400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Марат Қабанбаев «Бауыр» әңгімесінің тақырыбы мен идеясы. 5-сынып. Сабақ жоспары.

Материал туралы қысқаша түсінік
5.1.2.1.Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бөлім: «Адамгершілік-асыл қасиет»

Мектеп: Пәні: қазақ әдебиеті

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:


Сынып: 5

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Марат Қабанбаев «Бауыр» әңгімесінің тақырыбы мен идеясы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.1.2.1.Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Марат Қабанбай «Бауыр» әңгімесінің мазмұнын түсіну;

Көпшілігі: шығармадағы көтерілген мәселені анықтау;

Кейбір оқушылар: әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау, шығарма идеясын талқылап, өзіндік пікір айту.

Бағалау критерийі

  • Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтап, өзіндік пікір білдіре алады.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы




І. Ұйымдастыру кезеңі. Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Жылы сөздер» әдісі арқылы оқушылар шаттық шеңберін құрып, бір-біріне жақсы тілек, жылы лебіздерін білдіреді. Осы күнге сәттілік тілейді.


Үй тапсырмасын сұрау

«Шынжырлы велосипед» әдісі арқылы шығарма мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.

1.Балалар үйіндегі тәрбие жұмысы қалай ұйымдастырылған?

2.Қалидың тәлім-тәрбиесі қандай, ол немен әуестенеді?

3.Көптен көріспеген ағалы-інілі екеуінің кездесуі сендерге қалай әсер етті? Кездесулерінің салқындығының сыры неде?

4. Манап ел жайында, әкесінің қазасы туралы айтқанда Қали неге жайбарақат қабылдады?

5. Қалидың мінез-құлқы, іс-әрекеттері, арман-қиялдары қандай?

Еске түсіру

Шығарманың композициялық құрылысына талдау жасау.

1-аялдама. Оқиғаның басталуы – Манаптың балалар үйіне келуі.

2-аялдама.Оқиғаның дамуы – Манап пен Қалидың кездесуі.

3-аялдама.Оқиғадағы шиеленіс – бауырлар арасындағы салқындық. Манаптың ішкі жан күйзелісі.

4-аялдама. Шарықтау шегі - Қалидың әңгімесі, жаттығуға асығуы.

5-аялдама. Оқиғаның шешімі – көңілі алабұртқан Манаптың кейін қайтуы.



Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айқындалады.


Оқушылар назарын сабаққа аудару. Оқушылар жағымды ахуал қалыптастырады.

























Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айқындалады.

ҚБ «Түстер»





5-сынып

Қазақ әдебиеті оқулығы



Сабақтың ортасы


























Қызығушылықты ояту

  • Балалар, бауыр деп кімді айтамыз?

Бір әкеден туғандар бауыр болады.

  • «Мейірім», «Сағыныш», «Қуаныш» деген сөздерді «бауыр» сөзімен қалай байланыстырар едіңдер?

  • Бауыр мен достың айырмашылығы қандай?

Бірге тумақ бар да, бірге жүрмек жоқ.Ал достарда бірге тумаса да, бірге жүрмек бар.Кейде жақын досың бауырыңның орнын басады.

  • Жазушы не себепті әңгімені «Бауыр» деп атады?

Соғыс зардабынан екіге бөлінген бауырлар тағдыры суреттеледі.

Есте сақта

Тақырыбы - белгілі бір дәуірдегі қоғамдық шындық, автор ойының қазығы, шығарманың іргетасы. Бұл әңгіменің басты тақырыбы соғыс зардабынан жапа шеккен жетімдер тағдыры туралы.

Жанр түрі - әңгіме – көлемі шағын, әдемі дүние, оқушысын тез тапқыш, өткір икемді, шұғыл үн қосқыш жанр.

Идеясы - бұл тақырып арқылы шындық өмір көріністерін суреттегенде, оны өз көзқарасы өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді. Өз мақсат - мүддесін, арманын білдіреді. Бұл шығармада жетім балалар тағдырына деген аяушылық сезімді оятады


1-тапсырма «ПОПС формуласы» әдісі

Берілген сөздерді қолдана отырып, әңгіменің негізгі ойын жазыңыз.

Қажетті сөздер:тақырып, соғыс зардабы,жетімдер тағдыры, жетімдер үйі, түрлі тағдыр иелері, аяушылық сезім, бауыр, бауырды іздеу, қоғамдағы шындық, тасбауыр, әңгіме, қамқоршы.


«Попс формуласын»қолдана отырып, «Бауыр» әңгімесін талқылайды.

*Бірінші сөйлем: «Менің ойымша,әңгіменің басты тақырыбы-соғыс зардабынан жапа шеккен жетімдер тағдырын суреттеу .

*Екінші сөйлем: «Себебі жазушы қоғамдағы шындық жетімдер үйіндегі тасбауыр болып өсіп жатқан түрлі тағдыр иелеріне деген аяушылық сезімді оятады. түсіндіремін...

*Үшінші сөйлем: «Оны мына фактілермен ,мысалдармен дәлелдей аламын.Жазушы бауырын іздеген Манаптың ауыр күйзелісі арқылы танытады...»

*Төртінші сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім.Бауыр- қандай жағдай болмасын сенің қамқоршың..»

Сабақты «Бауыр» әнімен аяқтау

Оқушылар білетін ақпараттарын және қосымша оқулық пен ғаламтор ақпараттарынан ізденіп, топ болып, тұлғаны таныстырады.














Оқушыларға мәтін бөліктері таратылады, алғаш мәтін бөлігімен өз тобында танысып, талдайды, мазмұнды меңгереді.







Жалпы мәтіннің мазмұнын түсіну үшін оқушыларға мәтін мазмұны бойынша сұрақ дайындалады.












ҚБ «Түстер»







Дескриптор:

-Шығарманың идеясын анықтайды,себебін түсіндіреді

-Идеяны нақтылауға қатысты әңгімеден 2 дәлел келтіреді

-Идея негізінде шығарманың тақырыбына қатысты өзіндік тұжырым жасайды.






5-сынып

Қазақ әдебиеті оқулығы


Оқулықпен жұмыс



А3 парағы,оқулық, маркер



стикер

Сабақтың соңы



Кері байланыс


Үй жұмысы

Шығарманы оқу










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
2 наурыз
1151
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі