Мастер класс

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мастер класс

Материал туралы қысқаша түсінік
семинар сабақтағы мастер класс өттім.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Турганбекова Пернегуль Майдановна

«Әйтеке би атындағы білім беретін жалпы мектеп» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі, зерттеуші-педагог

Түркістан облысы Сауран ауданы Ынталы ауылы

Шеберсынып тақырыбы: «Сабақта табысқа жетудегі әдіс-тәсілдер»

Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының сабақ үдерісінде белгілі бір әдістемелік әдіс-тәсілдер арқылы оқу сауаттылығын дамыту жұмыстарының жүйесін ұсыну.

Міндеттері:

- Оқушыларға сабақтың тиімді өтілуіне табысты жолдарын көрсету;

- белсенділік негізінде топпен жұмыс жасау;

- олардың ой-өрісін, қызығушылығын, есте сақтауын дамыту;

- жылдам орындауға баулу;

-қажетті ақпараттарға шолу жасау, болжау;

-имандылыққа, ар мен намысты болуға баулу.


Шеберсыныптың өту кезеңдері:

  1. Топқа бөліну: «Жарық» әдісі 1. «Білімділер», «Шеберлер», «Өнерпаздар»

  2. Суретті ребустарды шешу және «Ой қозғау» «Ана», «Әке», «Бала»

  3. «Бейне саяхат» әдісі

  4. «Ағаштың гүлденуі» әдісі

  5. «Дұрыс кілтті тап» ойыны

  6. Сергіту сәті: « Қимыл- қозғалыс жаттығуы»

  7. «Футбол» ойыны

  8. Келген қонақтармен ойын.

  9. «Мастер минут» әдісі.

  10. Менің қолымнан не келеді? / Слайммен жұмыс/

  11. Рефлексия: «Блоб ағашы»


Ұйымдастыру кезеңі: Шаттық шеңбері: тренд билеу

Оқушылар «Жарық» әдісі бойынша 3 топқа бөлінеді.

«Білімділер», «Шеберлер», «Өнерпаздар»

Әр топ басшысын сайлап, топтың ұрандары мақал-мәтелдерін айтады.


Армысыздар, құрметті қонақтар мен ұстаздар мен оқушылар. Бүгін біз «Сабақта табысқа жетудегі әдіс-тәсілдер» тақырыбында қалалық семинар өткізіп отырмыз.Сабақтан тыс жұмысымызда түрлі тапсырмаларды орындайтын боламыз.

Осынау ерекше есте қалатын күнінде: Қадірлі ұстаздар сіздерге зор денсаулық,баянды бақыт,отбасыларыңызға береке,шығармашылық табыстар тілейміз. «Тілек» әдісі арқылы қонақтарға жүрекшелер таратады.
Жас ұрпақтың жан дүниесіне өздеріңіз сепкен ізгілік шуағының нұрына бөлене беріңіздер! 
Қ ұрметіне ұстаздардың тік тұрайық 
Алаңдап басқаға біз бас бұрмайық 
Аяулы ұстаздардың құрметіне 
Барлығымыз қуанып қарсы алайық! 


Ежелгі Қытай ойшылы Конфуций:

«Маған айтып берсең ұмытып қаламын.

Көрсетсең есімде сақтаймын.

Өзіме жасатсаң үйренемін» деген екен.

Бүгінгі сабағымыз топпен жұмыс жасап, көп нәрсе үйренетін боламыз.

Олай болса, тапсырмаларды топпен орындайсыңдар. Дұрыс болып жатса «Тумен» бағалаймын. Көп Ту жинаған топ, дипломмен марапатталады. Әр ауданнан келген ұстаздарымыздың арасынан Әділ-қазыларымызды сайлайық!

2.Суретті ребустарды шешу және «Ой қозғау» «Ана», «Әке», «Бала»

Shape1

АНА

Shape2

Әке

Shape3

Бала






  1. «Бейне саяхат» әдісі

1997 ж жарық көрген Иран мемлекетінің фильмі Оскар сыйлығын жеңіп алған «Аспан балалары» киноүзінді көрсетіп, соңы қалай аяқталуы мүмкін болжамын жасайды.

3 нұсқада берілген жауапты тағы үзіндісін көру арқылы қалай аяқталатынын көретін болады.

Бұл киноның оқушыларды ата-ананы сыйлауға, қамқорлық көрсету, имандылыққа, бауырлардың бір-біріне деген сүйіспеншілікті көруге болады. Тыңдалым мен айтылым, оқылым дағдылары дамиды.

  1. «Ағаштың гүлденуі» әдісі арқылы оқушылар ай аттарын ретімен орналастырып жапсырады.

Бұл тапсырмада жыл мезгілдері мен ай аттарының орналасу реті заңдылығын жазады, жылдамдық пен есте сақтау қабілетін арттырады.

  1. «Дұрыс кілтті тап» ойыны

Құлыптарда жазылған сөздердегі тиісті нүктеге тиісті әріп жазылған кілттегі жауапты табуды орындайды. Оқушыларды сөздерді дұрыс жазуға баулиды, зейінін, жазылым дағдысы дамытады.

  1. Сергіту сәті: «Бас, йық, тізе аяқ» би жаттығуы

« Қимыл- қозғалыс жаттығуы арқылы жылдамдыққа және денені сергітеді, көңіл күйді көтереді.

  1. «Футбол» ойыны

Қосу , азайтуға берілген амалдарды ауызша орындау арқылы, қақпаға гол салады. Бұл ойын арқылы миды, ойлау қабілеті мен зейінін дамытады. Тез шығару арқылы топқа жеңіс сыйлай алады.

8.Келген қонақтармен ойын.

5 қонақ ұстазды ортаға шақырып, «Мен және өзіме» ойынын ойнату арқылы тапсырмаларды орындайды. Шебер ұстаздар тапсырмаларды белсене жауап бере алады.

  1. «Мастер минут» әдісі.

Таңшолпан әпкемен бірге мүсіндер жасау әдісін үйренеміз. Қонақтың жасаған дүниесі оқушыларды еңбекке деген қызығушылығын арттырады. Менде жасай аламын деген талынысы пайда болады. Көру, есте сақтауын дамытады. Бизнес жасауға деген талпынысы арта түсетін болады.


  1. Менің қолымнан не келеді?

3 топқа слайм және фигуралар беремін және одан өздеріне ұнаған бұйымдарын жасап көрсетеді.

Бұл оқушыларды еңбекке деген ынтасын арттырады, шапшаңдыққа баулиды. Зеректілігін, ақыл-ойын арттырады.

Сыныпта тұрған көрмелердің барлығы оқушылармен жасаған дүниелер.


Топтың Туларын санап, жеңімпаз топты анықтау, диплом берілді . «Білімділер» тобы 1 орын алып, жеңіске жетті.


  1. Кері байланыс алу : «Блоб ағашы»

Бүгінгі топпен жұмыс жасау барысында, өзіңді бейнелеу арқылы ағаштың биіктігіне қарай орналасқан адам бейнесі оқушының қай деңгейде отырғанын білдіреді. Бүгінгі сабақтың қаншалықты түсінгенін көре аламыз.


Қорытынды: Сабақта табысқа жетудегі тиімді әдіс-тәсілдерде балалардың жас ерекшелігі ескерілді. Тілдік 4 дағды әрекеттері қалыптасады, шығармашылыққа, еңбек сүйгіштікке, өнерлі болуға жол ашылады.

Әрбір сабақты қызықты өткізу ұстаздың бір еңбегі. Баладан жемісін көргің келсе, сабақтарыңыз табысты болсын!






Сауран ауданының білім бөлімі

«Әйтеке би атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-сі



Shape4

Шебер сынып



Shape5

«Сабақта табысқа жетудегі әдіс-тәсілдер»



Тақырыбы:







Сыныбы: 2 «Ә»

Орындаған: П.Турганбекова









2024-2025 оқу жылы





















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.10.2025
18
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі