Материалдар / Мақтарал мақтанышым 6-сынып

Мақтарал мақтанышым 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақтарал несімен мақтанады десе мақтаралдың мақтанышы өте көп.Мысалы ақалтын мақтасымен мақтанады десек болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қаңтар 2021
533
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: «Мақтаралым- мақтанышым»

Сабақтың мақсаты:

а) Оқушыларды Мырзашөл өңірінің тарихымен таныстыру ә)Өз Отанын сүюгетәрбиелеу, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. б)Халқымыздың әдет-ғұрпын,салт-дәстүрін сақтап әрі қарай жалғастыру. Сабақтың көрнекілігі:суреттер,буклеттер,мақал-мәтелдер Отан,туған жер туралы қанатты сөздер.

Жүргізуші :Оңтүстік Қазақстанның жүрегі болып саналатын,Оңтүстіктің қиыр өңірінде орналасқан Мырзашөлге -80 жыл толып отыр.

Ғасырлар бойы мұнартып сағын басқан, өрекпіп жел билеген , Бетпақдала төсіне қан жүгіртіп, қала орнатқан құрыш қолды аптал азаматтар ,ата-бабаларымыздың ерлігіне- 80 жыл. Осы күресті күндер-ерлікке толы жылдар болды.Киелі Мырзашөлдің ұрпақтары өзінің тарихи шежіресін тағы да жырға қоспақ. Баяндама:Балтабай Айдана «Мақтарал ауданының тарихынан»

Әдеби мантаж.

ЖүргізушіҚазақ елім тарихыңды таныдым,

Таныдым да бабалардың әруағына табындым.

Алтын арал- Мақтарал

Далаң аппақ мақталар

Мақтарал деп ән салап,

Мақтарал деп мақтанам

Мерекелі Мақтаралым

Алтын мекен өзіңе арнап ән саламын

Мақтаралым,Мақтаралым                               Нұрислам

Құт болып құйылып нөсерлі жаңбырың

Ақ алтын болып күзде төгілер ақ нұрың.

Жұлдыздай жанатын өзіңнің көгіңде,

Гүлің жоқ мамырда қауызын жармаған ,

Қойныңда таусылмас несібе бар маған .

Сен барда ,Мырзашөл ,мінгенім Құлагер ,

Тойларда болмайды көкпарым салмаған.                Жүргізуші

Мақтаралым -мекенім бақ дарыған ,

Шуақ төккен алтын күн таңдарынан.

Мырзашөл туралы көрнекті тұлғалардың көркем ойлары.

Біз тың игеруде әлдеқайда бай тәжірибе жинақтадық, екіншіден, шөл даланы игеруді бастаған да біздің Республика. Оған тек мақтаның шығындылығы жөнінен ғана емес, сонымен бірге басқа өнім түрлерінен аса жоғары көрсекішке қол жеткізген «Мақтарал» совхозы дәлел.

Кісі еңдегін көре білмегеннен әділдік түтуге болмайды.

Д.Қонаев

Мырзашөл өңірі — өз Отанының не екенін білдіретін, қазақтың ішіндегі бірден — бір өлке. Жұртқа паш етер де осы Оңтүстік өлкесі, оның ішінде Мақтарал.

Н.Назарбаев

Мырзашөл өңірі — өзінің ақ мақтасымен ертеден даңққа бөленген шұрайлы өлке. Бұл өңірден «Қынаптан қылыш суырғандай» айтыскер ақын, айыр көмей шешен, жезтаңдай әнші, ғаламат күйші, халықтық Қоқан хандығына қарсы көтерген жаужүрек батыр көп шыққан.

Р.Бердібай

 

Қазақты қазақ қылған мыңғырған мал басы осы Сыр бойында еселеніп өсетін. Сырдарияның екі жағасына берік орналасқан ел бар мұратын табар еді. қазақ халқына басқа мекен — қоныс болмасы, сырдария бойында ғана отырып орда тігуіне, іргелі ел болуына мүмкіндік жетер еді.

М.Мағауин

Ильич, Киров, Мақтарал аудандары мәні — жөні бөлек, шөлді шүлен еткен, жоқты бар, болмысымызды мол еткен, біріне — бірі сай, ырыс өлкелері.

М.Әуезов

Мырзашөлдің Қызылқұммен ұштасқан жері Сырдария суымен қоректендіріліп, бай жайнаған өлкеге айналып келе жатқаны мені ерекше бір сезімге бөледі.

С.Димирель.

 

 

 

Мақтарал ауданының тарихынан.

 

Оңтүстік Қазақстанның жүрегі болып саналатын,Оңтүстіктің қиыр өңірінде орналасқан Мырзашөлге -80 жыл толып отыр. Ғасырлар бойы мұнартып сағын басқан, өрекпіп жел билеген , Бетпақдала төсіне қан жүгіртіп, қала орнатқан құрыш қолды аптал азаматтар ,ата-бабаларымыздың ерлігіне- 80 жыл. Осы күресті күндер-ерлікке толы жылдар болды.Киелі Мырзашөлдің ұрпақтары өзінің тарихи шежіресін тағы да жырға қоспақ.

1928 жылы 17 қаңтар күні Ташқазақ уезі мен болыстар тарапынан,бұрынғы Иіржар болысының негізінде Иіржар ауданы шаңырақ көтерді.

Ол Қазақстанның Қиыр Оңтүстігінде Мырзашөл даласында орналасқан.Бұл жерлерді игеру өткен ғасырлардың 30-70 жылдары аралығында белсенді игеріп,халық қоныстандырылған.

Сусыз Мырзашөлді игеру, мақта және басқа да ауылшаруашылығы өнімдерінөндіруді ұлғайту халықтардың келіп тығыз орналасуы «Достық» каналынгың құрылыуымен байланысты. Бұл каналдың жобалауы мен құрылысы 1907 жылы басталған.

1924-1928 жылы қаңтар тұратын Сырдария губерниясындағы біраз жерлерді Өзбекстанға беріп жіберді.

1963 жылы 26 қаңтарда Мырзашөлдегі қазақ жерлері Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің жарлығымен Өзбекстанға берілді.

1971 жылы 11 мамырда Қазақ КРС Жоғарғы кеңесінің жарлығымен Жетісай, Киров, Мақтарал аудандары Оңтүстік Қазақстан обылысының құрамына қайтарылып берілді. Бірақ, 10 шаруашылық Өзбекстанда қалып кетті.

Қазақстан Республикасы Призинденттінің 1997 жылы 24 сәуірдегі Жарлығымен Асықата, Мақтарал, Жетісай аудандары, таралып, олардың орнына іріленген Мақтарал ауданы құрылып, аудан жаңаша өрледі.

Аудан аймағы — 176,9 мың гектар, 131 мың гектар суармалы.

Халқы 256 мың адам. Олар 60 ұлт пен ұлыстар өкілдері.

Тұрғындардың 83,6 % қазақтар.

Ауданда: 1 қала, 3поселка, 20 ауылдық округ, 183 елді мекен бар.

 

Мақтарал аумаңы туралы ақындардың арнаған өлеңдері қайда? Әдеби өлкетанушылық зерттеу жоқ қой. Мақтаралдың мақтасы мен қауын қарбызы туралы жырлар қайда? Мақтаралдан түлеп ұшқан жұлдыздар: Гауһар, Бақыттар туралы маұтаныш жырлар қайда?…



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