Сабақтың тақырыбы:
Масштаб.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға масштаб дегеніміз не ? және оларды қолдану
жөнінде білім алу.
Алған білімдерін есептер
шығаруда қолдана білуге үйрету.
Оқушыларды ұқыптылыққа,еңбекке баулу.
Көрнекілік:
Үлесітрме материалдар.
Картотека №5.
Сабақтың
типі:
Жаңа
материалды оқыту.
Сабақтың түрі:
Теориялық
білім беру.
Қолданылған
әдебиеттер:
«Анықтама» А.В. Гусеев.
«Самастоятельные и контрольные работы по
математике» 6 кл А.П.
Ершова.
Сабақтың барысы:
I.
Ұйымдастыру кезеңі:
а)
оқушыларды түгендеу.
ә)
оқушылардың сабақта жұмыс істеу дайындығын
тексеру.
.
II.
Жаңа материалдарды игеру кезеңіне дайындық
Жаңа материалдың тақырыбын,
мақсатын хабарлау.
III . Жаңа материалдарды игеру
кезеңі:
-
Географиялық картада, үйдің
жоспары және әр түрлі машиналарды (чертежы) сызбасы т.б. өлшемдері
кішірейтіліп беріледі.
Мысал:
кітап беті тік төртбұрыш пішінді: ұзындығы 2 дм 1
см,
ені 1дм
4см .Кітап бетін дәптерге кескіндеу керек.Ол
үшін:
2дм
1см =
21
см
1дм
4см =
14
см
21 см :
7=3 см.
14 см :
7=2 см
Мұны
масштабы 1 : 7 немесе 1/7 болатын кітап бетінің
кескі.
Анықтама: Картадағы кесінді ұзындығының
оған сәйкес жер бетіндегі қашықтыққа қатынасы масштаб деп
атайды.
Мысалы: географиялық картаның масштабы
1 : 1000000 болса, онда картадағы 1 см кесіндіге жер бетіндегі
1000000 см = 1000 м =1 км қашықтық сәйкес келеді. Керісінше 1 км
қашықтық картада 1 см кесіндімен кескінделеді.
Есеп-1. Екі қаланың картадағы
арақашықтығы 3,5 см. Жер бетіндегі арақашықтық 175 км. Картаның
масштабын табыңдар.
Шешуі:
175 км =175000 м =17500000 см.
3,5 :
17500000 = 35
: 175000000 = 1 : 5000000.
Жауабы: 1 : 5000000 картаның
масштабы.
Есеп
-2. 1 : 2500000 масштабпен
берілген картада екі қаланың арақашықтығы 6 см. Екі қаланың жер
бетіндегі арақашықтығын табыңдар.
Шешуі: х- екі қаланың жер бетіндегі
арақашықтығы.
6 : х =
1: 2500000;
x= 6 ·
2500000 = 15000000(см) =150000(м)=150(км).
Жауабы:
150 км.
Есеп
-3. Екі елді мекеннің арақашықтығы
300 км. Масштабы 1 : 7500000 болса, онда ол картада неше сантиметр
болады ?
Шешуі: х - екі елді мекеннің
картадағы кескіні.
300
км = 30000000
см
х : 30000000 = 1:
7500000;
x =300
: 75= 4 (см)
Жауабы: 4
(см).
Кішкене
жәндіктер, ұсақ бөлшектердің сызбалары үлкейтіледі. Бұл кезде
алдыңғы мүше соңғы мүшеден үлкен болады.
Мысалы:
5:1; 10 : 1; 25 : 1; 100:1.
IV
Оқушылардың жаңа материалды игеру деңгейін
анықтау:
-
Масштаб
дегеніміз не?
-
Масштаб
қайда және не үшін пайдаланылады?
-
Егер
дененің нақты өлшемі сызбада 100 есе кемісе, сызбаның масштабы неге
тең ?
V Жаңа
материалды № 148, №149, №150, №152, №154,
№156, № 158 есептерін шығару арқылы
бекіту.
№
148, №149
(ауызша)
VI
Оқушыларға үй тапсырмасын және оны орындауға нұсқау беру
кезеңі.
1) Үйге №
151, №
153, №
155,№157
№159.
2)
Сабақты қортындылау.