Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы – сегіз қырлы, бір сырлы дарын иесі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы – сегіз қырлы, бір сырлы дарын иесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Дүниедегі ең ұлы құдіретті сый – өмір. Әр адам дүниеге келгеннен кейін өз болмысына үңілері ақиқат. Менің ойымша, әр адам тағдырын өмірінің мұраты анықтайды. Мұраты биік адам, өмірін мазмұнды, мағыналы етеді. Сондықтан болар, ақын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы асқақ арманмен биік мұраттарды көксей отырып, өлеңдері арқылы өз өмірінің ғана емес, бүкіл қазақ халқының болмысын ашуға тырысады. Бұл жайында профессор Б.Кенжебаев былай деді: «Мәшһүр шығармаларында заман жайын айтады, қазақтың жаман мінездерін, би-болсыстарды сынайды».
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы – сегіз қырлы, бір сырлы дарын иесі


Дүниедегі ең ұлы құдіретті сый – өмір. Әр адам дүниеге келгеннен кейін өз болмысына үңілері ақиқат. Менің ойымша, әр адам тағдырын өмірінің мұраты анықтайды. Мұраты биік адам, өмірін мазмұнды, мағыналы етеді. Сондықтан болар, ақын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы асқақ арманмен биік мұраттарды көксей отырып, өлеңдері арқылы өз өмірінің ғана емес, бүкіл қазақ халқының болмысын ашуға тырысады. Бұл жайында профессор Б.Кенжебаев былай деді: «Мәшһүр шығармаларында заман жайын айтады, қазақтың жаман мінездерін, би-болсыстарды сынайды». Ал белгілі ақын Ә.Тәжібаев Мәшһүр Жүсіп Көпейұлын білмейтін қазақ зиялылары жоқ екендігін айта келіп, «әрі ақын, әрі ақылгөй жан» деп ақынға жоғары баға береді. Сондықтан Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы өлеңдері ұлт табиғатын, болмысын, таным-түсінігін, тарихын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, ұлт мәдениеті мен рухани қазынасын жан-жақты, әр қырынан танытатын көркем туындылар болып табылады.

Менің ойымша, ақын өлеңдерінде Отанға деген шексіз сүйіспеншілік, ұлттық таным, салт-дәстүр, ұлт танымындағы уақыт өлшемі мен діни дүниетаным көрініс тапқан. Өйткені ақын шығармалары сол ұлттың ойымен, санасымен, оның мәдениетімен және рухани өмірімен тығыз байланысты. Ақын:

Тiрлiк пен денсаулықта – баста бағым,
Онан соңғы дәулетім – тiл мен жағым.
Құдай берген он екi мүшелерім ,
Өз өнерім өзіме–алтын тағым-дей отыра, өзінің өлеңдері арқылы

кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге, тағылымды жырлар жазады. Сол арқылы білімді зерек адам болу үшін «әр адам өзіне сыншы болуы керек» деген ұстанымын алға тартады.

Біріншіден, ақын өлеңдерін оқи отырып, өзі айтатын тылсым буғандай әсерге еніп, таң қаларлық күй кешесің. Ойлар мен толғамдардың терең тұңғиығына сүңгіп, әсем суреттер дүниесіне енесің. Себебі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы әр түрлі аңдар, әр түрлі адамдар кейпінен хабар беріп, ишара тұжырым жасайды. Кісілердің мінезі, өмір ағысы, тағдыр сабағы, заман қабағына қатысты көптеген жайттарды жұмбақтап, тұспалдап жеткізеді. Сол арқылы кейінгі ұрпаққа ой салады. Өзі өмір сүрген заманға ақын көзімен қарауға мүмкіндік береді. Алуан-алуан ойға жетелейтін «Өтірік өлең», «Мысал аңыз үлгілері», «Алтын табақ», «Ит дүние» өлеңдерінде әлеуметтік-қоғамдық жағдайларды меңзейтін оқиғалар, адамдар психологиясымен сарындас әуездер, тағылымды, ғибратты тұжырымдар мол орын алған.

Екіншіден, толық, кемел адамның басты шарты – өз ортасына сыйлы болу. Себебі, адам дүниеге келе салып бірінші білім алмайды. Ол қоршаған ортасына бейімделеді, мінез қалыптастырады, әдет-әдепке ие болады. Тек содан кейін ғана зейіні ашылып, білім игереді. Бұған байланысты ойын ақын: Ғибрат ал атқан таң мен батқан күннен

Шықпассың адам болсаң, айтқан жөннен-деп сабақтайды. Осылайша, ақын тау туралы толғансын, не дархан даланың кеңдігін жырласын, тіпті көл, арайлап атқан таң, батқан күн, айды суреттесін, бірінші кезекте өзінің дүние түсінігі, ішкі жан-күйі тұрады. Сол арқылы айнала әлемді бірге толғандырып, бірге тебірентеді.

Үшіншіден, сырлы поэзияның қуатты күші ақынның көптеген өлеңдерінен байқалады. Тұтасымен алғанда, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы өлеңдері қазақтың сөз өнері үшін жаңа соны дүние. Мысалы:

Есті адам - қанағатты. Қанағатты адам тиянақты.
Тиянақты адам көнтерлі.
Көнтерлі адам қайғысыз.
Қайғысыз адам бақытты.
Ендеше есті адам бақытты болады-деп бақытты адамның анықтамасын

береді. Сөйтіп ақын өлеңдерін оқи отырып, оның түйсіну, қабылдау қабілетінің айрықша мол, әрқилы екенін аңғарасың, терең эстетикалық ләззат табасың.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтар болсақ, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармаларына үңілген сайын не суық, не жылы, әлде жарық, әлде көмескі сезімнен хабар беретін алуан бояудың сырларына қанығып, ақынның құдіретті шеберлігін танисың. Өзіңнің ішкі жан дүниеңе үңіліп, жауапсыз сұрақтардың шешімін табасың. Мына кең дүниеге ақын көзімен қарауға мүмкіндік аласың. Осылайша, ақын сөзі көбіне ойдың білінер-білінбес сыртқы қауызы ғана сияқты көрінеді де, кейін оның құдіретті шабытымен кестеленген түпкі мағына сурет болып санаңа еніп, сезіміңді қалай билеп алғанын білмей де қаласың.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.12.2024
169
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі