде, әдемі, әсем ұғымды уәж айтылғанда дидарлары дараланған ойшыл да, әсершіл Абай мен Шәкәрім ұйғарылады.


1-жүрзізуші:

Қазақ халқының мақтанышы, данышпан да көреген Абай мәңгі бақи халқымен бірге.Қуатты ән жырларымен тұтас бір ұлттың ұлылығын арттырған Шәкәрім қашан да халқының жүрегінде.Қымбатты жиналған қауым, Абай мен Шәкәрім оқулары сайысына қатысушылар қазақтың қос алыбы Абай мен Шәкәрімге арналған ән жырдың мерекесін ашық деп жариялаймыз.Сайысқа қатысушыларға ақ жол тілей отырып, оларды Абай мен Шәкәрімнің аруағы қолдасын дегім келеді.

2-жүргізуші:

Мектепішілік «Абай мен Шәкәрім» оқулары 1 кезеңнен тұрады.

«Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» деп аталады.Бұл кезеңде қатысушылар Абай мен Шәкәрім шығармаларын жатқа мәнерлеп оқу қажет.Байқауға 25 оқушы қатысқалы отыр.


1-жүргізуші:

Енді осы байқауда сайыскерлеріміздің оқу мәнерін, Абай мен Шәкәрім шығармаларын қаншалықты сезіне алатындығын, дарындылығын бағалайтын, талқыға салатын әділқазылар алқасымен таныс болайық.

1.Мырзағалиева Бақытханым Сағындыққызы-мектебіміздің оқу-әдістемелік орынбасары

2.Баймуханбетова Гүлмира Хамидоллақызы-қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі


2-жүргізуші:

Құрметті қауым, бүгінгі байқауымызға қонақ болып келіп отырған, осы сахнада Абай мен Шәкәрім аталарымыздың өлеңдерін тұңғыш оқығалы тұрған 4 сынып оқушылары бар екен.Ендеше, 4 сынып оқушыларына сәттілік тілейік.

1-жүргізуші:

Ақынсың, данасың

Казаққа панасың.

Елім деп, жерім деп,

Өткен бір данасың.


2-жүргізуші:

Жарыстар өтсін алуан,
Сынасын күшін барлық жан.
Жүлдесін алып шаттансын,
Білімді мықты әрбір жан.

1- жүргізуші:

Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы-дей келе 

«Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» кезеңіне кезек берейік.


Ортаға: (қатысатын оқушылардың аты мен тектері аталады). 
4а сыныбы ____________________________________________________________

4б сыныбы________________________________________________________________

4в сыныбы_______________________________________________________________

5а сыныбы_______________________________________________________________

5б сыныбы_______________________________________________________________

6а сыныбы___________________________________________________________________

6б сыныбы_________________________________________________________________

6в сыныбы_________________________________________________________________

7а сыныбы_________________________________________________________________

8а сыныбы_______________________________________________________________

8б сыныбы__________________________________________________________________

8в сыныбы_________________________________________________________________


2- жүргізуші:

Әлем танып, таңданды, ұлы Абайға,
Нұрын шашты, сөз зергері маңайға.
Жылдар көші лек-легімен өтсе де,
Құрмет тұтып, іліп қойдық маңдайға.
Абай салған ән қосып жырға екпінін,
Солар менің жырымда жүрмек бүгін.
Тірілерін құрметтеп, өлілерін
Тірілтуде әнменен міндеттімін.


1-жүргізуші:
Абай бізбен мәңгі бірге, өйткені Абай шығармалары ұлттық өнерді дамытудың жаңа бағыты ретінде қызмет атқарып келеді. XXІғ. қазақ әдебиеті Абай дәстүрін жалғастыра отырып өсті, жетілді. Абай ұлтымыздың туы.Абай адам өмірін мағыналы етуді, ақылға, еңбекке сүйеніп өмір сүруді, жамандық жасамауды , адамгершілікті сақтауды, жастарға өсиет етті.

2- жүргізуші:
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Біздің міндетіміз бәсекелістікке лайық ұрпақ тәрбиелеу», - деген пікірі жастарға Абайша білім алу, Абайша ойлау, Абайша өмір сүру дегенді ұқтырады.

1- жүргізуші:

Бойларыңда от бар екен байқадық,

Жүректерде шоқ бар екен байқадық.

Әрқашанда осы шоқты өшірмей,

Жалындатып шарықтаңдар әрдайым,-

деген ізгі тілекпен сайыс жеңімпаздарын марапаттау үшін қорытынды сөз әділқазылар алқасына беріледі.
(оқушыларды марапаттау).

2-жүргізуші: Абай әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер ұлы Мұхтар «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен тек қана сол терңнен дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан, білімге ұмтылушылықтан, ізденуден жалықпайық.









































А.Оразбаев атындағы орта жалпы білім беретін мектебі


















«Мақсатым-тіл ұстартып, өнер шашпақ»

(мектепішілік кезең)









Өткізгендер:М.А.Мырзағалиев

Э.А.Ильясова










Казталовка-2018







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.11.2018
1797
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі