
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы,
Алатау батыр ауылы
«Қазақстан» жалпы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі
Әбек Гүлжан
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі астарлы
ойды сыни көзқараспен талдау.
Мәшһүр ақын көпшіліктің берекесін алатын, жарастығын бұзатын озбырларға үнемі қарсы тұрып келіпті. Жан-жағын жұтып жіберердей алара қарайтын бай-шонжарлар,қысы-жазы ауыл маңы айғай-шу, бос дүрмек,оқу іздеп, өнер қуып жүрген бірде-бір жастарды көре алмаған ақын халыққа қарап:
Қазағым,өнер ізден, ұрлық-зорлық,
Қыласың бір-біріңе неге озбырлық?
Болғаннан алты ауызды ынтымақсыз,
Басыңа келген жоқ па талай қорлық?- деп ел ішінің ауыр жағдайын,береке бірлігі жоқ жүдеу қалпын ашына айтады. Ақын жиын-тойда бай-манаптарға кемшіліктерін тура айтып,бетіне басқан. Осындай мінезі үшін талай жапа шеккен.
Бұл туралы «Ғибратнама» өлеңінде де ашына отырып жазған. Ақынның көрегендігі болар өлеңмен өріп,ортасына кесірін тигізер екі жүзді адамдардың барын жеткізе білген. «Турасын айтып,туғанына жақпаған» деген осы болса керек.
Иә,шын мәнінде дәл қазіргі қоғамда да кездесер жағдай емес пе?
Менің ойымша, «Ғибратнама» өлеңіндегі бұлбұл мен қаршығаның айтысы қоғамдағы келеңсіз жағдайларды еске салғандай. Қазіргі қоғамдағы дерт,дау, жастарды теріс жолға салар діни экстремизм мәселесі.
Қаршыға теріс ағымда кетіп жатқан жастар іспеттес. Себебі, қазіргі таңда дін жолын толық ұқпай, қаражат үшін,ата-ана,бауырларын ұмытып,елін, жерін, дінінен, арынан безіп, адасып жатқан қатыгез жандар көп-ақ.
Ал, Мәшһүр Жүсіп Көпеев: Жаратқан бір құдайға жетер дәтім,
Зарлаған ұзақ түндер мінәжатым,
Бітпесе бір мұратым,кетсін,барсын,
Ғаламға дастан болған бұлбұл атым,- деп жырлағандай, бұлбұл мен қазақпын,қазақ болып өтемін деген намысты, қазақ жастары секілді
Қорыта айтқанда,бұлбұл сияқты тумысымыздан қазақ екенімізді ұмытпайық. «Артымыз қараңғы, алдымыз тұман» сияқты адасып, арбалып өмір сүргенше, «турасын айтып, туғанымызға жақпай-ақ» тура жолды таңдап, дұрыс өмір сүруді қолға алғанымыз жөн. Елімізде жігерлі де, намысты, алдында айқын мақсаты бар, қазақ деп соққан жұдырықтай иманды жүрегі бар, сауатты жастарды тәрбиелейік.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі астарлы ойды сыни көзқараспен талдау.
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі астарлы ойды сыни көзқараспен талдау.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы,
Алатау батыр ауылы
«Қазақстан» жалпы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі
Әбек Гүлжан
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі астарлы
ойды сыни көзқараспен талдау.
Мәшһүр ақын көпшіліктің берекесін алатын, жарастығын бұзатын озбырларға үнемі қарсы тұрып келіпті. Жан-жағын жұтып жіберердей алара қарайтын бай-шонжарлар,қысы-жазы ауыл маңы айғай-шу, бос дүрмек,оқу іздеп, өнер қуып жүрген бірде-бір жастарды көре алмаған ақын халыққа қарап:
Қазағым,өнер ізден, ұрлық-зорлық,
Қыласың бір-біріңе неге озбырлық?
Болғаннан алты ауызды ынтымақсыз,
Басыңа келген жоқ па талай қорлық?- деп ел ішінің ауыр жағдайын,береке бірлігі жоқ жүдеу қалпын ашына айтады. Ақын жиын-тойда бай-манаптарға кемшіліктерін тура айтып,бетіне басқан. Осындай мінезі үшін талай жапа шеккен.
Бұл туралы «Ғибратнама» өлеңінде де ашына отырып жазған. Ақынның көрегендігі болар өлеңмен өріп,ортасына кесірін тигізер екі жүзді адамдардың барын жеткізе білген. «Турасын айтып,туғанына жақпаған» деген осы болса керек.
Иә,шын мәнінде дәл қазіргі қоғамда да кездесер жағдай емес пе?
Менің ойымша, «Ғибратнама» өлеңіндегі бұлбұл мен қаршығаның айтысы қоғамдағы келеңсіз жағдайларды еске салғандай. Қазіргі қоғамдағы дерт,дау, жастарды теріс жолға салар діни экстремизм мәселесі.
Қаршыға теріс ағымда кетіп жатқан жастар іспеттес. Себебі, қазіргі таңда дін жолын толық ұқпай, қаражат үшін,ата-ана,бауырларын ұмытып,елін, жерін, дінінен, арынан безіп, адасып жатқан қатыгез жандар көп-ақ.
Ал, Мәшһүр Жүсіп Көпеев: Жаратқан бір құдайға жетер дәтім,
Зарлаған ұзақ түндер мінәжатым,
Бітпесе бір мұратым,кетсін,барсын,
Ғаламға дастан болған бұлбұл атым,- деп жырлағандай, бұлбұл мен қазақпын,қазақ болып өтемін деген намысты, қазақ жастары секілді
Қорыта айтқанда,бұлбұл сияқты тумысымыздан қазақ екенімізді ұмытпайық. «Артымыз қараңғы, алдымыз тұман» сияқты адасып, арбалып өмір сүргенше, «турасын айтып, туғанымызға жақпай-ақ» тура жолды таңдап, дұрыс өмір сүруді қолға алғанымыз жөн. Елімізде жігерлі де, намысты, алдында айқын мақсаты бар, қазақ деп соққан жұдырықтай иманды жүрегі бар, сауатты жастарды тәрбиелейік.
шағым қалдыра аласыз













