400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мария Аябаеваның - шопандық жолы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мария Аябаева туралы мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы

Орденге толы - өмір жолы

Кербұлақ ауданында өмірінен үлгі алатын ұлы тұлғалар жетерлік. Солардың бірі – Аябаева Мария Куденовна. Мария апа барлық ғұмырын мал өсіруге арнаған жан.

Мал шаруашылығы – Қазақ халқының атадан балаға мұра болып келе жатқан кәсіп түрі. Атадан қалған кәсіп болса да мал өсірудің өз құпиялары мен қиындықтары жетерлік. Ал дәл осы жолда әйел адамның үлкен жетістікке жетуі – нағыз ерлік.

Бұл жетістік – сан жылдар бойғы ерен еңбек пен асқан шыдамдылықтың ұштасуы.

Мария Аябаева – 1939 жылы Развильное (Жаңалық) ауылында дүние есігін ашқан. Балалық шағы соғыс жылдарына қатар келгендіктен бе, ерте жастан еңбекке араласыпты.

Бұл тағдырдың сиы ма, әлде адам бойында қалыптасқан ерекше қасиет пе – Мария апа өте еңбек сүйгіш жан екен. 1956 жыл Мария Аябаеваның өміріндегі ең ерекше жылдардың бірі болды. Дәл осы жылы Мария апа Қызайбай Аязбаевпен отау құрып, еңбек майданына қол ұстасып бірге аттаныпты.

Шопандарға берілген алғашқы тапсырма Үкімет табыстаған бір отар шопан ата тұяғын өсіріп жетілдіру еді. Жас шопандардың мал өсіруге деген талабы мол болғанымен, тәжірибелері тым аз болды. Алайда, бұл кісілер алдағы қиындықтарға қарамастан еңбек етіп, тек биіктерден көрінді. Мария Аябаеваға қажырлы еңбек еткені үшін Үкімет тарапынан алғыс хаттар, төсбелгілер, дипломдар мен ордендер табысталып отырды.

1980 жылы Мария Аябаева жолдасы Қызайба Аязбаевпен қой өсіруде рекорд орнатты. Нақтырақ айтсақ 662 саулықтан 686 қозының орнына 1208 қозы алды, жоспардағы 2710 кг орнына 3501 кг жүн қырқып өткізді.

Мария Аябаева – Қазқстан, Кеңес Одағы Комунистік париясының төрт съезіне делегат болып сайланды. «Еңбек, Қызыл Ту», екі рет «Ленин» орденімен және «Еңбек ері Алтын жұлдызымен» марапатталды.

Мария апа – 2015 жылы өмірден өтті.

Қай жерде жүрсек те, қандай адам болсақ та, өз өлкемізде туып өскен «Аңыз адамдарын» ұмытпағанымыз абзал!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
19 қараша
652
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі