жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Математика
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
|
Сабақ тақырыбы: |
Әртүрлі есеп шығар Математикалық Наурыз |
Мектеп: |
|||
|
Күні : |
|
Мұғалімнің есімі: |
|||
|
СЫНЫП: 1-сынып |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||
|
Оқу мақсаты: |
екі амалды жақшалы және жақшасыз өрнектің мәнін табу дағдысын қалыптастырады; жақшасыз әріпті, санды өрнектерді салыстыру дағдысын бекітеді; таңдау әдісімен және қосу мен азайту амалдарының байланысы негізінде теңдеулерді шешу дағдысын қалыптастырады; айырмалық салыстыру дағдысын бекітеді. |
||||
|
Барлық оқушылар: Оқушылардың басым бөлігі: Кейбір оқушылар: |
|||||
|
Ресурстар: |
сыныптағы оқушы санына сәйкес даярланған қызыл, көк, сары және жасыл түсті киіз үй суреттері; қызыл, көк, сары, жасыл түсті қалың қатты қағаз парақтары; кілем аппликациясын жасауға арналған қазақ оюларының элементтері; әр топқа арналған желім; әр топқа қызыл, сары түсті қағаздан жасалған қызғалдақ. Қызғалдақтардың әр түсінен 10 дана болу керек; дастарқанның макеті және әр топқа қатты қағаздан жасалған төрт батырдың суреті; оқушылардың дұрыс жауабына берілетін бауырсақ түріндегі фишкалар; маркерлер. |
||||
|
Тірек сөздер |
Математикалық Наурыз |
||||
|
Сабақтың мақсаты: |
3-тоқсанда алған білімдерін жүйелейді және бекітеді. |
||||
|
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер |
||||
|
Жеребе бойынша топқа бөлініп болған соң оқу шыларға берілген тапсырмаларды топпен орындауды ұсыныңыз. Бұл тапсырманы “Кілем” деп атаңыз. Әр ауыл мерекеге арнап кілем тоқуы тиіс. Топтар ға қатты қағаздан ойылған қазақ оюларының бес элементін таратып беріңіз. Оюлардың екінші жағын да тақырыптарға байланысты тапсырмалар жазылады. Мысалы, бұл тапсырмалар санды өрнектердің мәнін табуға, шамаларды салыстыруға, теңдеуді шешуге берілуі мүмкін. Тапсырманың астында кілем тоқығанда сүйенетін жауап нұсқалары жазылады. Мысалы, “Өрнектердің мәнін тап: 14 – 8 + 3 = ?” тапсырмасы. Жауабы: а) 8 — оюды оң жақтағы жоғары бұрышқа жапсырыңдар; ә) 9 — оюды сол жақтағы жоғары бұрышқа жапсырыңдар; б) 10 — оюды оң жақтағы төменгі бұрышқа жапсырыңдар; в) 7 — оюды сол жақтағы төменгі бұрышқа жапсырыңдар; г) 6 — оюды ортаға жапсырыңдар. Тапсырманы ерте орындаған оқушылар тобы ойында жеңімпаз атанады. Жеңісі үшін әр топқа “бауырсақ” түріндегі фишкамен ұпайлар беріледі. Бәйге. “Бәйгені” бастаңыз. Бұйрық бойынша барлық топ бір уақытта тапсырманы орындауға көшеді. Әр топ тан тапсырманы қатесіз, басқалардан бұрын орындап бітетін бір оқушы шығуы мүмкін. Осы оқушы топқа қосымша ұпай әкеледі. Жауабы: а) 20 – 9 + 4 = 15; в) 16 – 4 + 7 = 19; ә) 12 + 3 – 4 = 11; г) 10 + 5 – 2 = 13; б) 2 + 8 + 5 = 15; ғ) 6 + 4 – 0 = 10. Арқан тарту. Екі “ауыл” арасында жарыс өткізіңіз. Ауыл жұптары санды өрнектерді және шамаларды салыстырады. Бірінші орындаған ауылдың оқушылар тобына ұпай беріледі. Жауабы: а) 5 + 12 > 18 – 3; ә) 19 – 9 < 17 + 2; б) 6 + 3 – 1 < 5 – 4 + 8; в) 10 – 2 + 2 > 15 + 0 – 7; г) 15 см + 4 см > 20 cм – 3 см; ғ) 5 кг +5 кг + 2 кг = 20 кг – 8 кг. |
Алтыбақан. Бұл тапсырманы оқушыларға жеке орындатыңыз. Теңдеуді сызбаға сүйеніп орындайды. Тапсырманы қатесіз бірінші болып орындаған оқушы өз тобына ұпай әкеледі. Жауабы: а) х + 7 = 19; ә) у – 16 = 4; х = 19 – 7; у = 16 + 4; х = 12. у = 20. Шығарып көр. Логикалық тапсырманы тәжірибе түрінде орындауды ұсыныңыз. Осы мақсатта оқу шылар топтарының әрқайсысына қағаздан жасал ған он сары және он қызыл гүлден таратып беріңіз. Осы гүлдерден тапсырманың шарты бойынша түрлі әдіспен гүлшоқ жинау керек. Жауабы: сарғалдақтың саны 2-ге артық. Орындап көр. Әр топтағы оқушыларға үстелдің макеті мен төрт батырдың үлгісін таратып беріңіз. Оқушылар батырларды тапсырмада берілгендей отырғызу керек. Бұл тапсырманы тәжірибе түрінде орындауды ұсыныңыз. Оқушы жауаптарының барлық нұсқасын тыңдаңыз. Жауабы: батырларды тіктөртбұрыш пішіндес үстелдің бұрыштарына отырғызу керек. Мерекелік кілем. Тапсырманы орындау барысын да оқушылар бірнеше амалмен берілген өрнектердің мәнін табады. Егер олар берілген тапсырманы дұрыс орындаса, кілемді тиісті түстермен бояп өрнектейді. Оқушыларды бағалаңыз. Теңдеуді шеш. Оқушылар ұсынылған теңдеулерді шешеді және өзара тексеру жүргізеді. Осыдан кейін олар киіз үйді жауаптарының кодымен сәйкестендіріп бояйтын болады. Жауабы: а) 4 сары; ә) 4 жасыл; б) 5 қызыл; в) 6 көк. |
||||
|
Бағалау |
Сабақ соңында ойын нәтижесін шығарыңыз. Оқушыларға “бауырсақ” түрінде жинаған ұпайларын санауды ұсыныңыз. Оларға жасаған жұмысы үшін алғыс айтыңыз. Сабаққа белсене қатысып, тобына ұпай жинауға атсалысқан оқушыларды марапат таңыз. Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындауды ұсыныңыз. |
||||
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
|
Сабақ тақырыбы: |
Күнделікті өмірдегі есептеулер Ақша. Теңге |
Мектеп: |
||||
|
Күні : |
|
Мұғалімнің есімі: |
||||
|
СЫНЫП: 1-сынып |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
|
Оқу мақсаты: |
1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 теңгелік монеталармен әртүрлі амалдар орындайды. Алған білімді оқушылар өмірде қолданады. |
|||||
|
Барлық оқушылар: Оқушылардың басым бөлігі: Кейбір оқушылар: |
||||||
|
Ресурстар: |
Ақша. Теңге. |
|||||
|
Тірек сөздер |
ақша; монета; теңге. |
|||||
|
Сабақтың мақсаты: |
Құны 1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг болатын монеталар;монеталар салынған әмиян. |
|||||
|
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер |
|||||
|
Кіріспе тапсырма. Ішінде теңге монеталары (1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг) бар сөмкені алып, монеталар дыбыс шығаратындай етіп сөмкені қозғап қағыңыз. Оқушылардан сөмкенің ішінде не бар екенін сұраңыз. Олардың жауаптарын тыңдаңыз. Ақшаның не үшін керегі туралы әр оқушының пікірін тыңдап, әңгіме жүргізіңіз. Олардан “сөмке ішінде қандай ақша жатқанын білгілерің келе ме?” деп сұраңыз.Оқушылардың әрқайсысына сөмкеден бір моне тадан алғызыңыз. Қолдарындағы монета бойынша топтарға бөлінуді сұраңыз. Оның себебін түсін діруді өтініңіз. Олардың монеталарды танитынын (танымайтынын) және олармен не істеуге болатынын сұраңыз. (Жауаптарын тыңдаңыз.) Оқушыларға өз топтарына “ақшаның” атын қойғызыңыз. Топтарға өз аттарын дауыстап айтқызып, қалғанына қандай монета тигенін тапқызыңыз. Қалған уақытта оларға осы монеталарымен не істеуге болатыны туралы айтқызыңыз. Монеталар. Тапсырманы орындау кезінде оқу шылар жұппен жұмыс жасаған кездегі білімдерін қолдануына болады және білімдерін қалған моне таларды салыстыруға берілген мысалдар бойынша кеңітеді. Оларға оқулықтағы монеталардың суретіне қарауды ұсыныңыз. Түсі, өлшемі мен пішіні жағынан монеталардың әртүрлі болатынын айтыңыз. Не себепті монеталардың түсін, өлшемін және пішінін әртүрлі етіп шығаратыны туралы оқушылардың болжамын тыңдаңыз. Ең кіші монета қайсы және онда қай сан жазылған? Ең үлкен монета қайсы? 1 мен 20 сандарын салыстыруды ұсыныңыз. Монеталардың арасындағы айырмашылықты өлшемі мен түсі арқылы қалай көрсетілгені туралы талдатыңыз. Олармен тәжірибе жүргізіңіз. Көздерін байлап, қолдарына алған қай монета екенін тапқызыңыз. Монеталарды салыстыр. Тапсырма қатар тұрған монеталардың құнын, түсін, өлшемін, пішінін салыс тыруға бағытталған. Берілген тапсырманы сынып тағы оқушылармен көрнекілік түрінде монеталарды көрсете отырып орындатыңыз. Оқулықта берілген монета түрлерін оқушыларға монеталардың ішінен тауып, оларды қатар қойып, салыстыруын ұсыныңыз. Оқушылардан не байқағанын сұраңыз. Оларға мынадай сұрақтар қойыңыз: |
— Барлық монеталар бірдей ме? (Жоқ, олар әртүрлі.) — Монеталарды қандай белгілері бойынша салыстыруға болады? (Түсіне, жасалған материалы на, өлшеміне және пішініне, монетадағы жазылған цифрына қарай.) — Қай монета өлшемі бойынша ең кіші? (1 теңгелік.) — Монеталарды қандай топтарға бөлуге бола ды? Қандай белгілері бойынша? (Түсі және жасалған материалы бойынша.) Әр монетаны көрсетіп талқылағаннан кейін оларды құнына қарай рет-ретімен қойып шығыңыз. Оқушылардан не байқағанын сұраңыз. 1 тг мен 10 тг, 5 тг мен 20 теңгелік монеталар дың көлеміне, ондағы жазылған цифрға, суретіне (оқушылар “монеталардың құны” деген түсінікпен келесі сабақта танысады, сондықтан “құны” сөзінің орнына монетадағы цифрлар сөзін қолданыңыз) назар аудартыңыз. Қай монетаға көп зат сатып алуға болатынын сұраңыз. Шығарып көр. Берілген тапсырма теңгелік моне таларды пайдаланып өрнек құрастыруға арналған. 7 теңге 6 теңгеден қаншаға артық және 7 теңге 8 теңгеден қаншаға кем екенін 1 теңгелік монеталар көмегімен мына үлгіні басшылыққа ала отырып орындатыңыз. Жауабы: ә) 3 тг + 1 тг + 4 тг = 8 тг; б) 4 тг + 1 тг + 1 тг = 6 тг; в) 2 тг + 3 тг + 2 тг = 7 тг. Орындап көр. Тапсырманы орындамас бұрын оқушылармен бірге жұп сандар туралы не білетін дерін қайталаңыз. Жұп сандарды монеталардың құнын көрсету үшін қолдана ма деп сұраңыз. Сон дай монеталарды табуды ұсыныңыз. 2 тг, 10 тг, 20 теңгенің жұп сандардан тұратынына назар аудар тыңыз. Ал жұп сандардың жартысын оның сандар қатарындағы орнына қарай анықтайтындарын естеріне түсіріңіз. Мысалы, 10 бесінші жұп сан, сондықтан оның жартысы 5, олай болса 10 тг-нің жартысы 5 тг болады т.с.с. Немесе оқушылар жауапты басқа тәсілмен де табуы мүмкін. Сен білесің бе? Теңгеміздің туған күні 15 қара ша екеніне оқушылардың назарын аудартыңыз. Теңгенің шығу тарихына қысқаша тоқталып кетіңіз. Әр мемлекеттің өз валютасы барын айтыңыз. Оқушылардың ол жайында не білетіні туралы сұраңыз. |
|||||
|
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру |
Қосымша тапсырмалар |
|||||
|
Тірек сөздер немесе сөз тіркестерін қолданып “Сөйлемді аяқта” ойынын ұйымдастырыңыз. Жүр гізушінің ақшаны не үшін қолданамыз деген сұрағына оқушылар жауап береді. Мысалы: — Азық-түлік сатып алу үшін бізге ... керек. (Ақша.) — Қымбат емес заттарды сатып алу үшін біз ... қолданамыз. (Монеталарды.) — Ресейдің ақшасы “рубль” деп аталады, ал Қазақстанның ақшасы “...” деп аталады. (Теңге.) |
Монеталарды тап. Оқушылар суреттен әртүрлі номиналды құндылықтағы монеталарды таба алады. Одан әрі олар әр номиналды құндылықтағы моне таларды санайды да, олардың санын сәйкес бос торкөздерге жазады. Монеталар. Теңгелерді өсу ретіне қарай сызық тармен байланыстырып қосады. Берілген заңдылықты сақтап, монеталарды орналастыр. Бірінші қатарда монеталар өсу, екінші қатарда кему ретімен орналасады. |
|||||
|
Бағалау |
Оқушылар сабақтың соңында: “ақша”, “монета” жайлы біледі; теңгелік монеталарды бір-бірінен ажыратып сипаттайды; ақшаның адам өміріндегі орнын түсініп, күнделікті өмірде қолдана алады. Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тексеру мақсатында сұрақтар қойыңыз: — Теңгелік монеталарды өсу ретімен ата (1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг). — Теңгелік монеталарды кему ретімен ата (20 тг, 10 тг, 2 тг, 5 тг, 1 тг). — 10 теңге мен 20 теңгені бірге алса, қанша ақша болады? — Қазақстан теңгелерін қандай белгілері бо йынша салыстыруға болады? Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо йынша өз-өздерін бағалатыңыз. |
