Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Машиналық оқыту принциптері, нейрондық желілер

Материал туралы қысқаша түсінік
Машиналық оқыту – жаcанды интеллектің бір тармағы. Машиналық оқыту принципі машиналар арқылы алынған деректер негізінде машиналарды оқытудан тұрады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

Басшының ОІ жөніндегі

орынбасары _______Н. Мамбетова


Модуль /пән атауы Информатика

Дайындаған педагог Оразгалиева Мейрамгул Алипкалиевна

Күні

Курс І

Оқу жылы 2020-2021

Топ


Сабақтың тақырыбы: Машиналық оқыту принциптері, нейрондық желілер.

Сабақ типі аралас сабақ

2. Мақсаты, міндеттер

  • «нейрон», «нейронды желілер», «синапс» түсініктері;

  • машиналық оқыту принциптері

  • нейронды желілерді құру.

3. Сабақты жабдықтау

3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер

В.Г.Архипова, Р.Г. Амдамова, Н.К.Беристемова «Информатика»

3.2 Техникалық құралдар, материалдар

компьютер, интерактивті тақта


4. Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, студенттердің санын тексеру.

Білімін тексеру


1. Деректер қоры қандай өрістерден тұрады?

2. Деректер қорының басқару жүйесі дегенімі не?

3. Деректер базасында ақпарат қандай форматта сақталады?


5.Жаңа сабақ

Білу және түсіну



Машиналық оқыту дегеніміз не?

Машиналық оқыту  жаcанды интеллектің бір тармағы. Машиналық оқыту принципі машиналар арқылы алынған деректер негізінде машиналарды оқытудан тұрады. Машиналық оқыту жүйесі ауқымды деректер жинағында оқыту кезінде алған білімдерін қолдануға мүмкіндік береді. Машиналық оқыту адамдарды, дыбысты, нысандарды тану, аударма және т.б. сияқты міндеттерді шешуге көмектеседі. Машиналық оқыту жүйеге үлгілерді өз бетінше танып-білуге және болжам жасауға мүмкіндік береді. Жасанды интеллект және нейронды желілер қазіргі уақытта өте өзекті. Көптеген қолданушыларды нейронды желілердің қалай жұмыс істейтіндігі, олардың құрылымы мен әрекет ету принципі қалай құрылғандығы қызықтырады.

Жасанды нейронды желі (ЖНЖ)  күрделі деректерді талдайтын, адам миын имитациялайтын және аппараттық және программалық тұрғыдан іске асыруға қабілетті математикалық модель. ЖНЖ-ні адам миының синапстарының жұмыс істеу принциптерін эмуляциялайтын оқыту моделінің түріне жатқызуға болады. ЖНЖ деректерді өңдеуге арналған түйіндер (нейрондар) мен синапстардың аналогтері желісінен тұрады. Кіріс ақпараттар жүйе арқылы өтеді де, шығыс ақпараттар түрінде жинақталады. Биологиялық нейрон – басқа нейрондармен қолжетімді байланыс арқылы барлық нейронды желі бойынша электрохимиялық импульсті беру негізгі міндеттердің бірі болатын арнайы жасуша.

Синапстар дегеніміз не?

Нейронды желілерді көпшілігі адам миының құрылысына ұқсатады. Бір жағынан, бұл пікір шындыққа жан сқанымен, екінші жағынан, адамның миы – машина көмегімен жасауға келмейтін өте күрделі механизм.

  • Нейронды желілер деген не?

  • Синапстың құрылымы қандай?

  • Кіріс қабаты ақпаратты қалай қабылдайды?

  • Бірқабатты нейронды желінің құрылымы қандай?



Рефлексия

Сөйлемдерді аяқтауды ұсынады:

Мен білдім…

Мен үйрендім …

Мен айта аламын …


7.Үй тапсырмасы: Оқулықтағы тақырыпты түсініп оқу және 140 бетте берілген 2-тапсырма сұрақтарға жауап бере алу.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.06.2021
8709
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12