Материалдар / "Мәртебелі мамандық"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Мәртебелі мамандық"

Материал туралы қысқаша түсінік
Зор ықылас, шабытпен істеген іс – табыс биігіне жеткізеті хақ. Абай атамыз айтқандай: «Неге арналсаң, соны істе» деп, қашанда адам өмірден орнын өз таңдауымен тапқан жөн.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мәртебелі мамандық!

Зор ықылас, шабытпен істеген іс – табыс биігіне жеткізеті хақ. Абай атамыз айтқандай: «Неге арналсаң, соны істе» деп, қашанда адам өмірден орнын өз таңдауымен тапқан жөн.

Әрбір адам өз алдына мақсат қоя отырып, жаңа өмірге нық қадам жасауы тиіс. Соның бір дәлелі — мамандық таңдау. Мамандық ол сенің талантыңды шыңдайтын, уақытыңды арнайтын ұғым. Ал оны таңдау — өз қолыңда. Әрине, біріншіден жүрегің бұрып тұрған мамандықты таңдағаның абзал. Иә, жаның сүйетін жұмысты істегенге не жетсін! Сол жұмыстың майталманы болып, жілігін шағып, майын ішкендердің қатарынан көрінуге талпынамыз.

«Адам өз өміріне екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі – жар таңдау, екіншісі – мамандық таңдау» деп М. Мақатаев атамыз айтқандай, мамандық таңдау – жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі Шабытынды шарықтат, сонда ғалам сен үшін бұрын қамал тұрған жерлерден жол ашады», - деп атақты ағылшын ойшылы Джозеф Кэмпбэлл айтқандай, адам шың жүрегімен қатты қалаған, талпынған ойы міндетті түрде жүзеге асады деп ойлаймын. Ал ол үшін талпыныс қажет. Жетістіктерге қол жеткізу үшін, әрекет етіп қана қоймай, қиялдауымыз да керек, жоспарлап қана қоймай, сенуіміз керек

Қазіргі жаһанда өзектілігін жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтары екенін білеміз Ресми статистикаға сүйенсек, бүгінде ЖОО түлектерінің 40% дерлік менеджерлер, экономистер және заңгерлер құрайды. Еңбек нарығына соншама заңгерлер мен экономистердің қажеті жоқ екендігі түсінікті. Тиісінше, бұл түлектердің көпшілігі, сайып келгенде, оқығандарынан алыс мамандықтар бойынша жұмыс істеуге мәжбүр болады. Немесе жай оқып шығады.Ал кейбірі мамандық таңдауда қателесіп жатады. Бірі мамандықты өзі қаламай таңдаса,бірі грант үшін,ал енді бірі жалақысы жоғары мамандықтарды таңдағанды жөн көреді.Тез өзгеретін әлемде бейімделе алатын техникалық озық, өнімді жұмыс күшін құру үшін адамғатұрақты жұмыс қажет. Білімге, дағдыға және адам қабілетіне байланысты мамандықтар болашақтың іргесін нық қалайды.Сол себепті болашақта да қажет етілетін мамандықтарды біле жүріңіздер! Қазір бүгінгі күнде сұранысқа ие мамандықтар тізімі қандай?,- деген сұраққа жауап іздейтін боламсыз.Заман өзгерген сайын, адам да жетіліп, нарықтық қарым-қатынас пайда болды. Қоғам дамып, дүниеге түрлі  жұмыстар, сәйкесінше, түрлі мамандықтар келді.Өз ісінің нағыз маманы атану екінің біріне бұйыра бермейтін бақ. Нағыз маман – өз ісінің қыр- сырын біліп қана қоймай, өз жұмысының патриоты болуы керек. Мамандардың болжамы бойынша бүгінгі өзекті мамандықтар тізімінде техникалық мамандықтар бар.Атап айтсақ,ең қажет етілгендер құрылысшылар, ІТ мамандары, нанотехнология, жоғарғы технология, байланыс, коммуникация, электроника және биотехнология инженерлер, логистер, экологтар,дәрігер технологтар мен технологиялық машиналарды құрастырушылар, сонымен қатар машина жасаушылар болып табылады. Олардан кейінгі керек мамандар қатарын  металлургтар, энергетиктер, мұнай және газ саласының, есептеу техникасының, электроника және телекоммуникация жұмысшылары алады екен. Бүгінгі күнде техникалық білім беру саласында көш бастап оқу орындарының бірі «Көлік колледжі».95 жылға жуық тарихы бар білім ордасы заманауи білім беру жүйесін жүзеге асырып отырған киелі шаңырақ.Атап айтсақ,техник-механник,электромеханник сынды мамандықтары сұранысқа ие,болашағы бар мамандықтар.Түлектеріде Қазақстан,Шетел аймағында қызмет етуде.

Мамандық таңдау – адамның өміріндегі ең жауапты кезеңдердің бірі, өйткені бүкіл болашақ өмір осыған байланысты. Келешекте өкінбеу үшін, бұл мәселеге немқұрайлы қарауға болмайды. Бұл сауал оқушыны ғана емес, сондай-ақ оның ата-анасын да мазалайды. Шешім қабылдар алдында міндетті түрде ата-анаңызбен және достарыңызбен ақылдасыңыз. Себебі, кәсіп таңдау – оқушының өмір жолын анықтайтын шешуші сәт. Ең алдымен, кейін жұмыс таба алатын мамандықты іздеу керек. Көп адамдар жалақысы жоғары кәсіптерді ғана қарастырады. Мен мұндай оймен келіспеймін. Ең бастысы – таңдалған мамандық ләззат әкелуі керек. Уақытымыздың көп бөлігін жұмысқа арнағандықтан, ол біздің мүдделеріміз бен мүмкіндіктерімізге сәйкес келіп, қуаныш әкелгенін қалаймыз. Адам жұмысқа ақша қажеттілігі үшін емес, өз ісін ұнатқандықтан баратын болса, бұл оны бақытты етеді. Барлық мамандықтар өте маңызды, кейбіреулері математикалық қабілеттілікті, басқалары шығармашылықты, ал үшіншілері физикалық дайындықты қажет етеді. Жақсы немесе жаман мамандықтар жоқ, сізге ұнайтын немесе ұнамайтындары ғана бар. Өмірде бәрі өзара байланысты болғандықтан, дұрыс таңдалған кәсіп өмірдің барлық салаларына әсер етеді. Таңдау қаншалықты сәтті болса, өмір жолы соншалықты қызықты және табысты болады. Сізге сәйкес келмейтін мамандыққа оқуға түсіп қойсаңыз, мұнаймаңыз. Егер тырыссаңыз, өмірде бәрін түзетуге болады. Барлығы өзіңізге байланысты екенін ұмытпаңыз.
Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. Өйткені, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана адам өзін бақытты сезінеді екен.

Қорытынды:Мемлекетіміздің бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде болғандықтан біз сауатты, білімді, бәсекеге қабілетті болуымыз үшін өз мамандықтарымызды дұрыс таңдап, дұрыс игеріп өмірден өз орындары дұрыс таба білуіміз керек!Қиындығы мен қызығы жетерлік, ең бастысы – жауапкершілігі жоғары мамандықтың бірі ұстаздық ету екені ақиқат. Бұл мамандық иелерінің мойнына бүлдіршіндердің бойына білім нәрін сеуіп, тәрбие дәнін егіп, таудай азамат етіп шығару міндеті жүктелген.Балалардың бойында адамгершілік қасиеттерді дамытуда мұғалімнің үлесі мен әсер-ықпалы ерекше орын алады. «Мұғалім – мәңгі нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі. Біз ұстаздар қауымы оқушыларымыздың дұрыстаңдау жасап,тәрбиелі әрі білікті маман болып шығуларына бағыт-бағдар беруіміз керек.Ең бастысы – сенім. Алға қойған мақсаттарым үшін еңбек етсем, сол мақсаттарым болашақта елім үшін, мен үшін еңбек ететін болады.



Құдайбергенова Тоғжан Даулетханқызы

Қазақ тілі және әдебиет мұғалімі



























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!