|||||
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
|
Сабақ тақырыбы: |
Монеталар |
Мектеп: |
||||
|
Күні : |
|
Мұғалімнің есімі: |
||||
|
СЫНЫП: 1-сынып |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
|
Оқу мақсаты: |
1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг теңгелік монеталармен әртүрлі амалдар орындайды; қосу мен азайтуға берілген есептерге қатысты таңдаған амалдарын түсіндіреді. |
|||||
|
Барлық оқушылар: Оқушылардың басым бөлігі: Кейбір оқушылар: |
||||||
|
Ресурстар: |
теңгелік монеталар; монеталардың қатты қағаздан қиылған көшірмесі; 1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг монеталарының әрқай сысынан бірнеше дана. |
|||||
|
Тірек сөздер |
заттың құны. |
|||||
|
Сабақтың мақсаты: |
Теңгелік монеталардың құнын түсіну, бір-бірімен салыстыру арқылы қымбат монетаны арзан монетадан ажырата білу. Монеталарды құны бойынша салыс тыруға үйрету. |
|||||
|
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер |
|||||
|
Ақшаның металдан жасалған түрі капиталдың қор лануы кезеңінде пайда болды, яғни ақшаның рөлін алтын мен күміске теңестірді және қазына әлемдік ақша ретінде танылды. Лидия мемлекеті монетаның отаны есептеледі. Онда монета алғаш рет б.з.д. VII ғасырда шыққан. Ал монета термині Юнон-Монета храмы атымен байланысты, себебі Көне Римде алғашқы монета сарайы болған.Металл ақшаларға мыс, күміс және алтын нан жасалған монеталар жатады. Металл ақша лар әртүрлі пішінде болған. Монета түріндегісі олардың соңғысы. Монетаның бет жағы аверс, артқы жағы реверс және бүйірі гурт деп аталады. “Монеталар пойызы” ойынын ойнатыңыз. Әр топқа құндары әртүрлі бес монетаны алуды тапсырыңыз. (Мысалы: 1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг, 50 тг.) конверттер таратып беріңіз. Оқушыларға теңгелерді құнының кему ретімен конверттердің ішіне салуды ұсыныңыз. (Топтардың арасында тексеру жұмысын жүргізіңіз, дұрыс орналастыра алмаған оқушыларға жеке түсіндіріңіз.) Одан кейін теңгелерді вагондарға құны бойынша кему ретімен орналастыруын сұраңыз, кему ретімен санатыңыз. (20 тг, 10тг, 5тг, 2 тг, 1 тг.) Ең соңғы вагондағы, яғни 1 теңгелік монета құны бойынша ең кішісі деген қорытынды жасатыңыз. Оларға мынадай сұрақтар қойыңыз: 5 тг мен 20 тг орналасқан вагонның ортасында қандай монета орналасқан? (10 теңгелік монета.) Құны 5 теңгелік монетаның екі жағында неше теңгелік монеталар бар? (2 теңгелік және 10 теңгелік монеталар.) 1 тг мен 10 тг орналасқан вагондардың орта-сында қандай монеталар бар? (2 теңгелік және 5 теңгелік монеталар.) Cұрақтар арқылы талдау жүргізген соң мынадай қорытынды жасатыңыз: “кіші монета ның құны — төмен, а л үлкен монетаның құны жоғары болады”. |
Ә Жауабы: 5 тг < 10 тг; 10 тг + 10 тг = 20 тг, өйткені 20 тг = 20 тг; 1 тг + 1 тг + 1 тг + 1 тг + 1 тг < 2 тг + 2 тг + 2 тг + + 2 тг + 2 тг, өйткені 5 тг < 10 тг.
Қанша монета?
“ Жауабы: 2 теңгелік бес монетаның құны 10 тг; 10 теңгелік екі монетаның құны 20 тг; 5 теңгелік 4 монетаның құны 20 тг.
Орындап көр. Берілген тапсырманы орындау үшін иллюстрацияны қарап, заңдылықты анықтатыңыз: бірінші қатардағы монеталар өсу, ал екінші қатар дағылары кему ретімен орналасқан. Оқушылар қатардағы заңдылықтың бұзылуын тауып, монеталардыдұрыс заңдылықпен орналастыруы керек. |
|||||
|
| ||||||



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген